10 келіге арықтауға көмектесетін ЕКІ ТҮРЛІ салат мәзірі

0
3 674

Бұл салаттар салмағыңыздың азаюына септігін тигізеді.


10 келіге арықтауға көмектесетін ЕКІ ТҮРЛІ салат мәзірі

Бір апталық немесе бір айлық диетадан соң қалыпты тамақтануға ауысқаннан кейін де қайта салмақ қосып алмаудың алдын алу қажет екені белгілі. Осындайда өте тойымды әрі дәруменге бай салаттар Сізге диетаның жеңіл өтуіне көмектеседі. Ары қарай да арықтауға құлшыныс пайда болып, қарныңыздың ашқанын байқамайтын боласыз. Жұмыртқа қосылған екі түрлі диеталық салат мәзірін пайдаңызға жаратыңыз!


1-ші мәзір

Қажетті қоспалар:

  • 1 дана жұмыртқа
  • 150 гр. тауық еті
  • 4 дана черри қызанағы
  • 2 дана салат жапырағы
  • 2 ас қасық майсыз айран
  • 1 тіс сарымсақ
  • Қалауыңызға қарай бұрыштар қосуға болады.


Дайындалу тәсілі:

  1. Қайнатылған тауық етін орташа көлемде турап, жұмыртқаны шамамен 8-10 бөлікке бөліңіз. Салат жапырағын тазалап жуып, қолмен бөліңіз.
  2. Черри қызанағының әрбірін 4 бөлікке бөлу керек. Осы дайындалған қоспалардың барлығын бір табаққа салып, араластыру керек. Майдаланған сарымсақ пен айранды араластырып, кейін табаққа құясыз. Сосын барлығын жақслыап араластырып, жей беруге болады.


2-ші мәзір

Қажетті өнімдер:

  • 1 бума саумалдық
  • 40 гр. балдыркөк
  • 1 дана үлкенірек қияр
  • 50 гр. консервіленген лобия
  • 1 дана жұмыртқа
  • Майсыз айран немесе ряженка.


Дайындалу тәсілі:

  1. Балдыркөк пен саумалдықты майдалап тураймыз.
  2. Ал, қияр мен қайнатылған жұмыртқаны ірілеп турау керек.
  3. Барлық қоспаларды араластырып, айранды құямыз.
  4. Салатқа лажы барынша тұз қоспауға тырысыңыз. Осындай салатты кешкі асқа дайындап жесеңіз, салмағыңыз төмендей береді.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ЖАҢА ДИЕТА: АЙРАНМЕН әр күні 1 келі САЛМАҚ тастайсыз!


Ұзақ уақыт бойы қарынның ашуына жол бермейтін 6 сусын