​13 күнде арықтағыңыз келе ме? Жаңа жылға «жаңа» фигурамен

0
5 761

Тез арықтау үшін біраз тағамдардан бас тартуға тура келеді. Әсіресе тәтті кәмпиттер, ұннан жасалған күлшелер, торттар, майлы, ащы тағамдар, алкоголді ішімдіктерді ас мәзірінен мүлде алып тастау керек.


​13 күнде арықтағыңыз келе ме? Жаңа жылға «жаңа» фигурамен

фото: danutemilvydiene1.100kursov.com

Жаңа жылға аяқ басуымызға санаулы күндер қалды. 13 күннен соң Жаңа 2019 жыл да есігін қағады. Ал, сіз бұл күнге дайынсыз ба? Фигураңызды жаңа жылдық кешке «сайладыңыз ба?» Егер де «жоқ» деп іштей өз-өзіңізге ренжіп отырған болсаңыз, әлі де кеш емес екенін ұмытпаңыз. 13 күн ішінде сымбатыңызды сымдай тартпасаңыз да, әжептеуір ретке келтіре аласыз. Ендеше, «ұрыста тұрыс жоқ».

Тағы да оқыңыз:

ЕЛЕНА МАЛЫШЕВА ұсынған ЖАҢА жылдық диета

Тез арықтау үшін біраз тағамдардан бас тартуға тура келеді. Әсіресе тәтті кәмпиттер, ұннан жасалған күлшелер, торттар, майлы, ащы тағамдар, алкоголді ішімдіктерді ас мәзірінен мүлде алып тастау керек. Оның орнына көп мөлшерде сұйықтық ішіп, күніне 2 литр таза су ішуге әдеттенген дұрыс.

Көбінесе салмақты тез тастауға көмектесетін диеталардан кейін, оның орнын толтырып алу да тез деп жатады. Алайда мұның бәрі арықтаймын деп мақсат қойған адамның өзіне байланысты. Егер де мейрам кезінде де диетаны сақтай білсеңіз, сонымен қатар, одан кейінгі уақыттарда да дәл солай тамақтансаңыз, ешбір салмақ қоспайсыз. Керісінше мүсініңіздің өзгергеніне таңданып, жігерлене түсесіз. Тек мақсат қоя білсеңіз болғаны.


10 күнге арналған диета

фото: heart-info.ru

Аталмыш диетаның екі түрі бар.


№1 диета

  • Бірінші күні 5 дана жұмыртқа қайнатыңыз. Күні бойы осы 5 жұмыртқаны жейсіз. Азырақ тұз себелеуге болады.
  • Екінші күні ас мәзіріне майсыз балық қосасыз.
  • Үшінші күні тауықтың тұтастай төс етін қайнату керек.
  • Төртінші күні 5 дана қайнатылған картоп жеумен шектелесіз.
  • Бесінші күні 500 гр. қайнатылған сиыр етін азық қылыңыз.
  • Алтыншы күн – жеміс жейтін күн. Жемістің көлеміне шектеу жоқ. Қалағаныңызша жей беруіңізге болады.
  • Жетінші күн – көкөніс күні. Көкөністі асыра жемеген дұрыс. Құрамы сұйықтыққа бай қиярды таңдағаныңыз абзал.
  • Тоғызыншы күні 1 пайыздық қышқыл сүт өнімінің 1-2 литрін ішесіз.
  • 10-шы күн – итмұрын тұнбасы. Итмұрыннан тұнба дайындап, күні бойы ішу ұсынылады
  • Қарныңыз тез аша ма? Оны тежеудің жолдары бар


№2 диета


фото: syl.ru

Диетаның бұл түрінде біз ас мәзірін әр күнге арнайы дайндамаймыз. Бірден 3-5 күнге арналған ас мәзірлерін ұсынамыз. Олай болса, таңдау өз еркіңізде. Диетаның қай түрі ыңғайлы, сіздің ас мәзіріңізге жақындау болса, соны таңдасаңыз болады.

  • Алғашқы 3-5 күн аралығында таңғы асқа шпинат, пекин қырыққабаты мен рукколадан салат дайындайсыз. Тұздық ретінде жарты шай қасық зәйтүн майын немесе 1 ас қасық йогурт қосуға болады.
  • Ал, түскі уақытта салатқа қосымша 1 дана қайнатылған жұмыртқа мен 1 тілім қара нан жеңіз.
  • Кешкі ас: қайнатылған сиыр еті, тауық еті немесе майсыз балық. Көлемі – 150 грамнан аспауы тиіс.

Ерекшелігі: 10 күндік диетада шпинат қосылған салатты шектеусіз жеуге болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ЕЛЕНА МАЛЫШЕВА ұсынған ЖАҢА жылдық диета


Қарныңыз тез аша ма? Оны тежеудің жолдары бар