​Күзде салмақ тастаудың амалы бар

0
2 573


​Күзде салмақ тастаудың амалы бар

Күз – ауа-райының салқындап, адамдардың маужырап жүретін уақыты. Тіпті, қимыл-қозғалыс азайып, тек тамақтана бергің келетіні жасырын емес. Мұның бәрі әрине фигураға әсер етпей қоймайды. Осындайда еңсені көтеріп, мүсінді бір қалыпты ұстап тұру үшін не істеу керек? Осы сұраққа жауап ретінде бірнеше кеңестер беріп өтеміз, оқысаңыз өкінбейсіз!


Физикалық белсенділікті арттыру үшін...

Күз мезгілі келісімен физикалық белсенділікті арттыру маңызды. Себебі күн салқындаған сайын адам үйден шыққысы келмей, төсекте жата бергісі келеді. Өйткені қимыл-қозғалыс сіздің мүсініңізге ғана емес, көңіл-күйіңізге де айтарлықтай жақсы әсер етеді. Егер дәл осы уақытта фигураңызды өзгерту ойыңызда болмаса жай ғана үй жағдайында жаттығу жасауыңызға болады. Ең болмағанда күніне 10 минут жаттығу жасасаңыз жеткілікті. Біраз үйренгеннен кейін жаттығу уақытын арттыруды өзіңіз-ақ қолға аласыз.

Кешкілік серуендеу де сымбатыңыздың бұзылмауына, артық салмақ қосып алмауға сеп болады. Нағыз күз мезгілі келіп, өз «мінезін» көрсетіп жатса, фитнес залға барып, түрлі тренажерлармен жаттығуды жалғастыра аласыз.

Тым қатты қимылдағыңыз келмесе, йога жаттығуларын жасап, дененің иілгіштігін арттыра аласыз. Йога жаттығулары бұлшықеттер мен буындарға өте пайдалы.


Күн салқындады деп көп жеуге бола ма?


Ауа-райының салқындауы – көп тамақ жеу үшін сылтау болмауы керек. Дегенмен қатал диеталарға ұрынудың да қажеті жоқ. Оның орнына өзіңіздің тамақтану тәртібіңізге келетін рацион түрін таңдап алып, ешқандай жаттығу жасамай-ақ, өзіңізді сенімді сезіне аласыз.

Тамақтану рационыңызға міндетті түрде құнарлы сорпа қосыңыз. Егер күніне бір рет ыстық сорпа ішетін болсаңыз, денеңіз жылынып, ағзаңыз пайдалы минералдармен қаныға түседі. Қарынды тойғызып, жылыта түсетін тағы бір тағам – пайдалы ботқалар екенін ұмытпаңыз. Сонымен бірге күзде барлық көкөністер мен жемістердің пісетіні белгілі. Осы мезгілді пайдаланып, ағзаға қажетті дәрумендерді алып алу керек. Әсіресе аскөк пен сарымсақ иммунитетті нығайтатын селен элементіне бай.


Не ішуге болады?

Күзде қатты салқын су іше алмасаңыз, жылы сусындарды ішуге болады. Ең пайдалысы алабұға мен итбүлдірген және таңқурай тұнбалары. Мұндай сусындар сырттан үйге кірген кезде бойыңызды тез жылытып, иммунитетіңізді нығайта түседі.

Адамның тәбеті оның көңіл-күйіне байланысты. Бірақ та ауа-райының қолайысыздығына қарай көңіл-күйдің түсіп кететіні рас. Дегенмен барлығы да өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Көңіл-күйді көтеру үшін жиі-жиі достарыңызбен кездесіп, көңілді кештерге қатысыңыз. Егер көпшілік ортаны қаламасаңыз, велосипед айдауыңызға болады. Таза ауада велосипедпен серуендеу міндетті түрде сіздің көңіліңізді көтереді.

Таңертең ұйқыдан тұрғыңыз келмесе, осы уақытқа жағымды әрі дәмді таңғы ас дайындап қойыңыз. Мәселен, иісі аңқыған кофе мен пайдалы сүзбеше. Осылайша өз-өзіңізді алға жетелеп, денсаулығыңыз бен мүсініңізді бірқалыпты ұстау үшін жоғарыда айтылған әрекеттерді жасауға ұмтылыңыз. Тым болмағанда айына 1-2 кг артық салмақтан арыласыз. Ал табандылық танытып, күн сайын жаттығу жасап, серуендейтін болсаңыз, бұдан да көп салмақ жоғалта аласыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Ашуланғанда тамақты көп жейсіз бе?


Артық салмағы барлар «АРТЫҚ» жерлерін қалай жасырса болады?