Арықтау үшін ЫДЫСТЫ да, КІРДІ де қолмен жуыңыз!

0
4 430

Көптеген қыздар оңай әрі тез арықтағысы келеді. Алайда, бұл тұрғыда ғажайыпқа сеніп отыруға болмайды. Дегенмен, арықтауды шын қаласаңыз, ыдыс жуып жүріп те сол мақсатқа жете аласыз.


Арықтау үшін ЫДЫСТЫ да, КІРДІ де қолмен жуыңыз!

Әйелдер қауымында күнделікті үй шаруасымен айналысып жай-жай салмақ тастауға, дене-бітімді қалыпқа келтіруге зор мүмкіндік бар. Өйткені көпшілігінің спортпен айналысуға, дұрыс тамақтануды қолға алуға күш-жігері жете бермейді. Сол себепті де ең қарапайым әдістерді пайдалана отырып, арықтауға қарай қадам жасаған дұрыс.

Мысалы:

Еденді швабраның көмегімен жуғанда – 70 грамм салмақ жоғалтсаңыз, қолмен жусаңыз 120 ккал тағамды сіңіресіз. Ал, шаң басқан жиһаздарды сүрту кезінде 60-70 грамм, үйді шаңсорғышпен тазалағанда тағы да 60 грамм салмақтан арыласыз. Егер де дәл осындай қимыл-қозғалысқа арнайы жаттығуларды қосып жасайтын болсаңыз, міндетті түрде артық салмақтан арыласыз.

Төмендегі үй шаруаларымен күнделікті айналысып отырсаңыз, күніне 1000 калорияны, яғни, 1 келі салмақты жоюға болады.


Ыдыс жуудан бастайық!


Ыдыс жууға 20-30 минуттай уақыт кететіні белгілі. Әсіресе майлы әрі күйген таба мен қазандар болса, ыдыс жуу ұзаққа созылуы мүмкін. Осы уақыт аралығында өзіңізде байқамай 100 калорияны жояды екенсіз. Бұл жай ғана ыдыс жуу барысындағы алған пайдаңыз. Ыдыс жуудан жалығып немесе шаршап кетпес үшін көңілді әуен қойып, сол әннің ырғағымен тербеліп, ыдыстарды тап-таза етуге болады. Қандай істі жасамасаңыз да көңіл-күйіңізді көтеруге тырысыңыз. Еріншектікпен немесе жалқаулықпен орындалған істен ләззат ала алмайтыныңыз белгілі. Нәтижесі де ойдағыдай бола қоймайды. Мұндайда ыдыстарды асығыс жуып, шала-пұла шая салуыңыз да ғажап емес. Есесіне калорияны аз жоғалтасыз. Сондықтан да ыдыстарды таза әрі ұзағырақ жууға тырысыңыз. Билеп тұрып жусаңыз тіптен керемет!


Шаңсорғышты қолға алайық!




Барлық бөлмелерді шаңсорғышпен тазалап шығу арқылы 200 калориядан арылады екенбіз. Бірақ, тек бөлмелердің ішін ғана емес, жиһаздардың шаңын қоса тазалағанда осындай нәтижеге қол жеткізесіз. Семіздікпен қош айтысып, сымбатыңызға айналаңыздағылардың көз алмай қарағанын қаласаңыз, үйдің ішін мұнтаздай таза етуге тырысуыңыз керек.


Ванна жуу



Қазіргі таңда жуынатын бөлмені ваннасыз елестету мүмкін болмай қалды. Қолдануын қолданғанымызбен, оны тазалауға ерініп жатамыз. Алайда, ванна жуу арқылы 90 калорияны жоғалтатынын білсе, кез келген қыз-келіншек бұл шаруаға да бар күшін салып кірісетініне күмәніміз жоқ.


Жиһаздардың орнын ауыстыр!



Үйдің ішін өзгерткіңіз келе ме? Бұл әйелдердің сүйікті ісі десек те болады. Ол үшін диванның орнын ауыстырып, шкафты жылжытып, асүйдегі заттарды әдеттегі қалпынан өзгертіп, үйдің ішін бір жаңартып тастаңыз. 25 минут бойы жиһаздардың орнын ауыстырар болсаңыз, 100-ден аса калорияны сіңіресіз. Үйдің ішіндегі өзгерістер, орын ауыстырулар көбейген сайын жоғалтатын калория мөлшері де арта түспек. Сондықтан да жалқаулыққа салынудан аулақ болыңыз. Әдемі мүсініңізді көз алдыңызға елестетіп, өз-өзіңізге мотивация бере отырып алға қарай жылжи беріңіз!


Ас әзірлеу де пайдалы



Түскі немесе кешкі асты дайындаймын деп 150 калорияны жоғалтатыныңызды білесіз бе? Сондай-ақ, ас әзірлеу кезінде пайдаланған ыдыстарды жуып, барлығын орын-орнына қоятын болсаңыз, мұндай қимыл-қозғалыстың өзін физикалық жаттығу жасағанмен тең дей беруге болады.


Әйнектерді сүрту



Әйнектерді тазаламағаныңызға қанша уақыт болды? Көптен бері бұл істі қолға ала алмай жүрген болсаңыз, іске кірісіңіз. Себебі 1 сағат терезе жуу - 230 калориямен қош айтысу деген сөз.


Кірлерді жайыңыз!



Кірді жаю да біршама уақытты алады. Кір жуғыш машинадан кірлерді алып, балконға немесе есік алдындағы арнайы сымға жаясыз. Бір күн бұрынғы немесе содан алдын жайылған кірлер кепкен болса жинап алып, жақсылап бүктеп, шифонерге жайғастыру керек. 45 минут уақытты тек кір жаю мен жинауға жұмсасаңыз, ешқандай фитнес орталығына барудың қажеті болмай қалады. Майлар өзінен өзі еріп, семіздікті мүлде ұмытасыз.


Өзіңізге де көңіл бөліңіз



Үй жинаймын деп әбден шаршаған боларсыз. Ендігі уақытты тек өзіңізге арнаңыз. Шашыңызды жуып, кептіріп, бетіңізге крем жағуға 35 минут жұмсадыңыз делік, пайдалы іспен шұғылдана отырып 100 калория жоғалтады екенсіз. Ең кереметі де осы емес пе?! Жалпы, қыз-келіншектерге өз сымбатын сақтау, қалыпқа келтіру еш қиындық тудырмауы керек. Әрбір істен ләззат алып, соңында айнаға қарасаңыз әлі-ақ көркіңізге көзіңіз тоймайтын болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Семірмейтін қыздардың 8 құпиясы


Тағамға нан қосып жеу - СЕМІЗДІККЕ апарар жол


Шашы тез МАЙЛАНАТЫНДАРҒА арналған СУПЕР диета