​Ұннан жасалған тағамдардан бас тарту оңай!

0
275

20-шілде – ұннан жасалған өнімдерден бас тарту күні. Сіз де осы күнді пайдаланып қалыңыз. Өйткені былайғы уақытта тәттілер мен ұннан жасалған түрлі бәліштерден бас тарта алмайтыныңыз белгілі. Сондықтан да ұнсыз, ешбір тәттісіз тартымды болуға шақырамыз!


​Ұннан жасалған тағамдардан бас тарту оңай!

Нені жеп, нені жемеу керек?

Әйелдердің фигурасын құртатын әрі тартымсыз ететін ұннан жасалған тәттілер мен бөлішкелер екенін ұмытпаңыз. Сондықтан да бірінші кезекте, осындай нандарды, ұн өнімдерін, құрамында қанты бар тағамдарды ас мәзірінен мүлде шығарып тастау керек.


Диета 1 айға созылады. Алғашқы апталарда қанттың орнын жеміс-жидектермен, ал, ұн өнімдерін диеталық нандармен алмастыруға болады.


Жеуге тыйым салынбаған тағамдар:

Көкөністер (кәді, қияр, қызанақ, балдыркөк, баялды, пияз, қырыққабат, асқабақ, сәбіз, бұрыш);

Аскөк (ақжелкен, аскөк, насыбайгүл, брокколи, салат жапырағы, асжапырақ);

Жеміс-жидектер (алма, алмұрт, қара өрік, өрік, шабдалы, шие, апельсин, грейпфрут, лимон, құлпынай, қарбыз, қауын);

Кептірілген жемістер (қара өрік, кептірілген сары өрік, інжір, құрма)

Сүт өнімдері (сүт, сүзбе, ряженка, йогурт)

Диеталық ет пен балық – қайнатылған, буға піскен, пешке піскен (тауық еті, қоян, сиыр еті, майсыз балық);

Жаңғақтар (бадам, грек, орман жаңғағы, жержаңғақ, кешью);

Сонымен қатар, жұмыртқаны да жеуге болады.


Жеуге тыйым салынған тағамдар:

Балмұздақ;

Торт және тәттілер;

Печенье мен тәтті пісірмелер;

Конфеттер;

Газдалған тәтті су;

Майға қуырылған тағам;

Жүгері мен картоп;

Банан мен жүгері;

Алкогольді ішімдіктер;

Шошқа еті.


1 айға арналған ас мәзірі


Диета нәтижелі болу үшін бір ай бойы осы мәзірді өзгертпеген дұрыс. Сонда ғана мақсатқа жетіп, семіздіктен құтыласыз.


1-күн

Таңғы ас: балғын жемістер мен шырын.

Түскі ас: қияр мен қызанақ салаты.

Кешкі ас: сүттен жасалған шұжықшалар, диеталық нан (диетические хлебцы).


2-күн

Таңғы ас: қаймақ қосылған сүзбе.

Түскі ас: қарақұмық пен тауық етінен дайындалған котлеттер.

Кешкі ас: бір тілім қатқан нан (тост) мен апельсин шырыны.


3-күн

Таңғы ас: балғын көкөністер мен қара шай.

Түскі ас: картоп езбесі.

Кешкі ас: бал қосылған 1 стақан жылы сүт


4-күн

Таңғы ас: Қант қосылмаған сұлы ботқасы мен 1 шыны кілегей қосылған кофе.

Түскі ас: Сәбіз езбесі мен алма нәрсуы.

Кешкі ас: сүзбе мен кефир.


5-күн

Таңғы ас: майсыз йогурт

Түскі ас: құлпынай мен кисель.

Кешкі ас: бал қосылған сүзбе.

6-күн

Таңғы ас: қара өрік қосылған тары ботқасы, сүт.

Түскі ас: жемістер мен апельсин шырыны.

Кешкі ас: бал мен диеталық нандар.


7-күн

Таңғы ас: киви мен 1 стақан қантсыз какао.

Түскі ас: балықтан дайындалған салат және диеталық нандар.

Кешкі ас: қайнатылған қарақұмық пен кефир.


8-күн

Таңғы ас: балқытылған ірімшік пен кисель.

Түскі ас: картоп езбесі, апельсин шырыны.

Кешкі ас: диеталық нандар, кисель.


9-күн

Таңғы ас: апельсин шырыны мен көк пияз қосылған қуырылған жұмыртқа.

Түскі ас: майсыз балық котлеттері.

Кешкі ас: көкөністерден дайындалған рагу.


10-күн

Таңғы ас: салат жапырағы мен қаймақ.

Түскі ас: тары ботқасы, какао.

Кешкі ас: піскен картоп.


