3 күнде 5 кг-ға арықтататын ДИЕТАЛАР - ТОП-10

0
108 310

Бұл диета түрі 3 күнде жүзеге асады. Бір күн бойы тек қана 1 дана қайнатылған жұмыртқа мен 300 гр сүзбе жеу керек. Қатаң диета болғанымен, нәтиже сізді қуантады: 3 күнде 5 кг тастай аласыз.


 3 күнде 5 кг-ға арықтататын ДИЕТАЛАР  - ТОП-10

Ежелден-ақ нәзікжандыларды, тек олар ғана емес, артық салмақпен күресіп келе жатқан барлық адамзатты ойландырып келе жатқан сауал бүгінгі күні де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Ол «Артық салмақтан қалай жылдам әрі тиімді жолмен арықтауға болады?» деген сұрақ.

Аз уақыттың ішінде денсаулыққа кері әсерін тигізбей, артық салмақтан арылтатын диета түрлері де көптеп жазылып жатыр.

Шындығында әркімнің ағзасының ерекшеліктеріне орай, әр түрлі диетаны ұстану маңызды. Маманмен кеңесу де өзіңіз үшін ыңғайлысы болмақ.

Диетолог мамандарының айтуы бойынша ең ыңғайлы және жылдам салмақ тастауға сеп болатын зиянсыз диетаның 10 түрін ұсынамыз.


1. Голливуд таңдауы

Диетаның бұл түрі әлем жұлдыздарының арасында кең тараған. Диетаның ұзақтығы ЕКІ апта. Бұл диетада сіз тұз, қант және майдың қандай түрі болса да өте аз мөлшерде тұтынуыңыз қажет. Сонымен қатар, ұннан жасалған өнімдерден екі апта бас тартуыңызға тура келеді. Нәтижесінде 2 аптада 7 кг салмақтан арыла аласыз.


2. Қырыққабат-қорғаушы

Қырыққабаттың пайдасын тәптіштеп жату қажет емес. Қырыққабаттан жасалған майсыз тағам түрлері және қырыққабат салаты ның кез-келген түрі диетаның басты мәзірінде болуы шарт. Нәтижесі сізді қуантады. 1 аптада 5 кг-нан арыласыз!


3. Үш күнде керемет нәтиже

Бұл диетаға 9 күніңізді арнайсыз. 9 күнді 3 бөлікке бөліп, 3 саты бойынша жүзеге асырасыз.

Алғашқы 3 күн: тек қана күріш тұтынасыз (салат, тағам түрі, кез-келген күріштен жасалған азық). Суды қалағаныңызша ішесіз. Бірақ, күріштен өзге майлы, ұн өнімдерін қолдануға болмайды!

Екінші үштік: тек қана картоп. Қайнатылған картоптан жасалған тағам түрлері.

Үшінші бөлікте: түрлі көкөністер. Кез-келген көкөністерді талғажу ету арқылы 9 күндік диетаны аяқтаймыз.

Нәтиже: 7 кг-нан 9кг-ға дейін арықтауға болады.


4. Қарақұмық диетасы

Қарақұмық ағзаны шлактардан тазартып қана қоймай, артық майлармен де күресуге қауқарлы. Қарақұмық жармасын қайнату шарт емес, қайнаған суға 3-4 сағат бұқтырып қойсаңыз, тағамыңыз дайын. Ешқандай қоспасыз осы ТАҒАМДЫ тұтынсаңыз, 1 апта ішінде 5 кг-нан құтыласыз.


5. Сорпа диетасы

Өзіңіз сүйсініп ішетін сорпаның ішіне май, кеспе, картоп салмайсыз. Тұзды да аз мөлшерде салыңыз және нансыз ішу жылдам нәтижеге жетуге бастайды. 4-5 кг-нан сорпа ішіп жүріп-ақ арыла аласыз.


6. Модельдер үшін арнайы

Бұл диета түрі 3 күнде жүзеге асады. 1 күн бойы тек қана 1 дана қайнатылған жұмыртқа мен 300 гр сүзбе жеу керек. Қатаң диета болғанымен, нәтиже сізді қуантады: 3 күнде 5 кг.


7. Жемістер шырыны

Егер осы диета түрін таңдаған болсаңыз, сізден шыдамдылық талап етіледі. Өйткені, күні бойы 3 мезгіл апельсин, грейпфрут және лимон шырынын ішуіңізге ғана рұқсат. Қалған уақыттарда тек қана таза су ішуге болады. 3 күнде 5 кг.


8. Экспресс-диета

Бұл диетада азықты аз тұтынумен қоса, кешкі астан бас тарту ұсынылады. Бір күн бойы ұсынылған тағамды жей аласыз, тек кешкі ассыз. Бірақ, кешкі сағат 18:00-ге дейін:

Таңғы ас: қайнатылған 1 дана жұмыртқа мен бір кесе қантсыз шәй.

Таңғы ас пен түскі астың аралығындағы уақытта 200 гр сүзбе немесе майсыз айран. Түстік: буға пісірілген 150 гр тауық еті немесе балық, көкөніс салаты, жеміс. Кешкі ас: қантсыз шәй.

Диета 5 күн жалғасып, 6 кг-нан арылтуға септігін тигізеді.


9. "Аштық жариялау" күндері

Ең жылдам диета түрі. Бұл диета 3 күнде 5 кг-нан арылтады. 3 күннің алғашқы және соңғы күні диетаға кіру және шығу күндері. Бірінші күн ағзаны аштыққа дайындап, соңғы күн тамақтану режиміне оралуға көмектеседі. Бұл күндері жеміс пен көкөністер жеуге ғана рұқсат етіледі. Диетаның екінші күні тек қана су ішіп, негізгі аштық күні болып есептеледі.

Диетадан соң ақырындап тамақтану рационыңызды байытуыңызға болады.


10. Айран диетасы

Диетаның бұл түрі жылдам ғана емес, денсаулық үшін де пайдалы. Айранның құрамындағы дәрумендер мен микроэлементтер ағзаны тазалап, зат алмасуды реттейді. 1 апта бойы жалғасады. Күн сайын 1,5 литр айран ішу керек.

Нәтижесінде 4-5 кг салмағыңызбен қоштасасыз.

Дайындаған: Г.ЖҰМАДІЛДАЕВА ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

1 ас қасық ас содасы + 1 стақан су = -10 кг (3 күнде)

Роза Әлқожа: 25 келі салмақ тастадым