Көктемде детокс-шырынмен салмақ тастауға болады

0
4 959

​Ағзаны тазартып, теріні мінсіз тегіс етудің еш қиындығы жоқ. Қазіргі кезде арықтаудың да жолдары өте көп. Осындай үш мәселе сізді толғандырып жүрген болса, оның шешімі бар. Көктем мезгілінде ағзаға ерекше энергия сыйлап, күш қуатыңызды арттыратын детокс-шырындарды дайындап ішуге болады. «Детокс деген не?» деп таңданып отырған да боларсыз. Соңғы уақытта бұл сөз өте көп қолданысқа ие болып жүр.


Көктемде детокс-шырынмен салмақ тастауға болады

Ағзаны тазартып, теріні мінсіз тегіс етудің еш қиындығы жоқ. Қазіргі кезде арықтаудың да жолдары өте көп. Осындай үш мәселе сізді толғандырып жүрген болса, оның шешімі бар. Көктем мезгілінде ағзаға ерекше энергия сыйлап, күш қуатыңызды арттыратын детокс-шырындарды дайындап ішуге болады. «Детокс деген не?» деп таңданып отырған да боларсыз. Соңғы уақытта бұл сөз өте көп қолданысқа ие болып жүр.

«Детокс» - соңғы жылдардың ең үздік әрі ерекше сөздерінің бірі. Бұл азғаны барынша тазарту болғанымен, адамға жағымды әсер беретін шырындар болып табылады. Детокс өзіңізді жеңіл, сергек сезінуіңізге ықпалын тигізіп, өмірге деген құлшынысыңызды арттырады, көзіңізге от береді. Сондай-ақ, 2-3 келі салмақ тастауыңызға көмектесетін ең керемет сусын.

Қияр мен грейпфруттан детокс-шырын

Керектілер:

  • 1 дана орташа көлемдегі қияр
  • ½ балғын апельсин шырыны
  • 2 ас қасық лимон шырыны
  • 1 стақан жылы су

½ стақан балғын грейпфрут шырыны

Дайындалу тәсілі:

Барлық қоспаларды блендерге салып, бірқалыпты массаға келгенше айналдырасыз. Сосын стақанға құйып, бірден ішіп жіберу керек. Сонда шырынның барлық пайдалы құрамы өзгермей, ағзаға түседі. Жалпы мұндай шырындарды сақтауға болмайды.

Бұл жемістер С дәруменіне бай, детокс-әсер беретін қасиетке ие. Ал, оның ішіндегі грейпфрут зат алмасу жүйесін қалыпқа келтіреді. Сондықтан да әлем диетологтары грейпфрутты жеуге кеңес береді. Әсіресе бүйрек, жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларында өте пайдалы.

Ағзаны тазартатын детокс-шырын


Керектілер:

1 шай қасық табиғи бал

Шым-шым үккішткен өткізілген зімбір

Дайындалу тәсілі: Ең алдымен стақанға 40 градустан жоғары температураға дейін қыздырылған су құйып, оған лимон шырынын қосып араластырасыз. Сосын бал мен зімбірді салып, блендерге құйыңыз. Барлығы жақсылап араласқаннан кейін стақанға құйып, ішіңіз.

Лимон шырыны қосылған мұндай шырын ағзаны шлактар мен токсиндерден тазартып, ағзаның жеңілдеуіне көмектеседі.

фото: knp7.com, medpravila.com