Ол қандай жеміс екенін білесіз бе?
Жеміс-жидектер өте пайдалы жасұныққа бай болады. Сондай-ақ, жемістердің құрамында дәрумендер мен ағзаға қажетті заттар да жеткілікті. Бірақ барлық жемістің арықтауға септігі тиеді деп ойламаңыз. Жемістердің ішінде де ағзаға жағымды әсер ететіні және де жағымсыз әрі қауіпті түрлері жоқ емес.
Арықтағысы келетіндерге мына жемістерді жемеген дұрыс:
Құрма
Пайдалы екендігіне қарамастан құрманы да көп жеуге болмайды. Оның құрамында танин заты көп. Танин асқорытуды нашарлатып, көп жеген жағдайда семіруге сеп болады дейді мамандар.
Банан да пайдасыз жемістердің қатарында. Себебі оның құрамы қантқа бай болғандықтан да оның гликемиялық индексі тым жоғары. Әсіресе артық салмағы бар жандарға банан жемеген дұрыс.
Алма
Алмада пайдалы заттар қаншалықты көп болса, зиянды қышқылдар да соншалықты көп екен. Алманы асқазан-ішек жолдарында ақауы барларға жеуге кеңес бермейді.
Алмұрт
Алмұртты ашқарынға мүлде жемеңіз. Себебі асқазанның ауыруы, жайсыздық тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, алмұртты басқа тағамдармен бірге жеуге болмайды. Әсіресе ет тағамдары мен алмұртты қосып жемеген абзал.
Шабдалы
Шабдалыда да қант көп. Бұдан бөлек, сыртқы қабығындағы түтіктері аллергия беруі ғажап емес. Тәтті әрі ерекше жемістердің осындай да зиянды жақтары бар екен.
Ең пайдалы 5 жеміс
Авокадо – ең пайдалы жеміс болып табылады. Оның құрамы мен пайдалы әсеріне ешбір жеміс тең келмейді. Авокадо жемісінде пайдалы өсімдік майлары бар. Күніне 1 дана авокадо жеген жеткілікті. Бұл жемісті диета ұстау барысында ас мәзіріне қосатын болсаңыз, нәтижесі екі есеге артады.
Лимон – С дәруменінің қайнар көзі. Аталмыш дәрумен шаршауды басып, сергітетін қасиетке ие. Бұдан бөлек, иммунитетті көтеріп, қарынның тез ашуына жол бермейді.
Анар – ең пайдалы минералды заттарға бай. Анардатемір, йод, калий, магний элементтері бар. Күнделікті 100 гр анар жеген адамның ағзасы бір күндік дәрумен қажеттілігін өтей алады.
Ананас - ең тәтті әрі дәмді жемістердің бірі. Ананас та С дәрумені мен калий элементінің қайнар көзі. Ол асқорыту жүйесінің жұмысын жақсартып, иммунитетті көтереді.
Киви – диеталық жеміс болып табылады. Себебі киви жемісі С дәрумені мен антиоксиданттар мен ферменттерден тұрады.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Жаттығу жасамай-ақ 4-7 келі САЛМАҚ ТАСТАЙ АЛАСЫЗ