ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте 28 миллионнан астам қаржыға 20 жоба жүзеге асқан

0
954

Бәйдібекте «Алтын ұям» жобасы жүзеге асып, мектептердің материалдық-техникалық базалары нығайтылып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте 28 миллионнан астам қаржыға 20 жоба жүзеге асқан

Бәйдібектік түлектер бір жыл ішінде 28 млн. 035 мың теңгені құрайтын 20 жобаны іске асырған - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бәйдібек ауданында «Алтын ұям» жобасы жүзеге асуда. Онда өңірдегі мектеп бітірген түлектер өздері оқыған білім ұяларының материалдық-техникалық базасын жақсартып отырады. Бұл бағытта аудандағы білім беру мекемелерінен түлеп ұшқан азаматтар 2018 жылы құны 28 млн. 035 мың теңгені құрайтын 20 жоба іске асырған.
Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Жанғазиев қатысты. Ол Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Бәйдібек ауданында өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша кең көлемде мәлімет берді.