​ЕКІ-ақ МИНУТ жаттығу жасап, ЖОҒАРЫ ҚАН ҚЫСЫМЫН реттей аласыз

0
3 241

Бұл қаншама гипертоникті ауруынан біржолата айықтырған дәрігер Шишониннің авторлық гимнастикасы.


​ЕКІ-ақ МИНУТ жаттығу жасап, ЖОҒАРЫ ҚАН ҚЫСЫМЫН реттей аласыз

фото: infinity-mlm.com

Бүгінде жоғары қан қысымы жаста да, кәріде де кездеседі. Кез келген адамды қан қысымының неліктен жоғарылап кететіні емес, оны емдеу әдісі қызықтыратыны белгілі. Сондықтан да біз дәрігердің кеңесіне жүгінбей-ақ, үйде отырып орындауға болатын оңай гимнастиканы оқырман назарына ұсынып отырмыз. Бұл жаттығу көмегімен мыңдаған науқас ауруынан құлан таза айыққан.

Иә, гипертонияны дәрісіз емдеуге болады дейді халықаралық дәрежедегі терапевт, кардиолог, Нью-Йорктағы ғылыми академияның мүшесі Александр Шишонин. Пациенттерін әртүрлі әдістермен емдейтін дәрігер «Гипертонияны тек дәрі-дәрмек көмегімен ешкім толық емдей алмайды. Ал тек гимнастика жасау арқылы аурудан біржолата құтылуға болады» деп сенімді түрде айтады.

Ол көпжылдық тәжірибесіне сүйеніп, жоғары қан қысымын емдеу туралы «Киберөмір», «Тыныс алу жаттығуларының курсы», «Аяққа арналған емдік гимнастика», «Нейроонкологиядан кейін қалыпқа келтіру әдісі» атты кітаптарын жазған.


Дәрісіз емдейтін, медицина ғылымдарының кандидаты гимнастиканы ұсынбас бұрын гипертонияның пайда болуының негізгі себебін білу маңызды екенін ескертеді.

Басты себеп: Мойын омыртқасы қанайналымының нашарлығы; Мойында көп қан тамыры, жүйке жүйесі бар. Сондай-ақ ол басты мүшелер – ми мен жүрек орналасқан бас пен кеудені байланыстырып тұрған негізгі ағза. Осы ағзаның қанайналымы жақсы әрі мойын омыртқасы сау болса, онда қан қысымы да реттеледі.

А. Шишониннің дисертациясын қысқа да нұсқа айтқанда осындай. Оның авторлық гимнастикасы гипертонияны туғызатын осы негізгі мүше – мойынға арналады.



Гимнастиканың пайдасы

  • жүрек бұлшықетін шынықтырады;
  • мойын остеохондрозын емдейді;
  • гипертониялық ауруларды болдырмайды;
  • қан циркуляциясын, қан тамырларының тонусын қалпына келтіреді;
  • қан тамырларының өткізгіштігін жақсартады;
  • миды оттегімен қамтамасыз етеді;
  • бас ауруларын жеңілдетеді;
  • созылмалы ишемиялық бас-ми ауруына ем;
  • мойын омыртқааралық жарық операциясыз емделеді;
  • бүкіл ағзаның жұмысын жақсартып, денсаулықты нығайтады.

А. Шишонин «қан қысымыңыз жоғары ма, онда мойынға жаттығу жасаңыз» дегенді жиі айтады. Дәрігер қан қысымын реттеу үшін мойынға арналған мынандай 7 жаттығуды орындауға кеңес береді.


№1 Метроном

Ыңғайлы қалыпта отырыңыз. Кеуде тік, иық түзу болуына назар аударыңыз. Жаттығу барысында кеуде мен иық қимылсыз, бір қалыпта тұрғаны жөн.

Басыңызды оңға қисайтыңыз. Осы қалыпта тұрып іштей асықпай 15-ке дейін санаңыз. Содан соң басты солға қисайтыңыз да 15 секунд тұрыңыз.


№2 Серіппе

Кеудені тік ұстап, басты төмен салбыратыңыз, яғни иегіңізді кеудеге қарай жақындатыңыз. Осы қалыпта 15 секунд тұру керек. Сосын басыңызды шалқайтып, иегіңізді жоғары көтересіз де сол қалыпта 15 секунд тұрасыз.

«Серіппе» жаттығуын асықпай және ережеге сай орындаңыз. Өйткені бұл жаттығу желкеасты бұлшықетін, 1-ші және 2-ші мойын омыртқасының бұлшықеттерін созады, шынықтырады.



№3 Қаз

Үй құсы – қаздың басын төмен түсіріп мойнын бұрғанын көрген шығарсыз. Жаттығу қаздың сол бір қалпын еске түсіреді.

