Гастрит кезіндегі ДИЕТА: пайдалы әрі дәмді ас мәзірі

0
11 295

​Асқазан ауруы көп адамдарды мазалайды. Тіпті, оның соңы гастритке айналып кетіп жатады. Осындай ауру мазалаған жағдайда диета ұстауға бола ма? Қандай тағамдарды тұтыну ұсынылады?


Гастрит кезіндегі ДИЕТА: пайдалы әрі дәмді ас мәзірі

Гастрит кезінде асқорыту жүйесінің негізгі мүшесі асқазан қабынады. Бұл оның жұмысының бұзылуына әсер етіп, ауру асқына түседі. Егер дер кезінде дәрігерге қаралмаса, асқазанның шырышты қабығы жұқарып, жара пайда болады.

Асқазанның осылайша қабынуына дұрыс тамақтанбау, асығыс тамақтану, сапасыз азық-түлік, спиртті ішімдіктерді шектен тыс көп ішу, ақуыз бен дәрумен жетімсіздігі, вирус жұқтыру және де ұзақ уақыт бойы дәрі қабылдау да гастриттің туындауына себеп болуы мүмкін.


Гастрит кезінде қалай тамақтану керек?



Бұл ауру мазалағанда ең алдымен тамақтану мәзіріне мән беріңіз. Дегенмен, гастрит кезінде қуырылған, майлы ет пен балықтан, дәмдеуіштерден, қақталған азықтардан, газдалған сусындардан бас тарту керек. Тағамды күн сайын бір уақытта қабылдаудың да маңызы зор.


Не жеуге болады?


  • Нан өнімдері: Бидай ұнынан дайындалған бір күндік, кептірілген түрлерін жеу ұсынылады.
  • Ботқалар: гастритпен ауыратындарға күріштен, сұлы мен қарақұмықтан, ұнтақ жармасынан дайындалған ботқалар жарайды. Жарманы барынша ұнтақтаған дұрыс.
  • Көкөністер: Ауру кезінде балғын көкөністерді қоданбаңыз. Көкөністерді қайнатып, бұқтырып, буға пісіріп жеуге болады. Әсіресе қызылша, картоп, сәбіз бен асқабақ, брокколи, гүлді қырыққабаттарын, кәдіні жеген пайдалы.
  • Балық пен ет өнімдері: Ең дұрысы буға піскен немесе қайнатылған үндік немесе тауық еті мен балық етін жеу ұсынылады.
  • Жемістер: банан, піскен алма мен алмұрт, жеміс нәрсуларын ішуге болады.
  • Сүт өнімдері: 1,5% майлылықтағы барлық сүт өнімдерін ішуге рұқсат.
  • Жұмыртқа: күніне 2 дана қайнатылған жұмыртқадан артық жеуге болмайды. Ал, құймақты буда дайындаған дұрыс.
  • Тәттілер: зефир мен азырақ бал.
  • Майлар: Сары май мен өсімдік майын 20 грамнан асырмау қажет.
  • Су: 2 л қайнаған су, газсыз минералды су ішу рұқсат етілген.


Не жеуге болмайды?


Жалпы мамандар азық-түліктің ешбір түрін жеуге тыйым салмайды. Тек дайындау әдісіне мән беру керектігін ескертеді. Мына тағамдарды мүлде тұтынбаған абзал:

  • Майлы, қуырылған, қақталған ет пен балық жемеңіз.
  • Жемістер: көк алма, ананас, киви, цитрусты жемістер мен жидектер.
  • Көкөністер: Балғын көкөністер мен бұршақ тұқымдастар.
  • Сүт өнімдері: майлылығы 1,5%-дан жоғары қышқыл сүт өнімдері.
  • Саңырауқұлақтар: Саңырауқұлақтың кез келген түрін пайдалануға болмайды.
  • Балғын нан өнімдерін жеу ұсынылмайды.
  • Дәмдеуіштер мен сірке суынан бас тартқан абзал.
  • Ботқалар мен макарондар: арпа мен бидай жармаларын пайдаланбаңыз. Тұтас дәнді ұннан дайындалған макарондарды да жемеген дұрыс.
  • Сусындар: Қою шай, кофе, какао, алкогольді ішімдіктер, газдалған сусындарды ішуге болмайды.

Ауру түріне байланысты жеуге болатын және болмайтын тағам түрлері өзгеруі мүмкін. Сол себепті де ең алдымен маман кеңесіне жүгінген абзал.

Дайындаған: Қ.ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


40 жастан асқандар МЫНА ТАҒАМДЫ жиі ЖЕГЕНІ дұрыс


БАУЫРЫ ауыратындарға БҰЛ тағамдарды жеуге БОЛМАЙДЫ


Француз диетасы: 14 күнде 10 келі салмақтан арылтады