ТҮРКІСТАН: Жетісайлық оқушы құрдасының басына пышақ сұғып алған

0
1 137

Пышақ жарақаты шамамен 7 сантиметрді құраған.


ТҮРКІСТАН: Жетісайлық оқушы құрдасының басына пышақ сұғып алған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Жетісай ауданында араздасқан оқушылардың бірі екінші бір оқушының басына пышақ сұққан, деп хабарлайды ERNUR.KZ nur.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл оқиға Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Жетісай ауылында орын алған. Екі түрлі мектептің оныншы сынып оқушылары арасында жанжал туындап, олардың біреуі екіншісінің басына пышақ сұғып алған. Аталған ақпаратқа сүйенсек, зардап шегуші ауыр хәлде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер оны құтқаруға тырысып жатыр.

Белгілі болғандай, жасөспірімнің басындағы пышақ жарақаты шамамен 7 сантиметрді құраған.

"Аталған факт Жетісай аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция күдіктіні анықтап, қамауға алды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда", – делінген Түркістан облыстық полиция департаментінің мәлімдемесінде.