ТҮРКІСТАН: Құтқарушылар тауда жоғалған жеті жігіттің үшеуін тапты

0
2 918

Қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғастырылуда.


ТҮРКІСТАН: Құтқарушылар тауда жоғалған жеті жігіттің үшеуін тапты

Сайрам-Өгем шатқалында жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Қазавиақұтқару тікұшағымен әуеден барлау барысында Сайрам-Өгем шатқалында жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды. Олардың хал-жағдайы жақсы. Қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғастырылуда. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының психологтары жоғалған жігіттердің туыстарына психологиялық көмек көрсетуде.

Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалған адамдардың туыстары, сондай-ақ Қазавиақұтқарудың екі тікшағы жұмылдырылды.

Айта кетейік, бұған дейін Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлаған едік. Бұл хабарлама 112 пультіне 2021 жылғы 25 мамыр күні сағат 18:30-да келіп түскен. 21 мамырда туристер «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек болған.