Түрікше СИМИТТІ үйде өзіңіз-ақ жасай аласыз

0
3 108

СИМИТ - түрік асханасының классикалық пісірмелерінің бірі. Оны жасау да, жеу де тез.


Түрікше СИМИТТІ үйде өзіңіз-ақ жасай аласыз

Бөлішкенің қамыры қатты боп қалмауы керек. Қамырды барынша жұмсақ етіп илеген дұрыс. Ал, қамырды сүтке де, сүт пен су аралапасына да илеуге болады. Сонымен қатар, кейбір қыз-келіншектер сары май немесе өсімдік майының қайсысын қосу керектігін білмей жатады. Жалпы, аспаздардың айтуынша екі майдан да әдемі қамыр шығады екен.


Ірімшік пен сүт қосылған бөлішке

Қажетті қоспалар:

  • 200 гр. қатты ірімшік,
  • 2 дана жұмыртқа
  • 2 дана жұмыртқаның сары уызы
  • 200 мл сүт, 200 мл су
  • 2 ас қасық қант
  • 1,5 шай қасық тұз, 25 гр. ашытқы
  • 6 стақан ұн, 3 ас қасық мак
  • 0,5 стақан өсімдік майы, 50 гр. сары май.

Дайындалу тәсілі:

  1. Су мен сүтті жылытып, ірімшікті үккіштен өткізіп аламыз. 2 ас қасық сүтті құйып алып, бөлішкенің ебтіне жағуға алып қаламыз.
  2. Суға ашытқыны салып, сүтті қосып, қант, ұн салып, араластырамыз да, бір шетке қойып қоямыз.
  3. Екі дана жұмыртқаны өсімдік майымен араластырып, ашытқы салынған араласпаға қосамыз. Дәміне қарай тұз қосып, ұн салып, жұмсақ қамыр илейміз. Осылайша иленген қамырды 1 сағатқа жылы орап ашығанын күтеміз.
  4. Ашыған қамырды екі бөлікке бөліп, енді әрқайсысын кішкентай бөліктерге бөліп шығамыз. Қамырларды домалақтап, бетіне 1 түйір сары майдан қойып шығып, қолымызбен жаямыз. Жайылған қамырдың арасына ірімшікті салып, орама жасаймыз. Оралған қамырдың екі басын бір-бірімен біріктіріп, түріктің бөлішкесіндей формаға келтіреміз.
  5. Формаға пергамент қағазын салып, бөлішкелерді орналастырамыз. 15 минут бөлішкелердің көтерілгенін күтіп, бетіне сүт пен сары уыз араласпасын жағамыз да, кейіннен 180 градусқа қыздырылған пеште бөлішкелерді пісіріп аламыз. Бірақ та бөлішкелердің бетіне күнжіт себуді ұмытпаңыз. Содан кейін ғана пешке салыңыз.


Тәтті бөлішке мәзірі


Қажетті қоспалар:

  • 200 гр. су немесе сүт
  • 2 дана жұмыртқа
  • 1 ас қасық қант
  • 1 ас қасық тұз
  • 100 гр. сары май
  • 300-400 гр. ұн

Дайындалу тәсілі:

  1. Кішкентай кесеге аздап су немесе сүтті құйып, 1 ас қасық қант пен ашытқыны салып, жылы жерге бетін жауып қойып қоямыз. Ашытқы көтерілгенше күтеміз.
  2. Басқа табаққа жұмыртқа, 1 ас қасық қант, 1 ас қасық тұз, ерітілген сары май мен жылы сүтті араластырамыз. Осы араласпаға көпіршіген ашытқыны қосамыз.
  3. Енді ұнды електен өткізіп, оны да саламыз да, жұмсақ қамыр илейміз.
  4. Иленген қамырдың бетіне өсімдік майын жағып, жылы орап қою керек.
  5. Қамыр ашыған соң өзіңіз қалағандай формада бөлішкелерді түйіп, бетіне жұмыртқаның сары уызын жағып, 180-200 градусқа дейін қыздырылған пеште пісіріп ала береміз.
  6. Егер бөлішкенің тәтті болғанын қаласаңыз, қантты көбірек салуға болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Таңғы асқа ӨТЕ дәмді ПАНКЕЙК ӘЗІРЛЕҢІЗ


ЖАҢА жылға жаңаша КӘУАП әзірлеңіз!