​Мына 7 ЛАЙФХАК артық тамақ жемеуге көмектеседі

0
8 219

Қалай көп тамақ жеп қойғаныңызды байқамай қалатын болсаңыз, мына 6 лайфхак сіздерге арналады.


​Мына 7 ЛАЙФХАК артық тамақ жемеуге көмектеседі

Қазіргі уақытта жүйкесі тозбаған әйел кемде-кем шығар. Бірі күйеуіне, енді бірі енесіне, тағы біреулері туған анасына ренжулі. Әйтеуір ештеңеге көңілі толмайтын нәзікжандылар қауымы ғой баяғы. Сөйтеді де салмағына салмақ қосып, әбден толысып болған соң ойланады. Жүйкесі сыр бере бастаса жан тыныштығын тәтті тағамдардан іздейтін әдетіне басады. Соңында өзі ғана зардап шегетінін білсе де солай жасайды.

Ендеше, құрметті қыз-келіншектер, қалай семіріп кеткеніңізді, көп тамақ жеп қойғаныңызды байқамай қалған болсаңыз, мына 6 лайфхак сіздерге арналады.

Стресс кезінде адам ағзасы глюкокортикоид гормонын бөліп шығарады екен. Бұл гормон тәбетті ашып, көп тамақтануға итермелейді. Бұдан кейін ағзаға серотонин гормоны қажет болады. Көңіл-күйді көтеретін аталмыш гормонды біз бөлішкелер мен конфеттерден ала аламыз. Осындайда не істеуге болады?


Бірден тәтті жегіңіз келсе...

  1. Жейін деп отырған бөлішкені 10 минутқа бір шетке қоя тұрыңыз. Өйткені миымыз осы қажеттілікті сезеді де, тез-тез ағзаның талабын орындауға кіріседі. Әсіресе стресс кезінде жей салған бөлішке бірден серотонин деңгейін арттырады. Сол себепті де тәтті жеуді 10-20 минутқа кейінге қалдыра тұрсаңыз, бәрі де орнына келеді.
  2. Қарныңыздың ашқанын сезген бойда тамаққа бас салмаңыз. Оның орнына басқа іспен айналысуға, көңілді басқа жаққа бұруға тырысыңыз. Мысалы, өзіңіздің сүйікті ісіңізбен шұғылданып, сурет салыңыз. Домбыра тартып, ән айтыңыз. Ең болмағанда далаға шығып таза ауа жұтуға болады.


Қарын қатты ашқанда не жеу керек?

3. Ақуыздан тұратын тағамдар қарынның ұзақ уақыт бойы ашуына жол бермейді. Сондықтан да мұндай жағдайда бір дана қайнатылған жұмыртқа немесе көкөністерден дайындалған омлет жеңіз. Сағыз шайнау арқылы да миды «алдауға» болады.

4. Жеміс-жидектердің құрамында да қант бар. Дәрумендер де жеткілікті. Құнарлылығы төмен әрі пайдалы жемістер сіздің қарныңыздың қатты ашуына жол бермейді. Кофе де біраз уақыт қарынның ашқанын басатын қасиетке ие. Әсіресе латте немесе капучино ішкен дұрыс.


Кешкі уақытта қарын ашса не істеу керектігін білесіз бе?

Әдетте ауыр жұмыс күнінен кейін адамдар кешкі тамаққа дәмді тағам жеуді жоспарлайды. Ең құрығанда шоколадпен немесе тәттілермен шай ішеді. Осындай жағдайды болдырмас үшін мыналарды жасауды ұмытпаңыз:

5. Күндіз түстенуді ұмытпаңыз. Егер түс кезінде тамақтанбаған болсаңыз, кешке міндетті түрде қарныңыз ашып, жүйкеңіз шаршайды. Сол себепті де түскі асты тастамаған абзал.

6. Кешкі асты алдын-ала жоспарлаңыз. Өйткені кешкі асқа не жейтінін білген адам артық нәрсе сатып алмайды. Мәселен, кешкі асқа жеңіл салат немесе қайнатылған көкөніс жеуді жоспарласаңыз, тек сол заттарды ғана сатып аласыз. Алайда кешкі тамаққа не жейтініңізді білмесеңіз, онда құнарлы әрі зиянды тамаққа ұрынуыңыз әбден мүмкін.

7. Кешкі асты әсемдеңіз. Әрбір жейтін көкөністеріңізді турап, ыдысқа әсемдеп салыңыз. Қасына салфетка қоюды да ұмытпаған жөн. Осындай әдемі дастарханнан кез келген жан дәм татып қана қоятыны рас. Себебі әдемілікке көзіміз де, көңіліміз де тояттанып қалады екен. Ендеше тек кешкі тамақты ғана емес, уақытыңыз болып жатса, таңғы, кешкі астарды да дәл осылай әсемдеп, көтеріңкі көңіл күймен жеуге тырысыңыз.

Аударған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Коронавирус жұқтырғандарға алкоголь ішуге болмайды


САЛМАҚ ҚОСТЫРМАЙТЫН тәттілер:"Қызыл барқыт", "Вупипай", "Сникерс"


3 күнде 3 келі САЛМАҚТАН арылтатын БАНАН + СҮТ диетасы