​ТІЗЕ, АЯҚ және ЖАМБАС ауырғанда МЫНА 6 жаттығу көмектеседі

0
11 430

Бұл жаттығулар аяқ бұлшықеттерін нығайтады.


​ТІЗЕ, АЯҚ және ЖАМБАС ауырғанда МЫНА 6 жаттығу көмектеседі

Бүгінде елімізде де, әлемде де тізесі ауыратын адамдардың қатары көп. Созылмалы аурумен қатар, кейде кішігірім жарақат алып жататын жағдайлар да кездеседі. Тіпті кейде денемізге күш түсетін ауыр жұмыстарды атқарғанда да тізе мен аяқ ауырады. Осындай сәттерде қарапайым ғана жаттығу түрлерін жасап, тізе, аяқ пен жамбас тұсының ауырғанын жеңілдетуге болды.


Табанды көтеру



Алдымен орындықты алып, оған сүйеніп тік тұрыңыз. Сосын төмендегі қимылды қайталаңыз:

  • Бір аяғыңызды көтеріңіз.
  • Екінші аяғыңыздың өкшесін еденнен жайлап көтеріңіз. Түгелдей аяқтың ұшымен тұрғанша еденнен көтерілу қажет.
  • Содан кейін қайтадан өкшеңізді еденге баяу түсіріңіз.
  • Екі аяғыңызбен 10-15 рет қайталаңыз.

Бұл жаттығу тобықты нығайтады және тізе айналасындағы бұлшықеттерді қатайтады.


Аяқтың ұшымен жүру




Бұл жаттығуды үй шаруасымен қатар орындай аласыз. Аяқтың ұшымен тез жүру балтырды, аяқ саусақтарын нығайтады.

5-15 рет немесе шаршағанша осылай жүруге болады.


Тобықты айналдыру




Тобық мықты болу үшін бұл жаттығудың пайдасы зор:

  • Тұрып немесе отырған қалыпта бір аяғыңызды көтеріңіз.
  • Сол аяқтың тобығын шеңбер бойымен баяу айналдырыңыз.
  • Әр аяқпен сағат тілімен және сағат тіліне қарсы 10 рет айналдырасыз.


Қарсыласу жаттығуы




Бұл жаттығуды орындау үшін эспандер лентасы қажет.

  • Лентаны диванның аяғымен немесе кез-келген басқа жиһазға бекітіп алыңыз.
  • Тізеңізді сәл бүгіп, бір аяқты екінші аяғыңыздың астына өткізіңіз.
  • Жоғарғы аяқты лентаға салыңыз.
  • Лентаны аяғыңызбен баяу тартыңыз.
  • Екі аяқпен кезек-кезек 10-15 рет қайталаңыз.


Осылайша сіз аяқ бұлшықеттерін, сондай-ақ жамбастың ішкі және сыртқы бұлшықеттерін күшейтесіз.


Аяқ саусақтарына арналған жаттығу



Күнделікті жасалатын мына жаттығудың аяқ саусақтарына пайдасы мол.

  • Жай ғана саусақтарын қысасыз.
  • Немесе еденге сүлгі қойып, оны саусақтарыңызбен ұстауыңызға болады.
  • Сондай-ақ, еденге кішкентай тастарды қойып, оларды да саусақтарыңызбен алып, себетке лақтыруға тырысыңыз.


Доппен жүру



Табанды тынықтыру үшін доппен массаж жасау керек:

  • Теннис добын немесе шағындау кез келген допты алуға болады.
  • Орындыққа отырыңыз.
  • Табанның астына допты қойып, оны басып, айналдырыңыз. Баяу және қысыммен допты аяғыңызбен саусақтарыңызға және артқа айналдырыңыз.


Аяққа жассаж жасау


Егер күні бойы ұзақ жүргеннен кейін аяқтарыңыз ауырса, екі қолыңыздың бас бармақтарымен аяғыңызға массаж жасаңыз. Аяқ саусақтарын 15 минут ақырын уқалаңыз. Бұл аяғыңызды демалдырудың қарапайым және жылдам әдісі.


Дереккөз: adme.ru

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ҚАН ҚЫСЫМЫ жоғарыласа МЫНА нүктеге массаж жасаңыз


«Айкөне» жаттығуымен омыртқаны 21 күнде емдеуге болады – жаттықтырушы