ТҮРКІСТАН: Жоғалып кеткен 7 жігіттің екеуін әлі іздеп жатыр

0
705

Осы күндері мемлекеттік парк аумағындағы 40 000 гектар жер жаяу тексерілді.


ТҮРКІСТАН:  Жоғалып кеткен 7 жігіттің екеуін әлі іздеп жатыр

Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен екі туристі іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Бесінші тәулік қатарынан алты бағытқа бөлініп, құтқару жасақтары бір метр сайын Өгем тау өзені шатқалдары мен жағасын тексеріп жатыр. Олар тауда түнейді. Осы күндері мемлекеттік парк аумағындағы 40 000 гектар жер жаяу тексерілді. Тікұшақ бүкіл Сайрам-Өгем мемлекеттік паркін айналып өтті - 149 000 гектар", - деді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, полицейлер, құтқарушылар, шекарашылар, парк қызметкерлері жоғалып кеткен екі туристі табу үмітімен іздеуді бір минутқа да тоқтатқан жоқ, деді полиция өкілі.

Еске салайық, 27 мамырда Түркістан облысы тауларында жеті турист жоғалып кеткен болатын. Назарбаев университетінің баспасөз қызметі жоғалып кеткен саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шығып кеткен.

Кейін жоғалып кеткен жеті жігіттің үшеуі табылғаны хабарланды. Олар екі топқа бөлінген. 29 мамырда ТЖМ ресми өкілі Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің мәйіті табылғанын мәлім етті. Тағы екі жігітті іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.