БОТҚА ДИЕТАСЫ 7-10 келі артық салмақтан арылтады

0
5 737

Тіске жұмсақ, асқазанға жеңіл асты кішкентай күніңізден сүйіп жеген боларсыз?! Ал, енді осы дәмді ботқа сіздің сымбатты болуыңызға көмектеседі.


БОТҚА ДИЕТАСЫ 7-10 келі артық салмақтан арылтады

Егер сіз қарапайым әрі қолжетімді диета түрін іздеген болсаңыз, онда БОТҚА диетасын ұстап көріңіз. Бұл емдәм арқылы сіз 2 апта ішінде 7-10 келі салмақтан арыла аласыз.

Жармалар ақуыз бен пайдалы майларға, көмірсуларға бай. Тіпті, ботқа диетасы көңіл күйіңізді көтеріп, арықтағаннан кейін қайтадан салмақ қосып алуға жол бермейді. Ең бастысы диета кезінде қарынның ашпағаны дұрыс. Өйткені жармалардың калориясы аз болғандықтан уақытылы тамақтану керек. Жармалар сонымен бірге ұзақ уақыт бойы тоқтық сыйлап, зат алмасу жүйесінің жұмысын жақсартады. Тағы бір ерекше қасиеті жармалар ағзадан токсиндер мен шлактарды айдап, денсаулықты нығайтады.


Жармалармен диетаға отырудың 8 пайдасы:

  • Мұндай жармаларды кез келген дүкеннен табуға болады;
  • Ботқалар тез сіңеді;
  • Оның құрамындағы жасұнық ішек жұмысын жақсартып, зат алмасуды қалыпқа келтіреді;
  • Жармалар минералдар мен аминқышқылдарынан тұрады;
  • Холестерин деңгейін төмендетеді;
  • Жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады.



Арықтау үшін қанша грамм ботқа жеу керек?

Егер сіздің салмағыңыз 80 кг шығатын болсакүніне 70 гр. ақуыз, 50 гр. майлар, 200 гр. көмірсулар қажет. Орташа есеппен дайын ботқаның 1 порциясы 200 гр. шығуы керек. Ботқаға жеміс-жидектер қосуға да болатынын естеріңізге саламыз.


Семіздіктен арылу үшін қандай ботқа жеген дұрыс?

  • Қарақұмық ботқасы
  • Сұлы ботқасы
  • Тары ботқасы
  • Күріш ботқасы
  • Арпа ботқасы
  • Жүгері ботқасы
  • Арпа мен тары ботқасы
  • Ұнтақ жармадан дайындалған ботқалар.

Диетаны жармалардың тек бір түрімен ұстаған пайдалырақ. Әркім өзіне ұнайтын жармадан ботқа дайындап, күн сайын емдәмді жалғастыра береді. Бірақ та біраз күннен кейін зат алмасу баяулап, салмақ та бір қалыпта тұрып қалуы мүмкін. Осы уақытта диетаныв тастамай ары қарай жалғастыратын болсаңыз, міндетті түрде өз діттеген мақсатыңызға жетесіз.

Диетаны бастамас бұрын ағзаны дайындап алыңыз. Мәселен, екі күннен 1 аптаға дейін тамақтану рационыңыздан зиянды тағамдарды шығарып, дүрыс тамақтануға көшіңіз. Сондай-ақ, тағам мөлшерін де біртіндеп азайтқан дұрыс. Сонда ғана диета ойдағыдай нәтиже береді.

Жарманың бір түрін таңдап, ботқа дайындайсыз да 1-2 апта бойы осы тағаммен диета ұстайсыз. Осылай жалғастыратын болсаңыз 5 келі салмақ жоғалтасыз. Мұндай диетаны тек бір айдан кйін ғана қайталауға болады немесе жарты жылда 1 рет ұстаған абзал.


1 күндік ас мәзірі:

  • 5-6 рет тамақтану;
  • 200-250 гр. тек ботқа жейсіз;
  • Жеміс-жидектер қосуға, шай ішуге рұқсат етілген. Сонымен қатар, шөп шайларды ішкен де артықтық етпейді.
  • Бұл жарманың бір түрімен ғана ұстауға болатын диета мәзірі.


7 түрлі жармамен 7 күндік диета


Емдәм үшін 7 түрлі жарма қолданылады. Әр күн сайын әртүрлі жармадан ботқа дайындайсыз. Нәтижесінде 7-10 келіге дейін салмақ тастауға болады. Бірақ та аталмыш диетаның мынадай шарттарын орындау керектігін ұмытпаңыз:

  1. Ботқаны тұзсыз, қантсыз, тек суға қайнатасыз.
  2. Ботқаны дайындаудың еш қиындығы жоқ. Түнгі ұйқыға жатарда 1 стақан жармаға 3 стақан су құйып, таңертең бір қайнатып жібереді. Түнгі уақытта қайнатып қоюға да болады.
  3. Ботқаны күні бойы қалағаныңызша жесеңіз болады. Алайда әрбәр мөлшері 250 грамнан аспағаны да дұрыс. Сонымен қатар, кешкі сағат 19:00-ден кейін ішіп-жеуді доғарасыз.
  4. Тамақты әр күні бір уақытта жеуге дағдыланыңыз.
  5. Күніне 2 л су су ішіңіз. Таңертең ашқарынға міндетті түрде1 стақан су ішу керек. Сосын тамақтанудан жарты сағат бұрын және тамақтанып болғаннан кейін жарты сағаттан соң су ішкен пайдалы.
  6. Тәттісіз шай, кофе ішсеңіз де болады.
  7. 7 күннен кейін диетаны бірден қоя салмай, біртіндеп әдеттегі тамақтануға ауыссқан абзал. Бірақ та қуырылған, майлы тағамдардан бас тартуға кеңес береміз.

1 апталық мәзір

1 күн

Бидай ботқасы

2-күн

Тары ботқасы

3-күн

Сұлы жармасынан дайындалған ботқа

4-күн

Күріш ботқасы

5-күн

Арпа(ячневая каша) жармасынан дайындалған ботқа

6-күн

Арпа (перловка) жармасы

7-күн

Жоғарыда айтылған жарманың кез келген түрінен ботқа жасайсыз. Ұнтақ жармасын алуға да болады. Бірақ, оны тек суда пісіресіз.

Диетаны кімдерге ұстауға болмайды?

  • Асқазан-ішек жолдары ауруларында;
  • Бауыр, бүйрек жұмыстарының бұзылуында;
  • Қалқанша безі ауруларында;
  • Хирургиялық отадан кейінгі қалыпқа келу жағдайында;
  • Жүкті және емізулі әйелдерге;
  • Жасөспірім балаларға ұсынылмайды.

Жармалардан құралған диетаны дұрыс ұстаған жағдайда 10 келіге дейін салмақ тастайсыз. Ең бастысы орта жолға келгенде емдәмді бұзып алмасаңыз болғаны.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Денедегі майды "ЕРІТЕТІН" 4 коктейль


Семіруге жол бермейтін 7 тағам


ІШ ӨТКЕНДЕ мына тағамдардан бас тартыңыз!