​Бойды ӨСІРУ үшін НЕ істеу керек?

0
3 848

15 секундтың өзінде айтарлықтай өзгерісті байқайсыз.


​Бойды ӨСІРУ үшін НЕ істеу керек?

иллюстрациялық сурет

Адамның жаратылысы қызық қой. Олар ешқашан өз мүсініне көңілі толмайды. Біреуі бойының қысқалығына кейісе, екіншісі сұлу болғысы келеді. Үшіншісі дөңгелек жүзінен ұялса, тағы біреуі дүрдиген ерінді армандайды. Әсіресе, бойына шағым айтатындар арамызда өте көп. Ендеше, түрлі айла-тәсілдер арқылы бойымызды өсіріп көрейік.

Адамның бойы неге байланысты өседі?

Адам ағзасының өсуі 25 жаста тоқтайды. Бұл жағдайға көптеген факторлар әсер етеді. Нақтырақ айтқанда:

  • Тамақ. Ағзаның өсуіне жеп-ішетін тамағымыздың құрамындағы дәрумендер мен басқа да пайдалы заттар тікелей ықпал етеді. Сондықтан да құрамы ақуызға, кальций, фосфор, темір элементіне бай тағамдарды үзбегеніңіх жөн.
  • Экология. Нашар экологияның өзі ағзаның өсіп-жетілуіне кері әсер етеді.
  • Бұлшықет. Біз үнемі бұлшықеттерімізді шынықтырып жүруіміз керек. Әсіресе арқа бұлшықеттерін жаттықтыруды естен шығармаңыз. Ол омыртқаның жұмысын жақсартып, өсуін жылдамдатады.

Бойдың өз уақытымен өсуі үшін тамағыңызға мұқият болыңыз. Мейлінше құрамы кальций мен темірге бай тағамдарды тұтыныңыз. Тамақтану мәзіріңізден сүт өнімдері, ірімшік, кефир мен творог үзілмесін. Оған қоса темір элементіне бай алманы да жиі жеңіз.

Бойды өсіру үшін тамақ қана емес, жаттығу да керек. Қазіргі таңда көптеген адамдар үшін өте өзекті болған тақырып. Осы ретте бойды ұзартатын әртүрлі жаттығуларды ұсынамыз. Оларды орындау өте оңай, жеңіл әрі және физикалық дайындықты қажет етпейді. Жас та, орын да таңдамайды. Ұсынылған кез келген жаттығуды жасауға бар-жоғы 10-15 минут уақыт кетеді. Ендеше өзіңізге ұнаған біреуін таңдап алып, күнде жасауға дағдыланыңыз.

иллюстрациялық сурет


  • Турникке тартылу. Бұл кезде ағзада қаншама өзгерістер болады. Бұлшық ет, омыртқа, білек, қол бір мезгілде жұмыс істейді. Тартылу арқылы аяғыңызға да салмақ түседі. 15 секунд тартылғанның өзінде айтарлықтай өзгерісті байқайсыз.
  • Тіке тұрып, аяғыңыздың арасын ашасыз. Алға еңкейіп, қолыңызды төмен түсіріңіз. Екі қолыңызды кезек-кезек айналдырыңыз. Қолдар арасындағы қашықтық шамамен 1 метр болу керек. Жаттығуды 20-40 ретқайталайсыз.
  • Тіке тұрып, басыңызды оңға-солға қисайтасыз. Иықы біркелкі ұстаңыз және мойын бұлшықеттерін барынша созыңыз. Қозғалыс тым тез болмауы керек, бір қалыпты тыныс алыңыз. Әр жаққа 10 қозғалыс жасаңыз.
  • Тіке тұрасыз, аяғыңызды ашпайсыз. Қолыңызды жоғары көтеріп, саусақтарыңызды айқастырыңыз. Баяу қимылмен еңкейіп аяғыңызға қойыңыз. Осылайша 15 рет қайталаңыз.
  • Еденде отырып, аяқтарыңызды айқастырыңыз. Қолыңызды кеудеңіздің тұсына қойып, саусақтарыңызды айқастырыңыз. Енді баяу қимылмен қолыңызды айқасқан күйде жоғары көтересіз. Бір-екі секунд жоғарыда ұстап тұрасыз. Жаттығуды 15 рет қайталау керек.
  • Фитнес доппен жаттығу жасаңыз. Допқа кеудемен жатып, бүйірінен қысып, қолыңызды біріктіресіз. Аяғыңызды еденге қойыңыз. Тұрақты қалыпты сақтай отырып, басыңызды көтеріңіз, мойыныңызды, арқаңызды және жамбасыңызды бір сапқа созыңыз. Содан кейін, қолыңызды арқаңызға ұстап, жауырынды біріктіріп, мүмкіндігіңіз жеткен биіктікке көтеріліңіз.
  • Ішіңізбен жатып, аяқ-қолыңызды созыңыз. Алдымен оң қолыңыз бен соң аяғыңызды көтересіз. Сосын сол аяқ-қолға ауыстырасыз. Жаттығу кезінде омыртқа созылады.
  • Еденде отырып, аяғыңызды мүмкіндігінше екі жаққа ашыңыз. Енді алға созылып қолыңызды ааяғыңызға тигізесіз. Жаттығуды кезектестіріп жасау керек.
  • Мүмкіндігінше жоғары секіріңіз. Әр жаттығудан кейін үзіліс жасап, қайтадан 20 рет секіруге тырысыңыз.

Мұндай жаттығулар тек өсуге ғана емес, сонымен қатар аяқтың, арқаның және іштің бұлшықеттерін нығайтуға және икемділік беруге көмектеседі.

Жаттығу жасау ережелері:

  • Бір тәсілден екіншісіне өтудегі үзіліс 1 минуттан аспауы керек;
  • Жаттығуды аптасына кемінде 2 рет жасаңыз. Жаттығуға 15 минут уақыт бөліңіз;
  • Нәтижеге тезірек жету үшін аптасына 6 рет және 1 сағат жаттығу жасаудан сақтаныңыз.


Дереккөз: stenka24.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Аяғыңызды КӨТЕРІП жатсаңыз НЕ болатынын білесіз бе?


Бұл ЖАТТЫҒУ дұрыс ТЫНЫС АЛУҒА көмектеседі