ҚАРЫННЫҢ 4 түрі: Оны КЕТІРУДІҢ де 4 түрлі ӘДІСІ бар

0
27 456

Қарындағы майды кетіремін деп әрекет жасап көрдіңіз бе? Мұныңыздан нәтиже шықпаған болар?! Себебі, іштегі майды кетіру үшін алдымен оның қай түрге жататын біліп алу қажет.


ҚАРЫННЫҢ 4 түрі: Оны КЕТІРУДІҢ де 4 түрлі ӘДІСІ бар

Қарын тек семіз адамдарда ғана емес, арықтарда да болады. Көп адамдарда май дененің осы бір жеріне жиналатыны белгілі. Бірақ, әркімнің қарны әртүрлі. Соған байланысты қарынның пайда болуына бірнеше жағдайлар себеп болуы мүмкін. Дәл бүгінгі мақаламызда әйелдерге тән 4 түрлі қарын түрлері мен оны кетірудің жолдарын қарастыратын боламыз.


  1. «Алжапқыш» қарын

Атауы айтып тұрғандай, бұл қарын созылған әрі салбыраған «алжапқыш» сияқты алдыңызға түсіңкіреп тұрады. Қарынның бұлайша өзгеруі адамның жасына байланысты екен. Жасы келген сайын адамның қарны төмен қарай салбырап, артық майлар сол жерге жинала бастайды.

«Алжапқыш» қарын иелеріне – қимыл-қозғалысы аз, бір орында отырып жұмыс істейтіндер жатады. Сонымен қатар, мұндай қарны бар әйелдер физикалық белсенділігі төмендігіне қарамастан, ұннан жасалған тағамдар мен тәттілерді, қуырылған тағамдарды көп жейтіндіктен нәтиже осындай болады.


«Алжапқыш» қарынды қалай кетіреміз?

Ол үшін тазартылған қанттан, кондитерлік өнімдер мен наннан, фаст-фуд өнімдерінен, картоп, тұздықтар мен газды сусындардан бас тартуға тура келеді. Оның орнына жеміс-жидектер мен көкөністерді, балық, дәнді-дақылдар мен жаңғақтарды, жаңа сығылған көкөніс шырындарын ішкеніңіз абзал.

Тамақтану рационыңыздан спирттік ішімдіктерді мүлде алып тастаңыз. Егер алкогольді ішімдіктерді асыра ішетін болсаңыз, қарынның үлкеюіне себеп болуы ғажап емес. Мұндай қарынды күн сайын жасалатын физикалық жаттығулармен кетіруге болады. Сондықтан да отырып-тұру, аяқты көтеру, пресс сияқты жаттығуларды үнемі жасауды қолға алыңыз.


2. Шығыңқы қарын


Бұл қарын алға қарай шығыңқы әрі көкірек астынан бірден басталатындығымен ерекшеленеді. Мұндай қарындар жұмсақ емес, керісінше қатты болып келеді. Шығыңқы қарны барлар көбіне стреске берілгіш келеді. Сонымен қатар, бұл қарын иелерінің үнемі ұйқысы қанбай жүреді, сондай-ақ, фаст-фуд өнімдерін газды сусындармен, кофемен көбірек ішіп-жегенді ұнатады.


Шығыңқы қарынды қалай кетіреміз?

Ол үшін, ұйқының уақытын ретке келтіріңіз. Лажы болса, ұйқыға күн сайын бір уақытта жатып, бір уақытта тұруға әдеттенген дұрыс. Ал, стрестен арылу үшін, өзіңізге ұнайтын іспен шұғылданып, денені босаңсытатын, тыныштандыратын ванна қабылдауға болады.

Күнделікті ас мәзіріне құрамында магний элементі бар тағамдарды қосыңыз. Мысалы, жаңғақтар мен дәндер, ас көктер.


3. Босанғаннан кейін қалып қойған қарын

Мұндай қарын жас босанған және босанғанына біраз уақыт болса да өзін қалыпқа келтіре алмай жүрген әйелдерде болады. Бұл қалыпты жағдай. Себебі қарынның қалыпқа келуіне босанғаннан кейін алты аптадай уақыт қажет болады. Сондықтан да бұл уақытта жаттығумен жасау, диета ұстау ұсынылмайды.


Босанғаннан кейін қалып қойған қарынды қалай кішірейтуге болады?

Қарынның қалыпқа түсуі үшін ас мәзіріне балық пен теңіз өнімдерін, құрамында омега-3 майлы қышқылы бар балық майын қосқан дұрыс. Сондай-ақ, жаңғақтар, авокадо, зәйтүн мен дәндер де өте пайдалы.


4. Желденген қарын


Мұндай қарындар таңертеңгілік уақытта тартылып тұрады. Алайда, күндізгі уақытта ішектерге жиналған газдың әсерінен желденіп, кешке ісініп кетуі мүмкін. Дәл мұндай қарын арықтарда да, артық салмағы бар әйелдерде болады.

Іштің желденуі көбіне зат алмасу жүйесі бұзылғанда, ас қорыту нашарлағанда, аллергиялық жағдайларда кездеседі.


Желденген қарынды қалай кетіреміз?

Өзіңізге қай азық-түліктің жақпайтынын анықтап алыңыз. Содан соң оны тағамға қоспауға тырысыңыз. Негізі алкоголь, ашытқы, өңделген сүт өнімдері аллергия тудыруы немесе ас қорыту жұмысының бұзылуына себеп болуы мүмкін. Сол себепті де, ас мәзіріне жасұныққа бай азық-түліктерді, суды көбірек қосыңыз.

Аударған: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Ішіп-же де, арықта: МЫНА 3 азық-түлік майды ерітеді!


Жүзім ЖҮЗДІҢ «үстіне» шығарады!


Күзде үйдегі ЖАРЫҚТЫҢ көмегімен АРЫҚТАУҒА болатынын білесіз бе?