ІШ ҚАТУ мен БАС АУРУЫН дәрі ішпей-ақ ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ

0
7 219

Ішкі құрылысыңыздың жақсы жұмыс істеуіне арналған бұл кеңестерді білетін бе едіңіз?


ІШ ҚАТУ мен БАС АУРУЫН  дәрі ішпей-ақ ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ

Ол үшін 8 түрлі жаттығу мен әр адам өзі жасай алатын массаж көмектесе алады. Бұл жаттығулар ішектердің жұмысын жақсартады. Сонымен қатар, ағзадағы қан айналымын қалыпты етіп, бұлшықеттерді шынықтырады.

Біздің бүкіл ағзамыздың саулығы ішектеріміздің жұмысымен тығыз байланысты. Астан қалып қойған қалдықтар, дұрыс тамақтанбау жағымсыз токсиндерді түзіп, бірнеше ауруды өзімізге "дос" етіп алуымыз мүмкін.

Ұйқысыздық, бас ауруы, қобалжу сынды жайсыздықтарды ішектің бізге беріп жатқан белгісі деп қабылдаңыз. Ал, егер іш қату жиілеп кетсе, бұл сіздің ішкі ағзаңызға көмек беру керек дегенді білдіреді. Әлбетте, дәріханаларда іш қатқанда берілетін дәрі-дәрмектің тізімі толып тұр. Дегенмен, дәріге жүгінгеннен де басқа көмектің бар екенін ұмытпаңыз. Ол үшін диафрагма мен жамбас бөлігіне арналған физикалық жаттығуды жасап көріңіз.


Алдын ала ескертеміз!

Егер жүкті болсаңыз, не болмаса кіндік грыжасы мазаласа, ішекте немесе он екі елі ішекте жара бар болса бұл жаттығулар мен массажды жасауға болмайды! Әрі қан қысымыңыз жоғары болса, етеккір уақыты болса да жасамағаныңыз жөн.


1-жаттығу

Шалқаңызбен жатыңыз. Тізеңізді сәл бүгіп, велосипед айдап бара жатқандай кезек-кезек қозғалтыңыз. Осылай 30 рет қайталап жасауыңыз керек.


2-жаттығу

Арқаңызбен жатқан күйде екі тізеңізді ішке қарай бүгіңіз, қайта көтеріңіз. Бұл жаттығу 10 рет қайталанады.


3-жаттығу

Арқамен жатып, екі аяқты жоғары созыңыз. Түзу қалыпта аяқтарыңызды басыңыздан асыруға тырысыңыз. 10-15 рет қайталасаңыз жеткілікті.


4-жаттығу

Арқамен жатып, аяқтарыңызды 15-20 рет бүгіп, көтеріңіз.


5-жаттығу

Тізерлеп тұрыңыз. Қолдарыңызды еденге қарай созып, тізелеріңізді кезек-кезегімен ішке қарай бүгесіз. Жаттығу 10 рет жасалынады.


6-жаттығу

Ауаны аузыңызбен жұтыңыз. Демді шығарарда ішіңізді босатыңыз. Ауаны аузыңыздан шығарыңыз, дем шығару кезінде, бүгіп, ішіңізді босаңсытыңыз. Осылай сәл тұра тұрыңыз. Бастапқы қалыпқа оралып, ауаны аузыңызбен жұтыңыз. Дем шығарған кезде ішіңізді ішке қарай тартыңыз және «үй» тәрізді болып арқаны бүгіңіз. 20-30 қайталап жасаңыз.


7-жаттығу

Тік тұрып, қолдарымызды жамбас тұсына түсіріп ішке қарай демімізді тартамыз. Терең дем алып, ішті босатамыз. 5-8 рет қайталау керек.


8-жаттығу

Жаттығуда бір орында тұрып жасалатын жүріспен аяқтаңыз. Яғни, тізені кезек-кезек жоғары көтеріңіз. Бұл жаттығуға 2-3 минут жеткілікті.


Өзіңіз жасауға болатын массаждың әдістері

1. Шалқаңыздан жатыңыз, дене барынша бос болсын. Оң қолыңызды ішіңізге қойып, сағат тілі бойынша айналдыра сипалаңыз. Уқалау кезінде қатты басуға, қысуға болмайды. Мейлінше жұмсақ жасалғаны дұрыс.


2. Арқаңызбен жатып табан доғасын уқалаңыз. Ол үшін арнайы массажерлардың көмегіне жүгінуге де болады.

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ.

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


АРҚАҢЫЗ ауырмасын десеңіз, күніне 3 МИНУТ жаттығу жасаңыз


Денсаулықтың 6 АЛТЫН қағидасы: КАЦУДЗО НИШИ ұсынған жапондық жүйе