Мына 5 тағам СЕМІРУ мен ҚАРТАЮды жылдамдатады

0
9 303

Қартаю мен семіру қатар жүретін ұғымдар. Жасы келе адамдар аз қозғалатындықтан зат алмасу жүйесі бұрынғыға қарағанда баяулап, семіруге бейім болып алады. Семіздіктің әсерінен адам өз жасынан үлкен көрініп, өзін жайсыз сезінеді.


Мына 5 тағам СЕМІРУ мен ҚАРТАЮды жылдамдатады

Қартаю мен артық салмақтың жиналуына ағзаға зиянды әдеттер, экология мен дұрыс тамақтанбау және гені де әсер етуі мүмкін. Дегенмен ең басты әсер етуші фактор тамақтану болып табылады дейді мамандар. Кейбір тағамдар бетке әжім түсіріп, денені май басады екен. Сол себепті де төмендегі тағамдарды азырақ тұтынып, тамақтану рационыңызға көңіл бөліңіз.


Тәттілер


Қант – өте дәмді болғандықтан адамға күш беріп, көңіл күйін көтереді. Алайда тәтті жегеннен кейін оның зардабымен күресу өте қиын. Қант терінің жасаруы мен деннің саулығына жауап беретін коллагенді жояды екен. Оның үстіне бұл тәттідегі құнарлы заттар бірден майға айналады. Сонымен қатар, иммунитетті әлсіретіп, түрлі аурулардың туындауына әсер етеді. Сол себепті де қантты аз қолданып, лажы болса, оның орнына жеміс-жидектерді жеген дұрыс. Алайда тәттіні бірден рационнан алып тастамай, жай -жай үйренісіңіз.


Маргарин, майонез, қақталған тағамдар


Бұл тағамдардың барлығы да майларға бай. Мұндай майлы қышқылдар ағзаға пайдалы. Терідегі май оның таза әрі сау болуына көмектеседі. Майлы қышқылдардан гормондар мен ми жасушалары түзіледі. Бірақ та трансмайлардан еш пайда жоқ. Бұлар пайдалы майларды жойып, зиянды қатпарларды көбейтеді.


Алкогольді ішімдіктер


Кез келген алкогольді ішімдік теріні құрғатып жібереді. Әсіресе бұдан бет терісі зардап шегеді. Сондай-ақ, алкоголь кортизол гормонының өршуіне себеп болып, калорияның бірден майға айналуына ықпал етуі ғажап емес.


Энергетикалық сусындар


Энергетикалық сусындардың құрамындағы компоненттер психологиялық тұрғыда адамның әдеттенуіне әкеп соқтырады. Шын мәнінде мұндай сусындар уақытша ғана сергектік сыйлап, жүйкені тыныштандырады. Бірақ, оның салдары бойда қалып қояды. Энергетикалық сусыннан алатын энергияны жаңғақтар мен кептірілген жемістерден де алуға болады. Пайдасы да орасан. Ал, энергетикалық сусындардың зияны шаш етектен. Құрамында тәтті көп болғандықтан тістің эмалін бұзып, жұмысқа деген қабілетті жояды.


Чипсы


Чипсы да зияндылық жағынан алдыңғы орындарды бермейді. Балалар жақсы көретін бұл өнімде крахмал мен трансмайлар өте көп. Бұлардың зияны туралы жоғарыда айтып өттік. Құнарлылығы басым болғандықтан да чипсы сымбатыңыз бен бауырға өте зиянды. Егер чипсы көп жейтін болсаңыз, соңында атеросклерозға шалдығуыңыз мүмкін.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Гастрит кезіндегі ДИЕТА: пайдалы әрі дәмді ас мәзірі


40 жастан асқандар МЫНА ТАҒАМДЫ жиі ЖЕГЕНІ дұрыс


БАУЫРЫ ауыратындарға БҰЛ тағамдарды жеуге БОЛМАЙДЫ