​Шашы тез МАЙЛАНАТЫНДАРҒА арналған СУПЕР диета

0
5 240

2 күн ішінде жуылған шашыңыз майланып, мазаңызды қашыра ма? Қазіргі таңда мұндай проблема барлық адамдардың басында бар деуге болады. Дегенмен, бұл тығырықтан шығудың амалдары да жоқ емес.


​Шашы тез МАЙЛАНАТЫНДАРҒА арналған СУПЕР диета

Дұрыс әрі үйлестірілген тағам деннің саулығын арттырып, шашқа да ерекше жылтырлық сыйлайды. Өйткені шашымызға қажетті барлық пайдалы заттарды біз күнделікті тамақтану арқылы аламыз. Яғни, тағам құрамындағы дәрумендер мен минералды заттар, майлы қышқылдар қанға түсіп, шаш түбіне дейін нәр береді. Алайда бұл пайдалы заттар алдымен біздің өмірлік маңызы бар ағзаларымызға берілсе, ең соңында ғана шашқа жетеді екен. Сондықтан да ішкі ағзамызға бірдеңе жетіспейтінін немесе жұмысының бұзылғанын білу қиын емес. Мұндайда шашымыз майлануы, құрғап кетуі және сынғыштығы сияқты өзгерістерімен ең бірінші болып хабар береді екен.

Ендеше шашыңыздың әдемі, жылтыр болғанын қаласаңыз, дұрыс тамақтануды қолға алыңыз. Төмендегі СУПЕР диета сіздің көмекшіңіз бола алады.


Дүйсенбі

Ұйқыдан тұрған бойда: 1 стақан таза су ішіңіз. 1 шай қасық бал немесе бірнеше тамшы лимон шырынын қосуға болады.

Таңғы ас: Үй сүзбесіне аскөк, тұз, мейіз және бал қосып жеуге болады. Кофе немесе шай ішіңіз.

Тіскебасар уақыт: 1 дана банан жеңіз.

Түскі ас: Көкөніс сорпасы, қырыққабаттан дайындалған салат және 1 тілім нан.

Бесін ас: 1 шай қасық зығыр май қосылған сәбіз шырыны.

Кешкі ас: буға піскен котлеттер мен 200 гр. балғын немесе бұқтырылған көкөністер.


Сейсенбі

Ұйқыдан тұрған бойда: 1 стақан таза су ішіңіз. 1 шай қасық бал немесе бірнеше тамшы лимон шырынын қосуға болады.

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқадан дайындалған омлет, 1 дана қияр, кофе немесе шөп шай.

Тіскебасар уақыт: 1 дана апельсин немесе 2 дана мандарин.

Түскі ас: бұқтырылған кәді, қайнатылған тауық еті және 1 стақан шырын.

Бесін ас: бірнеше жаңғақ жеуге болады.

Кешкі ас: Қайнатылған күріш пен ет, зәйтүн майы қосылған қызанақ пен қияр салаты, 1 кесек сүзбелі пирог.

Сәрсенбі

Ұйқыдан тұрған бойда: 1 стақан таза су ішіңіз.

Таңғы ас: Арпа ботқасы және көкөніс салаты, шай немесе кофе.

Тіскебасар уақыт: күнбағыс немесе асқабақ дәнегі.

Түскі ас: Көкөніс немесе саңырауқұлақ сорпасы, салат, 1 тілім нан.

Бесін ас: 2 дана алма.

Кешкі ас: Май қосылған пияз бен қызылша салаты, картоп езбесі.


Бейсенбі

Ұйқыдан тұрған бойда: 1 стақан таза су ішіңіз. 1 шай қасық бал немесе бірнеше тамшы лимон шырынын қосуға болады.

Таңғы ас: бутерброд, сүт қосылған кофе немесе бал, лимон шырыны салынған шөп шай.

Тіскебасар уақыт: йогурт.

Түскі ас: Винегрет салаты мен сорпа, шырын ішу керек.

Бесін ас: 100 гр. кептірілген жемістер.

Кешкі ас: көкөністермен бұқтырылған балық, шөп шай.


Жұма

Ұйқыдан тұрған бойда: 1 стақан таза су ішіңіз.

Таңғы ас: тефтели қосылған қарақұмық ботқасы, буға піскен брокколи қырыққабаты.

Тіскебасар уақыт: 1 дана банан немесе алма.

Түскі ас: Көкөністермен бұқтырылған балық, кез келген жеміс шырыны.

Бесін ас: сүзбелі пісірмемен шай ішіңіз.

Кешкі ас: буға піскен бауыр және 1 стақан апельсин немесе қызанақ шырыны.

Сенбі

Ұйқыдан тұрған бойда: 1 стақан таза су ішіңіз. 1 шай қасық бал немесе бірнеше тамшы лимон шырынын қосуға болады.

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, сары май жағылған 1 тілім нан және шай.

Тіскебасар уақыт: кептірілген жемістер қосылған үй сүзбесі.

Түскі ас: буға піскен үрмебұршақ (фасоль) және май қосылған қырыққабат салаты.

Бесін ас: 2 дана алма мен грейпфрут.

Кешкі ас: қызанақ тұздығы қосылған макарон, көкөніс салаты.


Жексенбі

Ұйқыдан тұрған бойда: 1 стақан таза су ішіңіз.

Таңғы ас: кептірілген жемістер қосылған сұлы ботқасы мен шай.

Тіскебасар уақыт: ірімшік пен тауық еті салынған бутерброд, бал қосылған шай.

Түскі ас: қайнатылған тауық еті, үрмебұршақ қосылған салат, 1 стақан шырын немесе шай.

Бесін ас: 1 дана алма немесе банан, 1 кесек қара шоколад, 1 дана грейпфрут. Осылардың біреуін ғана жейсіз.

Кешкі ас: буға піскен котлеттер мен 200 гр. балғын немесе бұқтырылған көкөністер.


Диетаның оң және теріс әсерлері



Кез келген емдәмнің ағзаға жағымды және жағымсыз әсерлері болатыны сөзсіз. Ал, бұл емдәмнің оң әсерлері былайша байқалады:

шаштың өсуі жылдамдайды;

бас терісіне жақсы әсер етеді;

ішкі ағзалардың жұмысы жақсарады;

иммундық жүйе жұмысы қалыпқа келеді;

тырнақ пен тері қалыпқа келеді;

арықтауға септігін тигізеді.

Теріс әсерлері:

Диетаның әсері бірден байқалмайды. Айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу үшін 2-3 айдай уақыт кетеді.

Қуырылған, майлы әрі тәтті тағамдарды жеп үйренген жандарға мұндай диетаны ұстау қиынға соғады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


"БІРАҚ..." деген қағидамен ТЕЗ АРАДА арықтауға болады


ҚАРЫННЫҢ 4 түрі: Оны КЕТІРУДІҢ де 4 түрлі ӘДІСІ бар