​72 сағат бойы бауырды тазалап, ОП-ОҢАЙ 5 келі салмақтан арыла аласыз

0
10 948

Ағзаға жиналған токсиндерді жою арқылы салмақты азайтуға болады. Балдыркөк пен лимон шырыны бұл ретте жақсы жұмыс істейді.


​72 сағат бойы бауырды тазалап, ОП-ОҢАЙ 5 келі салмақтан арыла аласыз

Күнделікті ішіп-жеген майлы, қуырылған тағамдардың әсерінен адам ағзасы токсиндерге толып, салмағы да арта түседі. Әсіресе мерекелік кештерден кейін немесе думанды тойлардан соң денедегі ауырлықты сезінеміз. Осындай жағдайдан арылуға мынадай керемет сусын көмектеседі екен.

Бұл сусынды ішкеннен кейін бауыр өз жұмысын қалыпты жасап, семіздіктен де құтыласыз. Сізді де осындай жағдайлар мазалап жүрсе, ешбір кері әсері жоқ сусынды дайындап, міндетті түрде бауырды токсиннен тазартыңыз.


Бұл қандай сусын?

Әрине, осындай сұрақтың туындайтыны белгілі. Төменде көрсетілген мәзір бойынша сусынды дайындап күніне 3 рет, үш күн бойы ішесіз. Осы уақыт аралығында тағамды да тартынып жеген дұрыс. Бауырдың тазалануын жылдамдату үшін әрі жеңілдету мақсатында көбірек су ішу керек.



Сусын дайындауға қажеттілер:

  • 3 дана лимон
  • 1 кесе туралған ақжелкен
  • 5 дана балдыркөк
  • 6 кесе су


Дайындалуы:

  1. Блендерге лимон шырынын, ақжелкен мен балдыркөкті салып, жақсылап араластырыңыз. Сосын су қосып, тағы бір рет араластырып жіберіңіз. Дайын сусынды 2 стақаннан күніне 3 рет тамақтанардан бұрын ішу қажет.
  2. Диеталық әрі бауырды тазалауға арналған емдік шараны үш күн жасағаннан кейін, араға 7-10 күн салып қайталауға болады.


Тағы да оқыңыз: Картоппен 3 күнде 3 келі салмақ жоғалту мүмкін бе?


БАЛДЫРКӨК+СӘБІЗ шырыны да арықтатады



Суреттер ашық дереккөздерден алынды


Белінің қылдай, дене-бітімінің сымдай тартылғанын қалайтын нәзікжандыларға диетологтар балдыркөк шырынына көкөністер мен жемістер шырынын араластырып ішуді ұсынады. Әсіресе мына түрлері арықтауға жақсы көмектеседі:


Балдыркөк+сәбіз+алма. Бұл үшеуінің қосындысы Сіздің жүйке жүйеңізді тыныштандырып, иммунитетіңізді көтереді. Сонымен қатар, көздің көргіштігін жақсартып, есте сақтау қабілетіңізді арттырады. Дайындау үшін, балдыркөк пен 3 дана сәбізді, орташа көлемдегі бір алманың жартысын майда үккіштен өткізіңіз. Сосын шырынын дәкемен сығып алыңыз.


Балдыркөк+апельсин. Бұл шырынның семіздіктен арылтатын қасиетінен бөлек, қан қысымын қалыпқа келтіретін де қасиеті бар. Шырынды дайындау үшін балдыркөкті блендерге салып, майдалап, 1 литр су мен 4 дана апельсин шырынын құю қажет. Дәмін кіргізу үшін азырақ бал қосуға болады. Бірақ бал қосылған соң шырынның құнарлылығы да арта түсетінін ұмытпау керек.


Балдыркөк+қияр. Кереметтей сергіткіш шырын. Артық салмақтан арылтып, А дәруменінің жетімсіздігін болдырмайды. Шырынды дайындау үшін 2 дана балдыркөк пен 1 дана қиярдың шырынын сығып алып, ішу керек.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Бір күндік диета: ШАЛҒАМ жеп те САЛМАҚ тастауға болады


Картоппен 3 күнде 3 келі салмақ жоғалту мүмкін бе?


Бір күндік ас 1200 килокалориядан аспаса қанша келі салмақтан арылуға болады?

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет