"БІРАҚ..." деген қағидамен ТЕЗ АРАДА арықтауға болады

0
3 268

Иә, күні бойы өзіңізге ұнайтын барлық тағамды жей аласыз, бірақ, бірақ…


Бәрі де оп-оңай!

Алайда, өзіңіз қалаған тағамды жегенмен, алдыңыздан бірнеше «бірақ» шығады. Егер сол айтылғандарды орындайтын болсаңыз, сымбатты болып шыға келесіз. Ендеше олар қандай «бірақ» екен санамалап көрейік!


Таңертең таңғы астан 15 минут бұрын - 1 стақан су ішесіз, дәл солай әрбір тамақтанудың алдында, күні бойы, яғни, 15 минут бұрын міндетті түрде 1 стақан су ішіп отыру керек.

БІРАҚ, тамақтанып болған соң бірден су немесе шай ішуге болмайды, тек 1 сағаттан кейін ғана құрғаған тамағыңызды жібіте аласыз.


Күніне 5-6 рет немесе 7 рет тамақтануға тура келеді. БІРАҚ, сіз жейтін тағам 1 стақаннан аспауы тиіс.

Осылайша Сіз қалағаныңызды жейсіз. Уақыт өткен сайын асқазан көлемі кішірейіп, салмақ тастай беретін боласыз! Бұған еш күмәніңіз болмасын.

«Бірақтарды» оқығаннан кейін қорқақтап қалатыныңыз белгілі. Дегенмен, «шешілмейтін түйін жоқ». Семіздіктен біржолата арылып, дене-бітіміңіздің қалыпқа келгенін қаласаңыз, жоғарыда айтылған шарттарды орындауға қиналмайсыз.

Егер сіз жұмыс істейтін болсаңыз, кішкентай көлемдегі ыдыстарды сатып алып, тағамды үйден дайындап, салып шығуға мүмкіндігіңіз бар. Сөйтіп күндізгі уақытта еш қиналмастан тамақтана аласыз.

БІРАҚ, ең басты қағида – тамақтанып болғаннан кейін, 1 сағат өтпейінше аузыңызды қолыңызға апармау керектігін ұмытпағаныңыз жөн. Тіпті, шай ішуге де болмайды.


Ал, екі тамақтану арасында әрбір 15-30 минут сайын таза су ішу ұсынылады. Яғни, тамақтандыңыз, 1 сағат уақыт өткен соң 1 стақан су іштіңіз, сосын араға 15-30 минут салып тағы да су ішесіз. Су ішу тәртібі осылайша жалғасып кете береді.

БІРАҚ, екі тамақтану арасын 2-3 сағаттан асырмаған дұрыс. Түнгі уақытта лажы барынша су ішпеуге тырысыңыз.

Алғашында мұндай тәртіпке бағыну қиындық тудырары сөзсіз.

Бірақ, тамақтану мен су ішер уақытты белгілеп, қоңыраулы сағатты пайдалануға болады. Болмаса қалам мен қағаз алып, не ішіп-жегеніңізді жазып, үнемі өз-өзіңізді бақылап отырыңыз.


Қанша су ішу керектігін есептеңіз!

Мынадай қарапайым есептеу тәсілімен, өзіңізге қанша литр су ішу керектігін есептеп көріңіз.

Әйелдер өз салмағына 31 санын, ал, ерлер 35 санын көбейтеді. Мысалы, сіздің салмағыңыз 62 келі шығатын болса, оған 31 санын көбейтесіз. Сонда 1922 саны шығады. Бұдан шығатын қорытынды – СІЗге 1 л 922 мл су ішу керктігін көрсетеді. Қорытынды бойынша шыққан 2 литрдей суды 200 мл-ге бөлетін болсақ, 10 стақан су шығады екен. Сонда сізге күні бойы 10 стақан су ішу керек. Таңертең таңғы сағат 7-де су ішуді бастап, кешкі 19:00-ге дейін аяқтасаңыз тіптен жақсы. Есте сақтайтын бір нәрсе, судың көп бөлігін, түскі асқа дейін ішкен абзалырақ. Сондай-ақ, суды аз-аздан, асықпай ішсеңіз, ағзаға жақсы сіңіп, ойдағыдай нәтижеге қол жеткізесіз.

Аударған: Қ.Әти,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ҚАРЫННЫҢ 4 түрі: Оны КЕТІРУДІҢ де 4 түрлі ӘДІСІ бар


Ішіп-же де, арықта: МЫНА 3 азық-түлік майды ерітеді!