113-тен 58 келіге дейін салмақ тастаған қазақ келіншегінің кеңесі

1
30 078

113 кг салмақтан 58 келіге дейін арықтаған біздің бүгінгі кейіпкеріміз Назгүл Бисенбаеваның ұсынған арықтау формуласымен таныс болыңыз.


113-тен 58 келіге дейін салмақ тастаған қазақ келіншегінің кеңесі

113 кг салмақтан 58 келіге дейін арықтаған біздің бүгінгі кейіпкеріміз Назгүл Бисенбаеваның ұсынған арықтау формуласымен таныс болыңыз. Әрине, ол мұндай нәтижеге оңайлықпен қол жеткізген жоқ. «Дегенмен, әр адам алдына мақсат қоя білсе, сол мақсатына міндетті түрде жетеді», - дейді бүгінде осы мәселе мазалаған адамдарға қол ұшын созып жүрген диетолог Назгүл Шотыбайқызы.

Назгүл Бисенбаева Атырау облысы, Құлсары қаласының тумасы. Қарапайым ғана отбасынан шыққан, қазіргі уақытта үш баланың аяулы анасы. Дұрыс тамақтанудың арқасында 58 келіге жетіп отыр. Егер сіз де осындай нәтижеге жетіп, мүсініңіздің сымдай тартылғанын қаласаңыз, төмендегі формула бойынша әрекет етіңіз.

Қазіргі қоғамда артық салмақпен күресіп жүргендер саны өте көп. Күн санап артып жатқанын да білесіздер. Сол секілді сіз де семіздіктен арыла алмай, күндеріңіз көңілсіз өтіп жатқан болса, Назгүл Шотыбайқызы білгір диетологтардың ұсынған мына формуласымен жұмыс істеу керектігін айтады:

1. Алдымен алға мақсат қойыңыз. (Мәселен: шілде айының 12-не дейін 10 келі салмақ тастаймын)
2. Арықтауды бүгіннен бастаңыз! (Ертеңге қалдыратын болсаңыз сіз ешқашан мақсатыңызға жетпейсіз)
3. Енді дене салмағының индексін есептеңіз. Алдымен бойыңызды өлшеп алыңыз. Бойыңызға 3 санын қосқанда сіздің ең үлкен салмағыңыз шығады. Мысалы: 165 см + 3 = 168 шығады. Осы шыққан санның соңғы екі саны сіздің ең үлкен салмағыңыз болуы керек. Енді осы саннан 14 кг алып тастайсыз. Яғни 68 – 14 = 54 кг. Міне, бұл сіздің ең кіші салмағыңыз болады. Арықтаған уақытта салмағыңыз 68 * 54 кг аралығында болуы керек.
4. Тағамның құнарлылығын да өлшеп алуды үйреніңіз! Ол үшін мынадай формуланы орындауыңыз керек:
655 + (6,9х84 (өз салмағыңыз)) + (1,8 х 165 (бойыңыз)) – (4,7 х 38 (жасыңыз)) = 1348 +1,2 (қозғалыс жылдамдығы) = 1617,6. Бұл сіздің осы қалыпты сақтап қалуға арналған тағам құнарлылығы.
Ал, артық салмақтан арылу үшін осы шыққан саннан 20 пайызды алып тастайсыз. Сонда Сіздің бір тәулікке қажетті тағам калориясы шығады.
1617,6 – 20% = 1294 ккал = 250 гр. тағамға тең.
5. Енді тағамның тізімін жасайсыз. Майлы, қуырылған тағамдардан бас тартып, жоғарыда келтірілген тағамның құнарлылы бойынша ас мәзірін дайындайсыз.
6. Су ішу мөлшері. 84 (өз салмағыңыз) х 30 = 2520 мл. Бір күнде осынша көлемде су ішу керек. Тамақтан 20 минут бұрын 1 стақан су ішуді әдетке айналдырыңыз. Ал, тамақтанғаннан кейін 40 минуттан соң су ішкен дұрыс.
Назгүл Бисенбаева 8 ай бойы осы формуламен жұмыс жасап, дұрыс тамақтанып таңқаларлықтай нәтижеге жетіп отыр. Қазіргі уақытта өзін ханшайымдай сезінеді. «113 келі салмақпен жүрген кезімде өмір мен үшін сүреңсіз, қызықсыз болатын. Ал, дәл қазіргі уақытта мен өте бақыттымын. Жолдасымның да көзқарасы әлдеқайда өзгерген. Әрбір әйелдің осындай бақытқа жеткенін қалаймын. Сондықтан да мен сіздерге әрқашан көмек беруге дайынмын», - дейді ол.

Иә, қымбатты оқырман, әрбір мәселеге бетпе-бет келу, онымен күресу тек сіздің қолыңыздан ғана келеді. Ешкім сіз үшін семіздікпен күреспейді. Барлығы да өз қолыңызда. Тек жоғарыда келтірілген формуланы дұрыс есептеп, күнделікті сол бойынша жұмыс жасасаңыз болғаны.
Құрманкүл Өмірзаққызы,
ERNUR.KZ