​Бір күндік диета: ШАЛҒАМ жеп те САЛМАҚ тастауға болады

0
4 242

Шалғам да (редиска) арықтауға септігін тигізетін дәруменге бай көкөніс. Шалғаммен бір күндік диета ұстанып, 1-2 келі салмақтан арылыңыз.


​Бір күндік диета: ШАЛҒАМ жеп те САЛМАҚ тастауға болады

Шалғам көкөністер ішіндегі дәруменге бай әрі ағзаны шлактар мен холестериннен тазартатын қасиетке ие бірден-бір бақша өнімі. Сонымен қатар шалғамның әлсірегенде күш-қуат беретін, зиянды бактерияларды қуатын да ерекшелігі бар. Әсіресе шалғамды жүрек-қан тамыр аурулары кезінде тұтыну ұсынылады.

Шалғамның тамырынан натрий, темір, кальций, фосфор, қант, жасұнық және де В1, В2, С, РР дәрумендері мен көмірсулар, минералды тұздарды алуға болады. Сабағын, жапырағын гарнирге, сорпаларға қосса да дәмін кіргізері сөзсіз. Міне, осындай қасиеттерінің көптігінен болар, бұл көкөніс арықтауға да жақсы көмектеседі. Алайда, бір айта кетерлігі, шалғамды бауыр, бүйрек, асқазан-ішек аурулары мазалайтындарға пайдаланбаған дұрыс.

Егер, сіз шалғамды сүйіп жейтін болсаңыз әрі арықтағыңыз келсе, шалғам диетасы сіздің көңіліңізден шығары анық. Ендеше, бастайық!


Бір күндік салатты дайындау үшін, мынадай азық-түліктер қажет:

  • 400 гр. сүзбе
  • 300 гр. шалғам
  • 1 ас қасық аскөк.

Алдымен шалғамды майдалап турап, сүзбемен араластырасыз. Сосын майдалап туралған аскөкті салыңыз. Барлығын жақсылап араластырып, жей беруге болады. Дайын салатты 4 бөлікке бөліп, бір күн бойы жейді. Аталмыш диетаны аптасына бір рет қайталауға рұқсат етілген.


Қаймақ қосылған салат

Салатқа қажеттілер:

  • 2 бума шалғам
  • 1 дана қайнатылған жұмыртқа
  • Қаймақ пен тұз.

Дайындалуы:

Шалғамды жіңішкелеп, ұзынша қалыпта турау қажет. Сосын жұмыртқаның сары уызын салып, шалғаммен араластырады. Ал, ақ уызды жұқалап турап, соңында қосасыз. Осылайша дайындалған салатты тек бір күн ғана жеу керек.


Шалғам мен қияр салаты




Қажеттілер:

  • 3 дана ірі шалғам
  • 2 дана қияр
  • 2 шай қасық зәйтүн майы
  • Теңіз тұзы мен ұнтақталған қызыл бұрыш, күнжіт.

Дайындалуы:

Көкөністерді ұзаншалап турап, тәрелкеге салыңыз. Сөйтіп оған тұз, бұрыш, күнжітті салып, зәйтүн майын құясыз. Дәруменге бай салатты бір рет ғана емес, қосымша тағы дайындап жей беруге болады.

Аударған: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Картоппен 3 күнде 3 келі салмақ жоғалту мүмкін бе?


Экстремалды диета: 2 күнде 5 келі салмақ тастаңыз!