​Өте танымал ЖАПОН диетасы: жұмыртқа мен кофе

0
3 854

Бір аптада 5 келі салмақ тастауға септігін тигізетін ЖАПОН диетасының кереметтілігі неде? Білгіңіз келсе, төмендегі мақаланы оқыңыз!


​Өте танымал ЖАПОН диетасы: жұмыртқа мен кофе

Мықты денсаулық пен сұлулықтың бар құпиясы – дұрыс тамақтануда жатыр. Күнделікті ішіп-жеген сусыныңыз бен тағамыңыз қандай болса, тері саулығы мен сырт бейнеңіз де дәл сондай болады. Егер сіз дұрыс тамақтануға көңіл бөліп жүрген болсаңыз, әдемілене бастағаныңызды, фигураңыздың өзгергенін байқайсыз. Тіпті, көңіл күйіңіз көтеріліп, өзіңізді жақсы сезінесіз. Жапон әйелдері осы диета арқылы сырт келбеттерін қалыпқа келтіріп, 1 аптаның ішінде 5 келі салмақтан арылып жатыр екен. Сіз де қалыс қалмаңыз!


Бірінші күн:

Ең алғашқы күнді бір ғана азық түрін таңдап, соны жеуден бастаған дұрыс. Диетаның мақсаты – ағзадан артық сұйықтық пен зиянды заттарды шығару. Егер қаласаңыз, бірінші күні мына мәзірді пайдалана аласыз.

Таңғы ас:

Қантсыз 1 шыны кофе, 250 гр. көкөніс салаты.

Түскі ас: 250 кг көкөністер, 200 гр. қайнатылған тауық еті. Көкөністерден салат жасап жеуге болады. Азырақ май қоссаңыз артықтық етпейтінін ескертеміз.

Кешкі ас:

Көкөністерден қалағаныңызша жесеңіз болады. 2 дана қайнатылған жұмыртқа.



Екінші және жетінші күн аралығында жеуге болатын тағамдар:

Таңғы ас:

Бірінші күндегідей кофе мен көкөніс салаты.

Түскі ас: 1 шыны қантсыз кофе, 1 дана қайнатылған жұмыртқа, 100 гр. күріш немесе 150 гр. көкөніс.

Кешкі ас:

150 гр. қайнатылған тауық еті немесе сиыр еті. 2 дана қайнатылған жұмыртқа, балғын көкөністерді қалауыңызша жесеңіз болады.

Бір апта ішінде ағзадан арық сұйықтықтар шығып, ағзамыз майларды жиыра бастайды. Арықтаудағы ең маңызды процестердің бірі де осы. Диетамен қатар фитнеспен айналысуға да болады. Сонда бір апта ішінде 5 келі салмақтан арылу мүмкіндігіне ие боласыз.

Әдемі болу өз қолыңызда! Үнемі өзіңізді дамытып, сырт келбетіңізге мән беруден шаршамаңыз!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Тез АРЫҚТАУ үшін КӨК түсті ЫДЫСпен тамақтану керек


Крахмалға бай КАРТОППЕН арықтауға болады - дәрігер



Қарбыз дәні ағзаны шлактан тазалайды