Балықтан ерекше котлет мәзірі

0
1 922


Балықтан ерекше котлет мәзірі


Қажетті қоспалар:

  • 500 гр. балық
  • 75 гр. болгар бұрышы
  • 1 дана пияз
  • 1-2 дана сәбіз
  • 1 дана жұмыртқа
  • 50 гр. қаймақ
  • 200 гр. ақ нан
  • 3 тал ақжелкен
  • 2 шым-шым қара бұрыш
  • 2 шым-шым хош иісті жаңғақ дәмдеуіші
  • Дәміне қарай тұз
  • 40 мл өсімдік майы.


Дайындалу тәсілі:

  1. Балық еті мен болгар бұрышын, аскөкті тазалап жуып, кептіріп қоямыз.
  2. Көкөністер мен аскөкті ірілеп тураймыз. Балықты да ірі етіп турау керек. Содан соң балық пен көкөністерді еттартқыштан өткізіп аламыз.
  3. Осы фаршқа енді жұмыртқа, қаймақ, тұз, хош иісті жаңғақ дәмдеуіші мен ұнтақталған қара бұрышты қосып, жақсылап араластырамыз.
  4. Ақ нанды блендермен ұнтақтап оны да фаршқа қосып, араластыру керек.
  5. Егер фарш сұйықтау болса, тағы да нан қосуға болады.
  6. Балық қосылған фаршты 10-15 минут тоңазытқышқа сала тұрамыз.
  7. Осы уақыт өткеннен кейін фарштан котлеттер жасап, ұнтақ нанға аунатамыз.
  8. Табаға 3-4 ас қасық май құйып, котлеттерді салып, қуырып ала береміз. Екі бетін 5 минуттан қызарғанша қуырып, табаның қақпағын жауып, 10-15 минут буда пісіреміз.
  9. Дайын котлеттерді кез-келген гарнирмен ұсынуға болады.
  10. Астарыңыз дәмді болсын!

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қысқа арнап ЖЕҢІЛ де ДӘМДІ салат жауып алыңыз


Таңғы асқа лаваштан дәмді тағам дайындаңыз