Көзіңіз НАШАР көре бастаса, МЫНА жаттығуды жасаңыз

0
7 780

Бүркіттей өткір көзді болғыңыз келсе жаттығуды күнде 7 минут жасау керек.


Көзіңіз НАШАР көре бастаса, МЫНА жаттығуды жасаңыз

Көру - адам баласының ең қажетті қасиеттерінің бірі. Кейде осы "байлығымызды" бағаламай жатамыз. Көздің көруі нашарласа да окулиске көріну үшін уақыт таппаймыз. Дегенмен, көзге қатысты білінер-білінбес симптомдарға де жеңіл-желпі қарауға болмайды. Мәселен, көзімізде пленка тәрізді зат тұрғандай болса да, күннің шағылысуын кемпірқосаққа ұқсатып жатсақ та, мұндай жағдайларды шаршағанымызбен байланыстырып жататынымыз бар. Бірақ үлкен аурулар осындай ұсақ-түйекке мән бермеуден шығады. Ал көзге арнаған массажды күніне 7 минут жасап жүрсек, көз ауруларын емдейтін орталықтардан алыстау боламыз.

Көзге жасалатын массаж биологиялық белсенді нүктелерге әсер етіп, көздің көргіштігін жасқсартады. Қимылды орындау қиын емес, ол үшін қолыңыз және жасауға ниетіңіз болса болды. Жаттығуды орындау үшін шынтағыңызды үстелге қойған ыңғайлы.


Қастың астындағы нүкте



Бас бармағымызбен қастың басталар тұсындағы сүйектің жанындағы ойықты тауып аламыз. Сол нүктені басқан кезде сәл ауырғаны сезілу керек. Бас бармақпен осы нүктені басып шығамыз.


Кеңсірік




Адамның денесі қаншама қимыл-қозғалысты жасайды. Әрбір дене мүшесінің өз қызметі бар. Соның ішінде адамдар шаршаған кезде немесе бірдеңені есіне түсіргісі келген кезде кеңсіріктің үстін қасиды. Бұл жайдан-жай емес екен, себебі оның үстінде белсенді нүктелер бар. Әсіресе, көздің жақсы көруіне ықпал ететін нүкте осы жерде орналасқан. Бас бармақ пен сұқ саусағымызды кеңсірікке қойып ақырындап массаж жасаймыз. 25-30 рет жасауға болады. Содан кейін тынысыңыз ашылып, иіс сезу қабілетінің жақсарғанын байқайсыз. Өйткені қанның айналуы жылдамдады.


Ұртқа арналған жаттығу




Екі саусағымызды мұрынның қанатына (крыло носа) қатар қоямыз. Мұрынға жақын тұрған бір саусақты аламыз. Екіншісі қалған нүкте - бізге қажетті нүкте. Бет сүйегінің астындағы тереңдеу жерін тауып сипалаймыз. Егер нүктені дөп тапсаңыз, әсерін бірден сезесіз. Себебі қан айналымы жақсарады.


Көзілдірік




Үлкен саусақтарымызды екі самайға қойып, қалғанын жұдырық қылып түйеміз. Сұқ саусақпен қастың тұсын уқалаймыз. Сосын көздің астындағы 4 нүктені самайға қарай уқалау қажет. 25 рет қайталау жеткілікті.


Көздің жақсы көруі үшін...

Бұл массаж бар-жоғы 1 минут уақытты алады, бірақ нәтижесі өте керемет. Екі нүкте де қарашықтың бойында жатыр.

Бірінші нүкте. Ол көздің орбитасы саналады. Айнаға қарап тұрып оңай табуға болады. Шаршаған кезде "көздің алды күлтеленіп кетіпті" деп жатамыз. Бұл нүкте дәл сол маңайда орналасқан. Ақырындап массаж жасаймыз.

Екінші нүкте. Бұл жаттығу жоғарыда көрсетіп өткен бет сүйегіне жасалатын массажға ұқсайды.

Көздің саулығына арналған "сиқырлы нүкте"

Әңгіме Тун Цзы Ляо туралы болып тұр. Бұл нүкте көздің қуысында орналасқан. Иероглифтерден аударғанда қарашық деген мағынаны білдіреді.

Нүкте өт қабының жолында бірінші болып тұр. Айтпақшы, бұл нүкте бүкіл денені бойлай өтеді: ол бас терісінен басталып, кішкене саусаққа аяқталатын бүйір бетімен де өтеді.Тун Цзы Ляонүктесіне массаж жасау - бұл көз түбімен және көз алмасымен байланыстыкатаракта, глаукома, миопия және басқа да көру ақауларының алдын-алу десе де болады. Бұл нүктеге күн сайын айналмалы қозғалыста массаж жасалады. Оны көздің сыртқы бұрышындағы орбита сызығы бойында таба аласыз. Басқан кезде ауырады. Бұл барлық биологиялық белсенді нүктелерге тән. Бірақ ауырсыну болмайды. Тун Цзы Ляо нүктесіне жасалатын массаждың пайдалы жағы әжімдерді болдырмайтындығымен де байланысты.


Қытай медицинасы көз аурулары туралы не дейді?

Тек қара экран ғана көзді қоректендіре алады. Мұнда біз көздің қараңғыда демалатындығы туралы айтып отырмыз.

Бір нәрсеге ұзақ қарап отыру көзді шаршатады. Компьютер,тіпті суреттер мен дойбы ойыны да көзге зиянын тигізуі мүмкін.

Жағымсыз әрекеттер:

  • Түнде сабақ оқу,күн батқаннан кейін кітап оқу, жиі жылау, көздің жасын қолмен сүрту зиянын тигізеді.
  • Басқа да зиянды әдеттер
  • Түтіннің ортасында ұзақ болу, мегаполистің түтіні, құмды далада тұру, өндірістегі зиянды қалдықтар, т. б.

Көзге зиянды тағамдар: өте ыстық және өткір. Ащы көкөністерді қосқанда пияз, сарымсақ, желкек, қыша да пайдалы емес.


Дереккөз: zen.yandex.ru

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Жаттығудан ЖАЛЫҚҚАНДА жекпе-жекпен шұғылданыңыз

ТІЗЕ, АЯҚ және ЖАМБАС ауырғанда МЫНА 6 жаттығу көмектеседі