Теледидар қарағанда АРТЫҚ САЛМАҚ ҚОСТЫРМАЙТЫН ТІСКЕБАСАР

0
3 357

Диетологтар қызық кино көргенде жеуге болатын МЫНАДАЙ тіскебасарларды ұсынады


Теледидар қарағанда АРТЫҚ САЛМАҚ ҚОСТЫРМАЙТЫН ТІСКЕБАСАР

Теледидар алдына жайғаспас бұрын не жейтініңізді ойланып, дайындап алыңыз. Көбіміз мұндайда дайын чипсы мен тәтті печеньелер немесе шекілдеуік шаққанды қалаймыз. Мұның бәрі денсаулыққа, әсіресе дене сымбатымызға зиян екенін біле тұра осылай жасайтынымыз анық.


Диетологтар теледидар қарағанда не жеу керектігін айтқан екен. Сіз де біле жүріңіз!


Алмадан жасалған чипсы, сонымен бірге кез келген кептірілген жемістерді жеуге болады.


Көкөністерден жасалған чипсы да теледидар көріп отырып жегенге өте қолайлы. Мысалы, кәді мен қызылшадан чипсы жасасаңыз болады.


Жаңғақтар. Жаңғақ адамның ағзасын ақуызбен қанықтырып, қанықпаған май қышқылдарымен нәрлендіреді. Бұл заттар қарынның тез ашпауыны ықпал етеді. Бірақ 20 дана жаңғақтан артық жемеген дұрыс. Жаңғақтың тұздалмаған, қоспасыз, табиғи түрін таңдауға кеңес береміз.



Тәтті қосылмаған попкорн. Попкорнға қант, май қоспай, азырақ тұз қосып дайындайтын болса, пайдалы ас болып шыға келеді. Мұны біреу білсе, біреу білмейтіні сөзсіз.


Ең пайдалы тіскебасар – жидектер. Қазіргі уақытта құлпынай сатылымда бар. Құлпынай С дәрумені мен басқа да минералды заттарға бай. Иммунитетті көтеріп, көңіл-күйді жақсартады.

Фильм көргіңіз келсе, осы айтылған кеңестерді ой елегінен өткізіңіз. Содан кейін пайдалы асты таңдайсыз ба әлде зияндысын сатып аласыз ба, өзіңіздің таңдауыңыз!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Диетологтар МЫНА 7 ТАҒАМДЫ мүлде ЖЕМЕЙДІ


Арықтағысы келетіндерге қандай жемістерді ЖЕМЕУ КЕРЕК