Белдің, омыртқаның, іштің саулығы үшін үлкен фитбол доптарының пайдасы зор.
Бел-омыртқаның бұлшықеттері неғұрлым мықты болса, арқамыз соғұрлым сау болады. Ол үшін үнемі физикалық қозғалыста жүру қажет.
Қозғалыңыз!
Егер сіз күні бойы орындықта отырып жұмыс істейтін болсаңыз, қимыл-қозғалыс шектеле түседі. Қозғалыс аз болса, артық салмақ қосып алу да оңай. Оған қоса қан айналымының жұмысы баяулап, омыртқа тұсына да әсер етуі мүмкін. Ол үшін қозғалыссыз отырған уақыттың орнын толтырыңыз. Яғни, сізге аптасына 4-5 рет жаяу жүріңіз деген кеңес береміз.
Емдік дене шынықтырумен айналысыңыз!
Сіздің дене бітіміңізге, иілгіштігіңізге, бұлшықеттеріңіздің күшіне қарай физиотерапевттен жеке кеңес алуға болады. Арқаңызда мәселе туындап жатса, міндетті түрде инструктормен ақылдасқаныңыз жөн.
Доппен жаттығыңыз!
Кейінгі кездері доппен жаттығу жасау сәнге айналды. Сәннен бұрын оның емдік тұсы көбірек. Доппен жаттығу жасаудың бір ерекшелігі оның арқа мен бұлшықеттерді тепе-теңдікте ұстауында болып тұр. Белдің, омыртқаның, іштің саулығы үшін үлкен фитбол доптарының пайдасы зор. Тек өз бойыңызға ыңғайлы доп таңдау керектігін ұмытпаңыз!
Арқа қалпын жақсартыңыз!
Омыртқалардың ығыстырылуының үлкен қауіпі қисайып отыратындармен қатар, күні бойы тік отыратын адамдарда да болып жатады. Дегенмен, еңкейіп отыру қажет деу де жөнсіз. Арасында жантайып демалып алған дұрыс.
Мына кеңестерге құлақ асыңыз:
1.Бір қырынан және арқамен ұйықтау. Ішпен етпетінен жату арқаның майысуына әкеледі.
2.Төсектің қаттырақ болғаны жақсы. Ол арқаға, белге пайдалы.
3.Күніне бірнеше рет айнаның алдында еңсені тіктеп тұруды әдетке айналдырыңыз.
4.Жұмыс орныңызды тексерістен өткізіңіз. Орындықтың артқы жағын түзетіп отырып, аяғыңызды еденге қоюға мүмкіндік беріңіз (көздер монитор экранының деңгейінде болу керек). Сонда сіздің мойныңыз қажетсіз бүгілмейді.
5.Басыңызды тік ұстаңыз, ал ішіңіз шығыңқы болсын. Бұл арқа мен белдің майыспауына көмектеседі.
6. Қадамды «бірдеңе теріп» келе жатқандай баспаңыз. Ол кезде ауырлық толқыны денеге әсер етіп, жамбас пен омыртқаны қосқанда буындарға да қосымша ауырлық тудырады. Жаныңыздағы жақын адамнан сіздің жүруіңізді сипаттап беруін сұраңыз. Егер ол ауыр деп сипаттаса, біраз уақыт аяқтың ұшымен жүріп көріңіз. Бұл қозғалыс та арқаның саулығы, түзулігі үшін пайдалы.
Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,
Тағы да оқыңыз:
Денсаулықтың 6 АЛТЫН қағидасы: КАЦУДЗО НИШИ ұсынған жапондық жүйе
"БРАЗИЛИЯЛЫҚ БӨКСЕ" жасауға арналған ОҢАЙ әрі НӘТИЖЕЛІ 5 жаттығу