Арықтауға көмектесетін дәрумендер де бар

0
4 916

Арықтау үшін ағзада дәрумендер жеткілікті болуы керек. Сонда ғана дәрумендер семіздікпен күрес кезінде көмекші құрал бола алады.


Арықтауға көмектесетін дәрумендер де бар

Адам ағзасына дәрумендер химиялық реакциялардың жүруіне, одан қала берді майлардың ыдырауы үшін өте қажет. Аталмыш реакциялардың белсенділігі дәрумендер мен нәрлі элементтер жеткілікті болғанда арта түседі. Сол себепті де мамандар күн сайын дәруменге бай тағамдарды ас мәзіріне қосып, қажет болған жағдайда қосымша дәрумендерді қабылдауға болады.


Диета кезінде мына дәрумендерді қабылдаған дұрыс

С дәрумені – ағзадағы холестерин деңгейін түсіріп, глюкозаның жасалуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, С дәрумені склероздың, жүрек-қан тамыр ауруларының дамуына жол бермейді.

Д дәрумені – майларды ыдыратып, сүйек және бұлшықет жүйесінің жұмыстарын жақсартады. Бұдан бөлек, қатерлі ісік ауруларының алдын алатын да қасиеті бар.

В тобындағы дәрумендер – зат алмасу жүйесінің жұмысын жақсартып, ішек-қарын жұмыстарының белсенділігін арттырады. Сондай-ақ, тағамдардан алынатын көп энергияны жұмсап, арықтауға көмектеседі.


Омега-3 – қарынның ашуына жол бермей, депрессияға қарсы күреседі. Дегенмен, омега-3 майлы қышқылы тағамдардың көмегімен пайда болатынын ұмытпайық. Егер зат алмасу жұмысы бұзылатын болса, дұрыс тамақтанбаудың әсерінен омега-3 те жеткіліксіз бола бастайды. Сондықтан да арықтау кезінде дұрыс тамақтану аса маңызды.


Магний – зат алмасуды реттеп, диета барысында метаболизмнің бұзылуынан сақтайды.


Е дәрумені – арықтау кезінде эндокриндік жүйенің жұмысын қалыпты ұстап, шаштың түсуіне қарсы тұрады.

Жоғарыда аталған дәрумендер семіздіктен арылу үшін жеткіліксіз болады. Сол себепті де ағзаның дәруменге қанығуын қамтамасыз ету керек. Керісінше болған жағдайда ағза өзіне қажетті заттарды ала алмайды. Сонымен қатар басқа да кері әсерлері байқалуы ғажап емес. Мысалы, шаштың түсуі, бас ауруы, тұмаурату сынды аурулар мазалауы мүмкін.

Микроэлементтерді сатып аларда оның құрамында хромның болуын қадағалаңыз. Өйткені хром элементін ұнемі қарны ашып, тамақтануды қалап тұратын жандарға ұсынады. Хром сияқты арықтауға әсер ететін қышқылдар да бар екен. Міне, қышқылдардың да дәрумендер құрамында болғаны дұрыс.


Арықтауға септігін тигізетін дәрумендер топтамасын таңдау кезінде мынадай нәрселерге мән беру керек:

  1. Ең алдымен ағзаңызға қандай дәрумендер мен минералдардың жеткіліксіз екенін біліп алыңыз.
  2. Дәрумендердің құрамына мән беріңіз. Барлығы бірдей арықтауға көмектесетініне сене көрмеңіз.
  3. Дәруменге қатысты жазылған пісірлерге назар аударыңыз. Сіз таңдаған дәрумендер топтамасының бағасы мен сапасы сәйкес келетін болса, сол түрін таңдағаныңыз абзал.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Кеңседе отыратындарға арналған ДИЕТА


Диета ұстауды қолға алсаңыз, КОЛЛАГЕН қабылдауды да бастаңыз!