​БЕДЕУЛІКтен арылуға КӨМЕКТЕСЕтін диета

0
3 763

Бала сүю бақыты бұйырмай жүрсе, біздің кеңестерімізге құлақ асыңыз!


​БЕДЕУЛІКтен арылуға КӨМЕКТЕСЕтін диета

Гарвард университетінің ғалымдары кейбір тағамдардың әйел денсаулығына кері әсер ететінін, тіпті, бала көтере алмай қалу қаупі бар екенін анықтапты. Бала көтеруді армандап жүргендер емделумен қатар, тамақтану мәзіріне де назар аударулары тиіс екендігін айтады. Дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстану көптеген аурулардың алдын алатыны анық. Сондықтан да ана болу бақытына ие болғыңыз келсе, онда құрамында дәрумендері мен минералды заттары бар құнарлы тағамдарды тұтыныңыз.

  1. Көміртегі қандағы қант мөлшерін реттеуге ықпал етеді. Ал қанттың көптігі жүктілікке бейімдейтін гармондарға кері әсер етеді де сізді бедеулікке алып келеді. Мұның алдын алу үшін құрамында көміртегі бар тағамдарды қолдануды ұсынамыз. Атап айтсақ, қоңыр түсті күріш, дәнді-дақылдар мен нан өнімдерін, картоп, арпа мен басқа да көкөністерді көбірек жеу керек. Ал ақ нанды, жарма тағамдарын, ақ күріш пен ақ картопты аздап қолдануға кеңес береміз. Сонымен қатар, күлше, бөлішке, газды сусындар мен тәттілерді шектеу қажет.
  2. Май және майлы тағамдарды да ұмытқаныңыз жөн. Күнделікті тұтынуға зәйтүн, авокадо, балық, жаңғақ пен күнбағыс майын қолдануды ұсынамыз. Ал, адам ағзасы үшін қауіпті саналатын маргарин, крекер, чипсы денсаулығыңызға тек қана зиянын тигізеді. Ет пен тауық, үндік еттерін балық етімен немесе жұмыртқамен алмастырсаңыз тіпті жақсы. Тағы да оқи отырыңыз: Семірмейтін қыздардың 8 құпиясы
  3. Майлы сүт те қоздырғыш гармондарыңыздың қызметін бәсеңдетіп, бедеулікке алып келуі ықтимал. Негізінде аптасына 1-2 рет қаймағы алынбаған сүт, балмұздақ, майсыз йогурт пен төрт пайыздық ірімшікті тұтыныңыз.
  4. Жүкті болғыңыз келсе, құрамында темір элементі мен арнайы дәрумендерді қабылдау керек.
  5. Күнделікті жейтін тағамдарыңызға көкөністер мен көктерді көбірек қосыңыз. Сонымен қатар бұршақты өсімдіктердің де пайдасы орасан.


Құрсақ көтеру үшін кім не жеу керек?


  • Ерлерге құрамында фруктозасы мол тағамдарды көбірек қолдану керек. Аталық ұрықты күшейтетін бұл затты апельсиннің, алманың, грейпфруттың, шоколад пен лимонның құрамынан кездестіруге болады.
  • Сонымен қатар теңіз өнімдері де белсенділікті арттырып, ұрықты күшейтеді. Сондай-ақ, ұрық белсенділігін жоғарылатуға балдың, асқабақ, күнбағыс және күнжіт дәнінің де тигізер ықпалы орасан. Ал қызанақтың құрамындағы ликопен заттегі қуық безіндегі суықты алып, ұрықты күшейтеді.
  • Ал әйелдер құрамында фосфор элементі бар тағамдарды көбірек тұтыну керек. Бұл минералды затты теңіз өнімдерінен табуға болады. Ал ақбас қырыққабаттың құрамындағы U тобындағы дәрумен жатырдың жұмысын жақсартса, жаңғақтың, дәннің, сұлының, күріштің, цитрусты жемістер мен нанның құрамындағы С, Е және В дәрумені мен магний элементі еттеккірдің келуін реттейді.
  • Баланы армандаған жұптар кептірілген жемісті, үйде дайындалған сүт өнімдерін, жеміс-жидектер мен көкөністерді тамақтану мәзіріне көбірек қосқандары дұрыс. Бұдан бөлек еттің майсыз түрін таңдағандарыңыз абзалырақ. Кептірілген жемістердің ішіндегі інжір, өрік, қара өрік пен мейіз болашақ ана мен әкенің денсаулығын нығайтуға ерекше әсер етері сөзсіз. Қантты балмен ауыстырыңыз. Дәмдеуіштерден насыбайгүлді, жауқазынды, жебіршөпті, әністі және жанжәбілді қолдану керек.

Қандай сусын ішу керек?


  1. Күнде жатар алдында 1 ас қасық жаңадан сығылған беке шырынын ішуді әдетке айналдырыңыз. Емді еттеккірдің келген күнінен бастау керек.
  2. Күнделікті шайдың орнына шайқурайдан, гүлзардақтан, сәлбеннен, жолжелкеннен, бақытгүлінен, түйебұршақтан, өгейшөптен, толғақшөптен, қырмызыдан, түймедақтан, қалақайдан демделген тұнба немесе қайнатпаны ішіңіз. Бұл шөптен жасалған емдік тұнбаның тигізер пайдасы орасан. Сонымен қатар бұл өсімдіктермен жылы ванна қабылдасаңыз да көмегі тиеді.

Дайындаған: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ


Тағы да оқи отырыңыз:


Арықтау үшін ЫДЫСТЫ да, КІРДІ де қолмен жуыңыз!


Семірмейтін қыздардың 8 құпиясы


Шашы тез МАЙЛАНАТЫНДАРҒА арналған СУПЕР диета