Түрік аспазы ұсынған ерекше кәуап мәзірі!
Жаңа жылда аулада кәуап пісіру қиындау болады. Себебі күн суық, дала аппақ қар. Бірақ осылай екен деп көңіл-күйді түсіруге болмайды. Ебін тауып, жаңа жылда кәуапты да пісіруге болады. Мына рецептті түрік аспазы ұсынған екен. Сіз де үйреніп алыңыз.
Қажетті өнімдер:
- 300 гр. ұн
- 1 шай қасық ас содасы
- 120 мл су
- 60 гр. сары май
- 200 гр. тауық еті
- 50 гр. пияз
- Тұз бен дәмдеуіштер
- 20 мл өсімдік майы
- 1 дана маринадталған қияр
- 1 дана кішірек қызанақ
Дайындалу тәсілі:
- Ең алдымен қамыр илеп алу керек. Ол үшін табаққа ұнды, тұз бен суды құйып, араластырамыз. Иленген қамырды 30 минут пленкаға салып қоямыз.
- Тауық етін ірілеп турап, пиязды майдалап тураймыз.
- Тұз сеуіп, бұрыш, паприка қосамыз. Барлығын, жақсылап араластырып, 20 минуттай маринадтаймыз.
- Енді қамырды бірнеше бөлікке бөліп, әрқайсысын жаямыз. Тауық етін ағаш шпажкаларға тізіп шығыңыз. Содан соң жайылған қамырдың үстіне тмаринадталған қиярды турап бірнешеуін салыңыз. Содан кейін ғана шпажкаға тізілген тауықты қойып, қамырды сыртынан ораймыз. Оның сыртына үккіштен өткізілген ірімшікті себелеуге болады.
- Осылайша дайындалған кәуапты 180 градусқа қыздырылған пеште 30 минуттай ұстаймыз. Сонда өте ерекше әдіспен дайындалған кәуаптар да пісіп шығады.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
1 стақан фарштан 1 тәрелке котлет пісіріп алыңыз