Түркістандық боксшылар Азия чемпионатынан 7 медаль еншіледі

0
764

Қыздар арасында да облыс арулары мықтылық танытты.


Түркістандық боксшылар Азия чемпионатынан 7 медаль еншіледі

Түркістандық боксшылар Азия чемпионатынан 7 медальмен оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Иорданияның Амман қаласында жастар мен жасөспірімдер, арасында кезекті Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстанның былғары қолғап шеберлері табысты өнер көрсетіп, 44 медаль жеңіп алды. Атап айтсақ, қоржынға 13 алтын, 14 күміс және 17 қола жүлде түсті. Бұл сында Түркістан облысының өрендері де жасындай жарқырап, ортақ жеңіске үлес қосты. Түркістандық өрендер 3 алтын, 3 күміс және 1 қола олжалады.


Атап өтсек, 57 келі салмақта сынға түскен Сабырхан Төрехан жасөспірімдер арасында қарсыластарын тізе бүктіріп, жеңімпаз атанды. Ол финалда өзбекстандық қарсыласын мерзімінен бұрын айқын басымдықпен тізе бүктірді. 63 келі салмақта сынға түскен түркістандық батыр Үсен Ахмет те жасөспірім боксшылар арасында топ жарды. 57 келі салмақта жұдырықтасқан Бахтияр Анарбаев жастар арасында қола жүлдеге ие болды.


Қыздар арасында да Түркістан облысының арулары мықтылық танытты. Жастар арасындағы қыздар бәсекесінде Ұлжан Сәрсенбек чемпион болды.Гаухар Шайбекова мен Айда Сарибарова жәнеШұғыла Нəлібай күміс жүлдемен оралды.Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің 4-еуі Түркістан облыстық №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары екенін де айта кеткен жөн.