​Мына ФЕЙС-ФИТНЕС сізді 10 жылға ЖАСАРТАДЫ

0
1 547

Бар болғаны 5 минут уақытыңызды бөлсеңіз жеткілікті.


​Мына ФЕЙС-ФИТНЕС сізді 10 жылға ЖАСАРТАДЫ

фото: jpboisson.com

«Жасыңыз қаншада? Өте жас көрінеді екенсіз» деген жағымды сөзді естігісі келмейтін әйел жоқ шығар. Тіпті, ер-азаматтардың өзіне бұл сөз ұнайды. Әрине, мұндай жағымды әрі сұлу сөзді есту өз қолыңызда екенін біліңіз. Ол үшін бар болғаны – әрекет жасайсыз. Мәселен, мына 6 фейс-фитнес сізді жастық пен сұлулық әлеміне жетелейді.

Бүгінде салбыраған бет терісін қалпына келтіретін неше түрлі емдік процедуралар бар. Терісінің тартылып, әжімнің ізін білдірмеу үшін ине салдыратындар да жоқ емес. Алайда бұл уақытша шешім екенін ескеріңіз. Жастық қалпыңызды ұзақ әрі табиғи жолмен сақтау үшін беттегі бұлшықеттерді жаттықтыру керек. Ендеше мына қысқа әрі қарапайым жаттығулар кешенін бастаңыз.


1. Омыртқаның осьтік тартылуы

Денеңізді тік ұстайсыз, басыңызды шамалы жоғары көтересіз. Бейне бір басыңызды көрінбейтін жіп жоғарыға тартып тұрғандай сезілу керек. Кеудеңізді көтеріңіз, жауырынның қақ ортада тұрғанын қадағалаңыз. Тура осылай жасалатын жаттығуды күнделікті қайталасаңыз, қосымша иектен арыласыз, беттің пішіні қалпына келеді, мойын мен омыртқаның саулығы жақсарады, мойыныңыз ұзарып, әжімнен арыласыз.


2. Шаштың тартылуы

Шашыңыздың бір талшығын қолыңыздың ұшымен ұстап, жоғарыға тартыңыз. Содан кейін кезек-кезек екі жаққа жылжытасыз. Осылай 30-60 секунд бойы жасасаңыз, бет терісі балғын әрі жылтыр болады. Одан бөлек, беттің ісінгенін кетіреді.

Уақытты үнемдеу үшін мұндай жаттығуды шашты жуу кезінде, маска немесе бальзам қолданғаннан кейін жасауға болады.


3. «Ожау» жаттығуы

Ыңғайланып отырыңыз немесе тік тұрасыз. Арқаңызды тік ұстап, басыңызды жоғары көтеріңіз. Содан кейін басыңызды оңға бұрасыз. Иекті сәл көтеріп, жағыңызды алға қарай созыңыз. Осы кезде мойын мен иектің бұлшықеттерінің қаншалықты созылғанын сезесіз. Енді иегіңізді алақаныңызбен 20 секундқа басыңыз.

Содан кейін басыңызды солға бұрып, жаттығуды қайталайсыз. Ерінбей жаттықсаңыз төменгі жақтың әжімі кетіп, қосымша иектен арыласыз. Мойын мен иек бұлшықеттері босаңсып, басыңызды қисайту әдетінен құтыласыз.

фото: korenovsk-rc.ru

4. «Қалпақша» жаттығуы

Жаттығу жасау үшін бізге шағын әрі жеңіл қалпақша керек. Енді ерніңізді босатып, үстіне қалпақшаны қоясыз. Аузыңыздың ашылмағаны тісіңіздің көрінбегені маңызды. Ерінді қысуға болмайды. Жаттығу кезінде еріннің қыртыстанып қалмағанын қадағалаңыз. Бұл жаттығуды 20-30 секунд немесе одан да көп уақыт жасауға болады. Егер сіз бәрін дұрыс жасасаңыз, еріннің жұмсарғанын байқайсыз. Оған қоса, сызығы көрініп, әжімді кетіреді.

Ең бастысы, ерінді тістеу әдетінен арыласыз.


5. Самай мен көздің бұрышын көтеру

Алақаныңызды самайға қойып, 2-3 мм-ге сәл жоғары тартыңыз. Аузыңызды 20-30 рет баяу және кең ашып, жабыңыз. Жаттығу кезінде алақан астындағы бұлшықеттердің қозғалысын сезіну керек. Сонда самайыңыз бен көздің бұрыштары жоғары көтеріліп, қабағыңыздың сыртқы бөлігі көтеріледі.


6. Қасықпен жасайтын жаттығу

Сізге жеңіл шай қасық қажет. Ерніңізді жиырып, шай қасықты қойыңыз. Оны ұстап тұрып, бет сүйектеріңізбен самайға қарай баяу күлесіз. Күлімсіреп 5 секунд тұрасыз. Сосын бұлшықеттеріңізді босаңсытыңыз. Еріннің бұрыштары көтеріліп, бір-бірінен қозғалмайтынына көз жеткізіңіз. Жаттығуды 20 рет орындасаңыз, жоғары бет сүйектеріндегі мұрын мен еріндегі қатпарлар азайып, ерін үлкейеді.


Бұл жаттығу оңай көрінгенімен, жасау барысында аздап қиыншылықтар кездеседі. Бірақ ол біздің мақсатымызға кедергі келтірмеуі тиіс. Жастығымыз бен сұлулығымызды сақтау үшін күн сайын 5 минут жаттығуға әдеттенейік. 5 минуттың өзі керемет нәтиже сыйлайды.


Дереккөз: aif.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


АРҚАҢЫЗ ауырса мына ЖАТТЫҒУДЫ жасаңыз


Бір орында жүгіру – көп аурудың алдын алады