ТҮРКІСТАН: ​Сайрам ауданында медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігі артады

0
1 874


ТҮРКІСТАН: ​Сайрам ауданында медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігі артады

Аудандық саяси кеңес мүшелері Ғалым Медеуов пен аудандық мәслихат депутаттығынан үміткер Нұрали Ирсалиев аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесудің мақсаты - «Nur Оtan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру, медицина қызметкерлерінің талап-тілектерін тыңдау, пікір алмасу.

- Бағдарлама аясында медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділікті арттыру жоспарланып отыр. Ол үшін «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық орталық ауруханасын қажетті медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге, IV санаттағы жедел жәрдем бригадасына 5 санитарлық автокөліктер сатып алуға, жыл сайын 230 медициналық қызметкердің біліктілігін арттыруға, тұрғындарды (жыл сайын 70 мыңнан астам адам) скринингтен уақтылы өткізуге, Қарасу ауылдық округі, Жаңақұрылыс ауылындағы 2021 жылы 1 медициналық пункттің құрылысына ықпал ету жоспарланған.

Сондай-ақ, 2022 жылы аудан орталығы Ақсу ауылында ауысымында 250 адам қабылдайтын аудандық емхананың құрылысына, 2023 жылы қуаттылығы 100-150 адам қабылдайтын бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша 2 орталықтың (Қарасу, Манкент ауылдары) құрылысына, 2023 жылы аудан орталығында (Ақсу ауылы) 50 жатын орындық жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысына, 2024 жылы 50 адам қабылдайтын 2 дәрігерлік амбулаторияның (Аққала, Ақбастау елді мекендері ) құрылысына, 2025 жылы 50 адам қабылдайтын 2 дәрігерлік амбулаторияның (Әсіларық, Ақбай елді мекендері) құрылысына ықпал ету көзделіп отыр.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясына қарсы санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды ұйымдастыруға және денсаулық сақтау мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, жеке қорғаныс құралдарымен, дезинфекциялық және залалсыздандыру ерітінділерімен толық қамтамасыз етуге қолдау білдіретін болады, - деді олар.


Кездесу соңында, аурухана қызметкерлері өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Медицниа қызметкерлерін қуантқаны - 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өсетіні болып отыр.
«Nur Оtan» партиясы Түркістан облысы Сайрам ауданының Сайлауалды қорының қаражатынан төленді