11-күн

Таңғы ас: буға піскен омлет.

Түскі ас: көкөністерден дайындалған пісірме, майсыз кефир..

Кешкі ас: құлпынай мен йогурт.


12-күн

Таңғы ас: брокколи мен апельсин шырыны.

Түскі ас: ірімшік қосып пісірілген кәді.

Кешкі ас: қызанақ қосылған омлет.


13-күн

Таңғы ас: қуырылған кәді.

Түскі ас: 250 гр. майсыз тауық еті мен қаймақ.

Кешкі ас: қарақұмық сорпасы.


14-күн

Таңғы ас: көк пияз бен қызанақ қосылған омлет және лимон шайы.

Түскі ас: балғын құлпынай.

Кешкі ас: картоп езбесі мен майсыз сүт.


15-күн

Таңғы ас: диеталық нандар мен майсыз қаймақ.

Түскі ас: сұлы жармасы мен жеміс шырыны.

Кешкі ас: картоп езбесі.


16-күн

Таңғы ас: қарақұмық пен кофе.

Түскі ас: облет пен 1 стақан сүт.

Кешкі ас: көкөністер мен аскөктен дайындалған сорпа.


17-күн

Таңғы ас: 1 шыны кілегей қосылған сұйық кофе, бал.

Түскі ас: сүттен жасалған шұжықшалар.

Кешкі ас: көкөністер қосылған қарақұмық тағамы.


18-күн

Таңғы ас: қызанақ пен жидек киселі.

Түскі ас: грек салаты, томат шырыны.

Кешкі ас: картоп езбесі мен майсыз кефир.


19-күн

Таңғы ас: қуырылған жұмыртқа мен балғын қияр, шырын.

Түскі ас: қаймақ қосылған тауық сорпасы.

Кешкі ас: қарақұмық пен жеңіл котлеттер.


20-күн

Таңғы ас: сүзбе мен бал.

Түскі ас: көкөністен дайындалған рагу.

Кешкі ас: балық котлеті.


21-күн

Таңғы ас: тауық етінен дайындалған котлеттер.

Түскі ас: қуырылған балық.

Кешкі ас: бал қосылған сүзбе мен өсімдік шайы.


22-күн

Таңғы ас: тары ботқасы.

Түскі ас: жемістер мен йогурт араласпасы.

Кешкі ас: көкөністерден дайындалған рагу мен ряженка.


23-күн

Таңғы ас: бал қосылған сүзбе, өсімдік шайы.

Түскі ас: банан, киви, құлпынай және ананас.

Кешкі ас: балық котлеті.


24-күн

Таңғы ас: балғын көкөністер мен буға піскен омлет.

Түскі ас: сүтке піскен сұлы ботқасы.

Кешкі ас: Қызанақ пен қияр салаты, шырыны.


25-күн

Таңғы ас: қайнатылған қарақұмық

Түскі ас: сүттен дайындалған шұжықшалар, апельсин.

Кешкі ас: қара өрік қосылған тары ботқасы.


26-күн

Таңғы ас: қаймақ қосылған сүзбе, кофе.

Түскі ас: сүттен жасалған шұжықшалар.

Кешкі ас: тары ботқасы, 1 стақан сүт.


27-күн

Таңғы ас: қызанақ пен қияр, апельсин шырыны.

Түскі ас: қарақұмық пен сүттен жасалған шұжықшалар.

Кешкі ас: шай, диеталық нандар, йогурт.


28-күн

Таңғы ас: қара өрік қосылған сұлы ботқасы, сүт.

Түскі ас: қарбыз лимонады, балғын жемістер.

Кешкі ас: сүттен жасалған шұжықшалар.


29-күн

Таңғы ас: аскөк қосылған омлет, сұйық шай.

Түскі ас: киви мен ананас, йогурт.

Кешкі ас: сұлы ботқасы, апельсин шырыны.


30-күн

Таңғы ас: сүзбе мен нан (тост).

Түскі ас: сүтке піскен қантсыз ботқа.

Кешкі ас: салат жапырағы мен томат шырыны.


1 айдан соң сырт келбетіңіз бен ішкі ағзаңыздың қаншалықты өзгеретінін білгіңіз келе ме?

Ағза тәтті мен ұн тағамдарын аңсамайтын болады;

Қарын ашу болмайды;

Жасара түсесіз;

5-10 келіге арықтайсыз;

Күш-жігеріңіз тасып, энергияңыз көбейеді.

Дайындаған: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


6 рет БӨЛІП тамақтану арқылы арықтаудың ҚҰПИЯСЫ


10 күнде -10 КЕЛІГЕ арықтататын ЖАЗДЫҚ диета

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет