Қарныңыз тез аша ма? Олай болса мына тағамдарды ас мәзірінен алып тастаңыз

0
6 772

Қарынның тез ашуына әсер ететін тағамдар да бар екен. Мұндай тағамдарды ас мәзіріне қоспаған дұрыс дейді мамандар.


Қарныңыз тез аша ма? Олай болса мына тағамдарды ас мәзірінен алып тастаңыз

фото: authority-nutrition.ru

Арықтауға арналған қай диетаны алып қарамасаңыз да, барлығында да күнделікті тамақтану рационыңызды өзгертуге тура келеді. Дұрыс тамақтану арқылы семіздіктен арылуға қол жеткізесіз. Өйткені ағзаға зиянды тағамдарды емес, бұл ретте тек пайдалы тағамдарды тұтынасыз. Алайда, арықтататын тағамдардың ішінде қарынның тез ашуына әсер ететіндері де бар екен. Ендеше, біле жүріңіздер!


Құрғақ таңғы ас

фото: kaktutest.by

Таңғы асқа дайын үлпектер мен мюсли жеу арықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, асқорыту жүйесін де қалыпқа келтіреді. Алайда, бұл тағамдарды жегеннен кейін көп уақыт өтпей-ақ қарын аша бастайды. Қарынның тез ашуы адамның көңіл күйіне әсер етіп, тәтті дәмділерді жеуге итермелейді. Денені құрғатып, сұйықтық жетіспеушілігін туындатады. Өйткені құрғақ таңғы ас ағзаны қажетті сұйықтықпен қамтамасыз ете алмайды. Мұндай құрғақ таңғы астың орнын суда дайындалған сұлы ботқасы баса алады.


Жеміс-жидектер

фото: s1.1zoom.me

Түрлі жеміс-жидектердің адам ағзасына пайдалы екенін білмейтін жан жоқ. Дегенмен, жемістерді диета кезінде басты тағам ретінде тұтынбаған дұрыс. Жеміс-жидектердің құрамында ағзаға тез сіңіп кететін әртүрлі қанттар бар. Соның әсерінен де аштықты сезініп, тамақтануды аңсап тұрасыз.


Суши мен роллдар

фото: www.bioaa.info

Бұл тағамдармен қарынды тойдыру мүмкін емес. Суши мен роллдар ақ күріштен жасалады. Ал, мұндай тағамдардың құрамында жасұнық мүлде болмайды. Сонымен қатар, қоспасында қантқа бай соя соусы болатындықтан да аштықты жылдамдатады екен. Мұндайда қан құрамындағы қант мөлшері артып, қарынның тез ашуына себепкер болады дейді мамандар.

Егер сіз күрішті жақсы көретін болсаңыз, онда қоңырқай күріш пен сояның қантсыз тұздығын пайдаланғаныңыз дұрыс.


Балғын көкөністерден дайындалған салат

фото: img.getbg.net

Жалпы қай тағамға болмасын дәмді салат қосып жейтініміз рас. Алайда тек салаттың өзін жейтін болсаңыз, яғни көкөністерден ғана дайындалған болса, артынша қарынның ашқанын сезінуге болады. Содан соң артық тамақтануға бой алдырасыз. Осындай жағдайды болдырмас үшін салатқа қайнатылған тауық етін немесе өсімдік майын қосқан дұрыс. Бұл қоспалар ағзаны қажетті ақуызбен қанықтырып, аштықты болдырмайды.


Ащы тағамдар

фото: i.artfile.me

Ащы тағамдар тек көкөністерден жасалуы мүмкін. Дегенмен, құрамында ащы қоспалары болғандықтан да мұндай тағамдарды жегеннен кейін қарын тез ашады екен. Сол себепті де диета кезінде ащы тағамдарды тұтыну ұсынылмайды.


Балғын шырын

фото: bit.ua/wp-content

Жемістерден алынған балғын шырынды басты тағам ретінде қолдануға болмайды. Ас мәзірінде сиыр етінің болғанын қадағалаңыз. Өйткені ет қарынның ашпауына септігін тигізеді. Ал, балғын жеміс шырынында жасұнық өте аз мөлшерде болады. Соның әсерінен де аштықты сезініп, басқа құнарлы тағамды жеуге құмартып тұрасыз. Егер шырын ішкіңіз келсе тек басты тағамға қосымша сусын ретінде ішуіңізге болады.


Қызыл шарап

фото: ru-wallp.com

Сапалы шарап ағзаны антиоксиданттармен, полифенолмен қанықтырады. Бір бокал шарап ішкен жеткілікті. Алайда ішкен адам өзіне есеп бере алмай қалатыны белгілі. Алкогольді ішімдік тәбетті ашатындықтан артық тамақтанып қоюыңыз да ғажап емес. Сондықтан да бір бокал шарап ішкеннен соң өз-өзіңізді қолға алып, зиянды әрі семіздікке бой алдыратын тағамдардан бас тартуды үйреніңіз.

Дайындаған: Қ. Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз: Өмір бойы салмақ қосуға жол бермейтін диета

Бөксені қалыпқа келтіретін жаттығулар

Арықтау үшін шайды немен ішу керектігін білесіз бе?