​Бүйрекке пайдалы тағамдар

0
10 434

Күнделікті ішіп-жеп жүрген ас-ауқатымыздың бүйрек жұмысына қаншалықты әсер ететінін білесіз бе?


​Бүйрекке пайдалы тағамдар

Бүйрек – бұл адам ағзасындағы ең маңызды мүшелердің бірі. Оның негізгі міндеті – қанды токсиндерден тазарту. Егер де бүйрек ауыра бастағанын сезінетін болсаңыз, тамақтануға көңіл бөлу керектігін ескертеміз. Мысалы, кофе ішуді , тұзды тағамдарды, майлы, қуырылған тағамдарды шектеу керек дейді мамандар. Ендеше бүйрекке пайдалы тағамдарды тізіп көрейік.


Гүлді қырыққабат

Гүлді қырыққабат А, К, В және С дәрумендерінің қайнар көзі. Дәл осы көкөністің бойындағы антиоксиданттар бүйрек жолдарында пайда болатын аурулардың алдын алып, қатерлі ісікті болдырмайды. Себебі гүлді қырыққабат бүйрек тінінің қабынуына қарсы тұра алатын бірден бір көкөніс. Сонымен қатар, гүлді қырыққабаттың құрамындағы жасұнық заталмасу процесін қалыпқа келтіретінін де айта кетейік. Бұл көкөністі шикілей де, қайнатып та, бұқтырып та жеуге болады. Гүлді қырыққабатты тамақтану рационыңызға үнемі қосатын болсаңыз, бүйрек жұмысы жақсарып, онкологиялық аурулардың алдын алған болар едіңіз.


Қаражидек



Қаражидек көздің көргіштігін жақсартып қана қоймай, бүйректен құм мен майда тастарды айдайтын қасиетке ие. Қант диабетімен ауыратын жандардың бүйрек жұмысы да нашарлайды екен. Міне, осындайда ғалымдардың айтуынша қаражидек құрамындағы антиоксиданттар мұндай әсерді болдырмауға атсалысады.

Қаражидекті үнемі жейтін жандардың бүйрегіне тас байланбайтын көрінеді.


Қызыл жүзім

Жүзімнің бойындағы С дәрумені мен көп мөлшердегі флавоноидтар қабыну процесін төмендетеді. Жүзімнің бұл қасиетін созылмалы пиелонефритпен ауыратындар жоғары бағалайды. Өйткені қызыл жүзім бүйрек жұмысына жағымды әсер етеді.

Қызыл жүзім бүйрек тіндеріндегі зат алмасу жүйесін жақсартып қана қоймай, гипертоникалық аурулар мен қант диабетіне шалдығудың алдын алады. Аталмыш жемісті балғындай жеген пайдалы.


Зәйтүн майы

Басқа майларға қарағанда зәйтүн майы бағалы әрі пайдалы заттарға бай. Оның құрамында пайдалы май қышқылдары көп болса, фосфор жоқ деп айтуға болады. Зәйтүн майын бүйрек ауруына шалдыққандарға және семіздікпен ауыратындарға қолдану ұсынылады. Әсіресе иммындық жүйе жұмысы бұзылғанда зәйтүн майын қолдану керек дейді мамандар.


Тәтті бұрыш



Басқа көкөністер мен жемістер секілді тәтті болгар бұрышы да пайдалы дәрумендер мен калий элементіне бай. Көкөністе С дәрумені өте көп.

Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ тәтті болгар бұрышының пайдасы әлдеқашан дәлелденіп қойған. Бүйрек жолындағы қабынбалы аурулардың туындамауына болгар бұрышының бойындағы осы заттар көмектеседі. Иммунитетті көтеріп, қант диабетінің алдын алады.

Бүйрек жұмысына қандай көкөністердің пайдалы екенін білетіндер болгар бұрышын өз тамақтану рационына қосатыны белгілі. Себебі бұл көкөніс бүйректі түрлі патологиялық аурулардан қорғайды.


Ананас

Бүйрек жұмысы бұзылғанда тропикалық жемістер мен цитрусты жемістерді, әсіресе банан, киви сияқты жемістер кері әсер етуі мүмкін. Сол себепті де бұл жемістерді жемеген абзал. Ал, ананасты инфекциялық-қабынбалы ауруы бары анықталған жағдайда ғана рационға қосқан дұрыс.


Мүкжидек

Мүкжидектің антисептикалық қасиеті бұрыннан белгілі. Оның құрамындағы пайдалы заттар несеп айдайтын жолдардағы шырышты қабықшаларға бактериялардың жабысуына, орналасуына жол бермейді. Инфекцияға қарсы тұрып, түрлі аурулардың алдын алуға септігін тигізеді. Сол себепті де болар мүкжидек шырынын нефрологиялық аурулармен ауыратын науқастарға ішу ұсынылады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Кез-келген жаста арықтауға арналған тиімді ДИЕТА


Ми мен қан тамырларына пайдалы диета арықтауға да көмектеседі