20 келі салмақ тастаған ресейлік актриса арықтаудың 5 ережесін ұсынады

0
5 401


20 келі салмақ тастаған ресейлік актриса арықтаудың 5 ережесін ұсынады

Талантты әрі Ресейдің белгілі әртісі, «Акушерка» телесериалының жұлдызы Ирина Пегова 20 келіге арықтап қана қоймай, сол салмақты ұстап қала алған жандардың бірі. Диетаның әсерінен актрисаның дене бітімі көзтартарлықтай.

Танымал жұлдыздың әртістік өнерімен қатар олимпиадалық чемпионаттарға қатысып, мұз айдынында конькиімен қалықтаған кездері де аз емес. Актриса жетістіккке жетуінің бар сыры – өзімен жұмыс істеуде жатқанын жасырмайды.

Дереккөз: simpleslim.ru


Ирина Пегова ұсынған 5 ереже

Ең алдымен ол тамақтың мөлшеріне мән беру керектігін айтады. Тамақты асыра жеу фигураға өте қауіпті. Тіпті, пайдалы тағамның өзін көп жеуге болмайды. Ирина Пегованың айтуы бойынша тағамның мөлшері – өз жұдырығыңыздан аспауы тиіс.

Арықтаудағы тағы бір ереже – қалыпқа келу мен ұйқы. Ағзаға міндетті түрде демалыс қажет. Әйтпесе көптеген процестер баяулап, жұмысы бұзыла бастайды. Ал, ұйқыдан қалу – стреске алып келеді. Стреске түскенде асқазанды зиянды тамақпен толтыратынымыз сөзсіз. Актриса күні бойы диванда шалқайып жатпай, түнгі ұйқыны дұрыстауға кеңес береді. 8 сағат түнгі ұйқы толық болуы керек.

Пегованың үшінші ережесі – көп су ішу. Су ішу арқылы ағзаны тазалауға әрі салмақ тастауға болады. Актриса күніне 4 литрге дейін су іше алады. Оның сөмкесінде үнемі минералды су жүреді. Ал, кофе мен шайды өте аз ішу керектігін ескертеді.

Төртінші ереже – зиянды тағамнан бас тарту. Арықтау үшін қақталған, майлы, қуырылған тағамдардан бас тартуға тура келеді. Сонымен қатар, жартылай дайын өнімдер, шұжықтар мен фастфуд, тәттілерді айтуға болады. Арықтағысы келетін әрбір жанның тамақтану рационында ет, балық, дәнді-дақылдар, көкөністер, жаңғақтар мен жеміс-жидектер, аскөк түрлері, қышқыл сүт өнімдері, ірімшік болуы керек. Осы аталған тағамның ішіндегі көмірсуға бай түрін түске дейінгі уақытта жеу ұсынылады. Кешкі асқа тек көкөністер, ет, балық жеген жеткілікті. Кешкі асты 19:00-ге дейін ішкен абзалырақ.

Бесінші ереже – спорт. Жаныңызға қай спорт түрі жақын сонымен айналыса берсеңіз болады. Мысалы, жүгіру, би билеу, фитнеске бару, жүзу, велосипед тебу. Міне, осы спорт түрлерінің бірімен күнделікті айналысасыз.


1 күнге арналған ас мәзірі

Таңғы ас: 1 тілім ірі тартылған ұннан жасалған нан мен ірімшік, 1 шыны шай.

Тіскебасар: 1 дана алма немесе апельсин.

Түскі ас: тұзсыз, дәмдеуіштерсіз көкөністерден дайындалған рагу, 1 кесек тауықтың төс еті.

Тіскебасар: кішірек котлет пен салат жапырағы.

Кешкі ас: 1 кесек қайнатылған тауық еті мен қияр.

Ұйықтар алдында: 1 стақан кефир.


5 күнге арналған Пегованың «Кезекші» диетасы

Бойы 155 см шығатын Ирина Пегова 65 келі салмақта. Бірақ та актриса «Кезекші» диетасымен тағы да 4-5 келі салмақ тастап отырады. Өте тиімді әрі нәтижелі диетаны тек 5 күн ұстауға болады. Емдәм талаптарын орындап, ережеге бағынсаңыз болғаны.

1-күн: 1-2 л кефир немесе ряженка, минералды су.

2-күн: тұзсыз қайнатылған тауық еті мен су.

3-күн: майсыз сүзбе мен балық.

4-күн: 1-ші күнді қаталайсыз.

5 күн: 2-ші күнді қайталайсыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Төрт тәулік ТЕК ТАУЫҚ ЕТІМЕН тамақтансаңыз, таразыға түсуге тартынбайсыз


Тез арықтағыңыз келсе, ТАҢҒЫ асқа 2 дана ЖҰМЫРТҚА жеңіз