Егер барлық талапты дұрыс орындайтын болсаңыз, 3 күнде 3 келі салмақтан арылуға болады.
Көбіне диетолог мамандар картопты ас мәзіріне қоспаған дұрыс деп жатады. Дегенмен, картоптың да арықтауға көмектесетінін бұл диета дәлелдейді. Себебі картоп дәрумендерге, жасұныққа бай көкөністердің бірі. Оның құрамында фосфор, натрий, магний, йод, темір, кобальт, мыс және кальций сынды минералды заттармен қатар, А, С, В тобындағы дәрумендер бар.
Сонымен қатар, картоп ағзадан артық сұйықтықты шығаратын, жүйке-жүйені нығайтатын, ми жұмысын, иммунитетті, асқорытуды жақсартатын және жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын реттейтін ерекше қасиеттерге ие. Сондықтан да картоп диетасы өте тиімді болмақ.
Қатал диетаны ұнатпайтындар осы емдәмді қолға алса болады. Өйткені картоп диетасында қарынның ашқанын мүлде сезінбейсіз. Әлсіреп, басыңыз айналмайды.
Дегенмен, бүгін біз сіздерге екі түрлі диетаны ұсынбақпыз. Біріншісі қаталдау болса, екіншісі жеңілдеу. Ендеше, екі диетаның да күнделікті ас мәзіріне қарап, әркім өзіне ыңғайлысын таңдап алуына болады.
Диетаның негізгі шарттары: Нәтижелі болу үшін қайнатылған, буға піскен немесе пісірме ретінде пеште дайындалған картопты жеу керек. Жиі-жиі әрі аз-аздан тамақтанған дұрыс. Әрбір 2-3 сағат сайын тамақтанып, 2-3 л су ішу ұсынылады. Тұзды өте аз көлемде пайдаланыңыз немесе мүлде қоспаңыз.
3 күндік қатаң диета
1-ші күн
Бір күн бойы 1 келі картоп жейсіз. Бірақ та 1 кг картопты 6-ға бөліп, әрбір 2-3 сағат сайын тамақтанасыз. Бір порция тағам – 150 грамды құрауы тиіс.
Картопты қайнатуға, пеште пісіруге болады. Дәмі шығу үшін азырақ аскөк қосасыз. Тұз мүлде салынбайды.
Таза су, шай ішуге болады.
Дәл осындай қалыппен 2-3-ші күндері де жалғастырасыз. Тек картоп жеуге тура келеді. Сонда ғана 3 күнде 2-3 келі салмақ тастауға қол жеткізесіз.
Картоп пен кефир диетасы
Суреттер ашық дереккөздерден алынды.
Аталмыш емдәм 3-5 күнге арналған. Осы аралықта 3-5 келі салмақтан арылуға болады. Диетаның нәтижелі болуы заталмасу жүйесінің жұмысына, емдәм шарттарын дұрыс орындауға байланысты.
Тамақтану тәртібі:
- майсыз кефир ішу (5 пайыздық йогуртпен алмастыруға болады);
- Қайнатылған картоп жеу;
- Картоп шырынын ішу де арықтауға септігін тигізеді.
Картоп шырынын дайындау үшін: картопты үккіштен өткізіп, дәке арқылы шырынын сығып алыңыз. Содан соң 10-15 минутқа қалдырыңыз. Тұнғаннан кейін іше беруге болады. Картоп пен кефир диетасын 1-2 айдан соң ғана қайталаған дұрыс.
3 күнге арналған мәзір
1-күн
Таңғы ас: 1 стақан кефир
Түскі ас: 4 дана орташа көлемдегі қайнатылған картоп.
Кешкі ас: 1 стақан кефир.
2-күн
Таңғы ас: 1 стақан кефир.
Түскі ас: 200 гр. пешке пісірілген картоп.
Кешкі ас: 150 гр. лимон шырыны қосылған сәбіз бен қырыққабат салаты, 1 стақан кефир.
3-күн
Таңғы ас: 2 стақан йогурт.
Түскі ас: 150 гр. картоп пісірмесі, 150 гр. қияр мен аскөк салаты.
Кешкі ас: 1 стақан кефир мен 150 гр. қайнатылған картоп.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
Тағы да оқыңыз:
Экстремалды диета: 2 күнде 5 келі салмақ тастаңыз!
Бір күндік ас 1200 килокалориядан аспаса қанша келі салмақтан арылуға болады?