​Түркістан облысында ҰБТ-дан 5000-ға жуық түлек 100 ұпайдан жоғары жинады

0
1 488

Тестілеудің қорытындысы бойынша – 20508 оқушы ҰБТ тапсырса, ең жоғары 138 балды 3 оқушы, 137 балды 5 оқушы, 136 балды 9 оқушы жинаған.Бұл туралы облыстық білім басқармасы мәлімдеді.


​Түркістан облысында ҰБТ-дан 5000-ға жуық түлек 100 ұпайдан жоғары жинады

ERNUR.KZ. Түркістан облысында бес күн ҰБТ тапсырған түлектер біліміне сай ұпайларын жинады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тестілеудің қорытындысы бойынша – 20508 оқушы ҰБТ тапсырса, ең жоғары 138 балды 3 оқушы, 137 балды 5 оқушы, 136 балды 9 оқушы жинаған.Бұл туралы облыстық білім басқармасы мәлімдеді.

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, 4843 түлек 100 балдан жоғары жинаған. Жалпы тестілеудің қорытындысымен облыстың орта балы – 79,4 балды құрап отыр.

Бұдан бөлек, ҰБТ ережесін бұзғаны үшін 4 оқушы аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижесі жойылды дейді ведомства өкілдіктері.

Тестілеуге кіргізу кезінде ҰБТ қағида талаптарының бұзылуы орын алған жоқ, барлық бітірушілер арнайы рамалы металіздегіштер арқылы өткізіліп, ұялы телефондары алынған.

Айта кетейік, облыс бойынша 2017-2018 оқу жылында 11 сыныпты 33765 оқушы бітірсе, оның ішінде 22417-сі ҰБТ тапсыруға өтініш берген.