Кеуде мен иықты тік, өз қалпында ұстаңыз. Егер орындықта отырсаңыз, арқаңыз орындық арқаулығына тиіп тұрсын. Басты мейлінше төмен еңкейтіп, алға созасыз. Бірақ бетті тура ұстау керек, көзіңізбен жерге емес, алға тік қарайсыз. Алдымен басты оңға бұрып, иекті мейлінше жоғары көтеруге тырысыңыз, 15 секунд сол қалыпта тұрыңыз. Сосын басты солға бұрып, сол қалыпты сақтаңыз.

Бұл жаттығу мойындағы жүйке жүйесінің блоктарын босатады, мойынның иілгіштігін арттырады. 6-шы, 7-ші мойыномыртқасын созады.



№4 Аспанға қарау

Жаттығу желкедегі бұлшықеттер тобының 1-ші омыртқаға жалғасқан тұсына арналады. Мұндағы бұлшықеттер үнемі қозғалыста болса қан миға қажетті мөлшерде бара алады.

Тік отырыңыз. Алға тіке қараңыз. Қолдарыңызды екі жаққа бос тастаңыз. Басыңызды оңға бұрып, жоғары қараңыз. 10-15 секундтан соң, жаттығуды солға қарап қайталаңыз.

Жаттығу кезінде желке тұсындағы бұлшықетке ойыңызды шоғырландырыңыз, тартылуды және сол жерге күш түскенін сезінуіңіз маңызды.



№5 Рамка


Тік отырып, оң қолыңызды сол иыққа қойыңыз. Шынтақты тік әрі кеуде тұсында ұстау керек. Басты оңға бұрып, иекті оң иық үстіне тигізіп 15 секунд ұстаңыз.

Бастапқы қалыпқа оралып, сол қолмен оң иықты ұстап, басты солға бұрыңыз. Иек сол иықтың үстінде, осы қалыпта 15 секунд кідіріңіз.

Жаттығу барысында мойындағы саты бұлшықеттеріне күш түсіп, қанайналым артады. Иық синдромы ауруы емделеді.



№6 Факир


Екі алақанды бір-біріне түйістіріп, кеуде тұсына әкеліңіз. Сосын асықпай сол күйінде жоғары көтеріңіз. Яғни қолдарыңыз бастың үстінде тұруы керек. Кеуде, арқа тік болуы қажет. Басты оңға бұрып, сол қалыпта 15 секунд тұрасыз, асықпай алға қарап, кейін басты солға бұрыңыз. 15 секунд тұрыңыз. Жаттығуды орындау барысында екі алақанды бір-біріне күшпен түйістіріп ұстап тұрған дұрыс. Сонда кеуде бұлшықеттері шынығады.



№7 Құтан құсы

Құтан құсының қанатын керіп, мойнын алға созғаны сияқты орындалады. Жаттығуды отырып немесе тұрып орындауға болады. Кеудені көтеріп, иекті жоғары көтеріп, басты шалқайтыңыз. Екі қолды барынша артқа қарай тартып ұстаңыз. Осы қалыпта 15 секунд тұру керек. Иыққа, кеуде бұлшықеттеріне пайдалы.



Уақыты

Жаттығуларды физикалық жағдайыңызға қарай орындаңыз. Мысалы, 15 секунд бір қалыпты сақтап тұру қиындық тудырса, орындау техникасын үйреніп алғанша 5 секунд та жеткілікті. Ал егер нәтиже жылдамырақ болсын десеңіз, әр қалыпта жарты минут тұруға тырысыңыз. Сондай-ақ әр жаттығу арасында 30 секунд үзіліс жасауды ұмытпаңыз.

Жаттығулар кешенін алғашқыда бір ай бойы күніне бір рет қана жасау керек. Содан соң қан қысымы реттелгенше әр екі күнде бір рет орындаңыз. Соншалықты көп уақыт та жұмсамайсыз ғой, 7 жаттығуды орындап шығу небәрі 2-3-ақ минут қана. Бұны сіз сериал көріп отырып немесе жұмыс арасында-ақ орындай аласыз.


Есте ұстаңыз: алғашқы аптада жаттығуды күш салып орындауға болмайды. Сонымен қатар, бір рет оңға, бір рет солға бұрылу жаттығуын бірнеше рет қайталаудың қажеті жоқ. Жаттығудан соң қан қысымы жоғарылап кетсе, қорықпаңыз. Бұл қалыпты, жаттығу әсері деп қабылдаңыз.

Есте ұстайтын тағы бір жайт, жүкті әйелдерге, дене температурасы көтеріліп тұрған кезде, мойын аймағында жарақаты бар адамдарға жаттығуды жасауға болмайды.


Дайындаған: Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Күнде 1 МИНУТ осы қалыпта ЖАТЫҢЫЗ

Үйде жаттығу жасағанда МЫНА 10 ҚАТЕДЕН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