Тез арықтағыңыз келсе, ТАҢҒЫ асқа 2 дана ЖҰМЫРТҚА жеңіз

0
10 736

​Таңғы асқа екі дана қайнатылған жұмыртқа немесе жұмыртқадан омлет жасап жегендер екі есе тез арықтайды екен. Мұны американ ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесінен байқауға болады.


Тез арықтағыңыз келсе, ТАҢҒЫ асқа 2 дана ЖҰМЫРТҚА жеңіз

«Неліктен жұмыртқа жегендер семіздіктен жылдам арылады?» - деп ойлап отырған боларсыз. Себебі жұмыртқа қарынды тез тойдырып, ұзақ уақытқа дейін ашықпауға көмектеседі. Оның құрамында микроэлементтер мен ақуыз, пайдалы майлар молынан. Адам ағзасы жұмыртқа жегеннен кейін жеткілікті нәрлі заттарды қабылдап, тәбеті де біраз уақытқа дейін басылады.

Жұмыртқаның осындай қасиетін дәлелдемекші болған ғалымдар артық салмағы бар әйелдерге зерттеу жүргізген. Олардан диетамен қатар, таңғы асқа күн сайын екі жұмыртқа немесе тоқаш нан жеуді талап еткен. Екі айдан кейін жұмыртқаны пайдаланғандар 65 пайыз салмақ тастаған көрінеді. Яғни, өз салмағынан да көп салмақ жоғалтқан екен. Жалпы көлемдері де тоқаш нан жегендерге қарағанда екі есе кішірейіп, дене бітімдері әдемілене түскен. Сонымен қатар, зерттеуге қатысқан әйелдер қауымы көңіл-күйлерінің көтеріліп, сергек бола бастағандарын да мойындайды.

Міне, ғалымдар осылай дейді. Ендеше таңғы асқа 2 дана қайнатылған жұмыртқа жеп, семіздіктен біржолата құтылыңыз!


14 күнге арналған ЖҰМЫРТҚА диетасы


1-күн

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа мен грейпфрут.

Түскі ас: 1 түрлі жемісті қалағаныңызша жейсіз. Тойып жеуге болады.

Кешкі ас: 200 гр. қайнатылған сиыр еті.


2-күн

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа мен апелтсин.

Түскі ас: Қайнатылған көкөністер, 100 гр. майсыз сүзбе.

Кешкі ас: Грейпфрут және көкөніс салаты (пекин қырыққабаты, болгар бұрышы, пияз, қияр, қызанақ).


3-күн

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа мен грейпфрут.

Түскі ас: Бұқтырылған немесе қайнатылған көкөністер және 2 дана қайнатылған жұмыртқа (кәді, сәбіз, фасоль)

Кешкі ас: 200 гр. қайнатылған балық, 3 салат жапырағы, грейпфрут.


4-күн

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа мен апельсин.

Түскі ас: 200 гр. қайнатылған тауық еті.

Кешкі ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, салат жапырағы және балдыркөк, грейпфрут.


5-күн

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа мен грейпфрут.

Түскі ас: Қайнатылған көкөністер, 1 дана жұмыртқа, 50 гр. майсыз сүзбе.

Кешкі ас: Қызанақ, қияр, пекин қырыққабаты, болгар бұрышы қосылған салат,грейпфрут.


6-күн

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа мен апельсин.

Түскі ас: 200 гр. қайнатылған немесе пеште піскен тауық еті, 1 тілім қара нан.

Кешкі ас: Алмұрт, апельсин, киви және алма қосылған жеміс салаты.


7-күн

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа мен грейпфрут.

Түскі ас: Бұқтырылған немесе қайнатылған көкөністер және 2 дана қайнатылған жұмыртқа (кәді, сәбіз, фасоль).

Кешкі ас: Қызанақ, қияр, пекин қырыққабаты, болгар бұрышы қосылған салат, 1 тілім нан, грейпфрут.


8-күн

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа мен грейпфрут.

Түскі ас: Қайнатылған көкөністер, 1 дана жұмыртқа, 50 гр. майсыз сүзбе.

Кешкі ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, салат жапырағы мен балдыркөк,грейпфрут.


9-күн

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа мен апельсин.

Түскі ас: Бұқтырылған немесе қайнатылған көкөністер және 2 дана қайнатылған жұмыртқа (кәді, сәбіз, фасоль).

Кешкі ас: Қызанақ, қияр, пекин қырыққабаты, болгар бұрышы қосылған салат,грейпфрут.


10-күн

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа мен грейпфрут.

Түскі ас: Қайнатылған немесе пеште піскен 200 гр. тауықтың төс еті.

Кешкі ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, салат жапырағы мен балдыркөк,грейпфрут.


11-күн

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа мен апельсин.

Түскі ас: Бұқтырылған немесе қайнатылған көкөністер және 2 дана қайнатылған жұмыртқа (кәді, сәбіз, фасоль).

Кешкі ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, салат жапырағы мен балдыркөк,грейпфрут.


12-күн

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа мен грейпфрут.

Түскі ас: 200 гр. пеште піскен немесе қайнатылған тауық еті.

Кешкі ас: Алмұрт, апельсин, киви және алма қосылған жеміс салаты.


13-күн

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа мен апельсин.

Түскі ас: Бұқтырылған немесе қайнатылған көкөністер және 2 дана қайнатылған жұмыртқа (кәді, сәбіз, фасоль).

Кешкі ас: Қызанақ, қияр, пекин қырыққабаты, болгар бұрышы қосылған салат, грейпфрут.


14-күн

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа мен грейпфрут.

Түскі ас: Қайнатылған көкөністер, 1 дана жұмыртқа, 50 гр. майсыз сүзбе.

Кешкі ас: Алмұрт, апельсин, киви және алма қосылған жеміс салаты.


Кеңес

14 күн бойы дәл осылай тамақтанып ары қарай майлы, қуырылған тамақтарды рационға қосуға болмайды. Әйтпесе, бұрынғы салмағыңызды қайта қосып аларыңыз сөзсіз. Әсіресе диетаның алғашқы аптасында көп салмақ жоғалтуыңыз мүмкін. Кейін келе ағзаңыз бұлайша тамақтануға үйреніп, өзіне қажетті дәрумендер мен минералды заттарды алғаннан соң майды аз-аздан жиыратын болады. Ал, ары қарай диета ұстау айтарлықтай қиындық тудырмайды. Екі апта бойы дұрыс тамақтанғаннан соң нәрленген ағза бұл пайдалы заттарды тағы да қажет ететін болады. Сол себепті де диетаны соңына дейін жеткізіп, дұрыс тамақтануды тастамағаныңыз абзал. Сонда сіз 1 айда 10-15 кг-ға арықтайсыз.

Керемет нәтижеге жетіп, сымбатыңыздың көзтартарлықтай болғанын қаласаңыз, біздің кеңестерімізге құлақ асыңыз!

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ТҮНГЕ қарай қарныңыз ашса, мыналарды ЖЕСЕҢІЗ, СЕМІРМЕЙСІЗ!


Мына 7 ЛАЙФХАК артық тамақ жемеуге көмектеседі


Коронавирус жұқтырғандарға алкоголь ішуге болмайды