Тез арықтауға болмайды: АПТАСЫНА -2 кг жеткілікті

0
2 498

Сіз «аптасына -2 кг» диетасымен өз сымбатыңызды қалыпқа келтіріп, жоғалтқан салмақты қайтып қосып алмайтындай дәрежеде арықтайсыз.


Тез арықтауға болмайды: АПТАСЫНА -2 кг жеткілікті

Семіздікке шалдыққандардың көбі тез арықтауды қалайды. Алайда мамандар тез арықтауға болмайды дейді. Себебі адам қаншалықты жай салмақ тастаған сайын, оның денсаулығына да ешбір зиян келмейді екен. Сондықтан да сіз «аптасына -2 кг» диетасымен өз сымбатыңызды қалыпқа келтіріп, жоғалтқан салмақты қайтып қосып алмайтындай дәрежеде арықтайсыз.


Бұл жалқауларға арналған диета түрі емес. Сізге көп еңбектенуге тура келеді. Ең алдымен күнделікті тамақтану рационына қосылатын барлық тағамдардың килокалориясын біртіндеп есептеп шығасыз. Егер бұлай жасамасаңыз, арықтай алмайсыз. Әрбір тағамның калориясын білгеннен кейін оны 20-30 пайызға азайту керек. Артық салмақтан арылу үшін тағамның ккалориясын 1500-ден асырмауға тырысыңыз.


Тамақтану рационынан қандай азық-түліктерді алып тастау керек?

  • Ас мәзірінен ең алдымен құрамында май мен көмірсулары бар тағамдарды шығарып тастаңыз.
  • Ақуызға бай тағамдарды көбейткен дұрыс. Сонда бұлшықет массасы қалыпты сақталып, артық майлар кете бастайды.
  • Сонымен қатар, қант, кондитерлік өнімдер, тәтті сусындар, ақ нанды ас мәзірінен шығару керек. Тұзды азайтып, алкогольді ішімдіктерді мүлде ішпеңіз.
  • Күніне 5 рет аз-аздан тамақтаныңыз.

Төменде 1 аптаға арналған диетаны ұсынып отырмыз. Егер ас мәзірінде берілген тағамдарды дайындап, сол бойынша тамақтанатын болсаңыз, аптасына міндетті түрде 2 кг салмақ тастайсыз. Диетаны ары қарай да жалғастыруды ұмытпаңыз. Егер 7 күнде екі келі артық салмақпен қош айтыссаңыз, 30 күнде ойланбай 8 келі майдан арыласыз.


7 күнге арналған ас мәзірі



1-күн

Таңғы ас: Суға піскен сұлы жармасы, 1 ас қасық мейіз, кофе.

Екінші таңғы ас: 1 стақан айран мен кептірілген нан.

Түскі ас: 100 гр. тауықтың төс еті, 100 гр. күріш, томат пен су қосылған тағам.

Бесін ас: 1,5 пайыздық йогурт, 1 дана киви.

Кешкі ас: Көкөніс салаты мен бір тілім кептірілген нан.

2-күн

Таңғы ас: Өсімдік майы қосылған қарақұмық ботқасы, кофе.

Екінші таңғы ас: 150 гр. сүзбе, алма, газсыз су.

Түскі ас: Көкөністер мен сиыр еті қосылған тағам.

Бесін ас: Жеміс шырыны, 1 тілім кептірілген нан.

Кешкі ас: Грильге пісірілген балық, салат жапырағы, лимон шырыны мен көк шай.

3-күн

Таңғы ас: Қайнатылған жұмыртқа, кофе, 2 тілім кептірілген нан.

Екінші таңғы ас: 10 дана жаңғақ пен алма, су.

Түскі ас: 50 гр. ірімшік, теңіз өнімдері мен лимон шырыны қосылған салат, қара шай.

Бесін ас: Аскөк қосылған айран.

Кешкі ас: Қызанақ пен салат жапырағы, жұмыртқаның ақ уызынан дайындалған омлет, газсыз таза су.

4-күн

Таңғы ас: суға піскен сұлы жармасы, 1 дана грейпфрут, кофе.

Екінші таңғы ас: 200 гр. майсыз сүзбе, тұрып пен аскөк салаты, көк шай.

Түскі ас: 150 гр. ет пен көк бұршақ қосылған тағам, таза су.

Бесін ас: Саңырауқұлақ пен қызанақтан, пияздан жаалған рагу, қара шай.

Кешкі ас: Қайнатылған картоп, салат жапырағы, су.

5-күн

Таңғы ас: Кептірілген нан мен өрік, ірімшік және кофе.

Екінші таңғы ас: Қайнатылған жұмыртқа, көкөніс шырыны.

Түскі ас: Саңырауқұлақ қосылған тұзды сорпа, көк шай.

Бесін ас: 150 гр. сүзбе, алма, газсыз су.

Кешкі ас: 50 гр. ірімшік, теңіз өнімдері мен лимон шырыны қосылған салат, қара шай.

6-күн

Таңғы ас: Зәйтүн майы қосылған қарақұмық ботқасы, кофе.

Екінші таңғы ас: Ірімшік, қызанақ пен аскөк.

Түскі ас: Майсыз балық пен кішірек қайнатылған картоп пен көкөніс салаты, көк шай.

Бесін ас: Апельсин мен 1 стақан майсыз йогурт. .

Кешкі ас: Қызанақ пен салат жапырағы, жұмыртқаның ақ уызынан дайындалған омлет, газсыз таза су.

7-күн

Таңғы ас: Сүзбе мен жидектер, қара шай.

Екінші таңғы ас: 1 стақан простоквашина, кептірілген 1 тілім нан.

Түскі ас: Пеште піскен майсыз балық пен көкөніс салаты, көк шай.

Бесін ас: Қайнатылған жұмыртқа, алма, көк шай.

Кешкі ас: Қырыққабат салаты, 150 гр. қайнатылған майсыз ет, газсыз су.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ОҢАЙ АРЫҚТАУ: таңертең салқын душ қабылдаңыз


Ет жемесеңіз ағзаңызда қандай өзгеріс болатынын білесіз бе?