Жауынгерлік өнер - адамға күш қуат беріп қана қоймай, оның бойындағы жігерді нығайтады.
Әдемі мүсінді әрі деннің сау болғаны жақсы, әрине. Бірақ кейде ең шыдамды деген адамның өзі фитнестен шаршайды. Жаттығу жасаудан жалыққандар оның орнын ауыстыратын қызықты бірдеңе іздейді. Осындай сәтте жаттықтырушылар жауынгерлік өнерге назар аударуды ұсынады. Себебі жекпе-жектің кез-келген түрі жаттығу секілді артық калорияны кетіруге және дене мүсініңізді мінсіз күйге келтіруге көмектеседі.
Ептілік пен икемділікті дамытатын жекпе-жек түрлері
Жекпе-жектің қай түрін таңдасаңыз да сізден міндетті түрде айла, ептілік және қозғалыс жылдамдығы талап етіледі. Бірақ нәзік жандарға жиі жарақат алатын әрі сыртқы келбетке зиян келтіретін жекпе-жектермен айналысудың қажеті жоқ. Бұрымдыларға жекпе-жектің мына түрлерін таңдауға кеңес береміз:
Капоэйру
Жекпе-жектің бұл түрі Бразилия елінде пайда болған. Ол өзіне күрес, би және акробатика элементтерін біріктіреді. Оңтүстік Америкада байырғы тұрғындары саналатын үндістер мен құлдардың шабуылы мен қорғаныс техникасына негізделген. Капоэйру дәстүрлі бразилиялық музыкамен бірге орындалады және сырт қарағанда ойынға ұқсайды. Икемділік пен иілгіштікті керемет дамытады.
Айкидо
Айкидо — жаудың күшін өзіне қарсы қолданатын жекпе-жек түрі. Шығыс жекпе-жектерінің ішінде ең танымалы осы айкидо. Дененің барлық бөлігіндегі бұлшықетті нығайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ өзіңізге сенімділікті арттырып және сізді қарсыластқа тойтарысе беруге физикалық және моральдық тұрғыда дайындайды.
Ушу
Қытайда пайда болған жекпе-жектің бұл түрі терең философиялық мәнге ие. Жауынгерлік өнер негізінен еке жаттығу кешеніне бөлінеді. Бірі -гимнастикалық, екіншісі - жауынгерлік. Көптеген жаттығулар баяу қарқынмен орындалады және ол барлық бұлшықет тобын нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге жылдам жаттығулар кешені де бар. Бұл жаттығулар сымбатты болуды қалайтындарға арналған.
Тай боксы
Күні бойы жиналған жағымсыз жағдайлар мен көңілді түсірген келеңсіздіңтерден құтылу үшін ырғақты музыкаға арналған бокс қозғалыстарының көмегіне жүгінсеңіз болады. Тай боксының классикалық бокс айырмашылығы аяқпен де соққы жасауға болады. Қол да, аяқ та жаттықандықтан артық салмақтан оңай арылып, 3 ай өткен соң-ақ нәтижесін көресіз.
Дереккөз: dolio.ru
Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,
ERNUR.KZ
Тағы да оқыңыз:
ТІЗЕ, АЯҚ және ЖАМБАС ауырғанда МЫНА 6 жаттығу көмектеседі
БҮКІРЛІКТІ 10 секундта ТҮЗЕТУГЕ болады