ТҮРКІСТАН: Сайрам-Өгем шатқалынан тағы бір туристің мәйіті табылды (видео)

0
808

2004 жылы туған жігіттің денесін әкесі таныды.


ТҮРКІСТАН: Сайрам-Өгем шатқалынан тағы бір туристің мәйіті табылды (видео)

Түркістан облысының Мақпалсай шатқалынан бір адамның мәйіті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылдың 12 маусымында Өгем өзені көпірінің сол жағынан Азартеке жотасына дейінгі бағыттағы зерттеулер барысында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Түркістан облысының Мақпалсай шатқалынан бір адамның мәйітін тапты. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.


Шатқал теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан. Таулы рельефтің, жартасты беткейлердің көптігінен денені тікұшақпен тасымалдау мүмкін болмады. РЖҚЖ құтқарушылары Өгем өзені арқылы өтетін өткелді (ағыс жылдамдығы секундына 20 метр) жаяу жүріп, мәйітке қарай жылжыды. РЖҚТ қызметкерлері мәйітті әуе кемесіне дейін жаяу көтеріп арарып, жүкшығырдың көмегімен әуе кемесіне көтерді. Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды.


Алдын-ала мәліметтер бойынша табылған мәйіт 2004 жылы туған жігіттікі екендігі анықталды. Жоғалған жігіттің әкесі өз ұлының денесін таныған.


Айта кетейік, іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ және полиция департаменттерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, орман шаруашылығының, Өзбекстан Республикасы ТЖМ 127 қызметкері, 15 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 3 кинологиялық есеп, 1 тікұшақ және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізілуде.


Еске сала кетсек, бұған дейін жоғалған үш турист табылып, құтқарылса, екі туристің денелері табылған болатын. Іздеу жұмыстары ертең де жалғасатын болады.