СӘБИ СҮЮГЕ көмектесетін ЖАТТЫҒУ - "емдік гимнастика"

0
4 849

Әйел заты үшін артық салмақтан арылу, әдемі дене сымбатын сақтаудан бұрын ана атану бақыты маңыздырақ...


СӘБИ СҮЮГЕ көмектесетін ЖАТТЫҒУ -

Фитнестің бір түрі саналатын стретчинг бұлшықеттің созуылуына ықпал ететін жаттығулардан тұрады. Өз алдына бөлек спорттық жаттығу түрі болып саналатын стретчингпен қарапайым адамдармен қатар кәсіби спортшылар да айналысады. Себебі, бар күш-қуатын спортқа арнағаннан кейін бұлшықетті созу арқылы олар денені тынықтырады. Спортшылар бұл жаттығу түрін емдік гимнастика деп те атап кеткен. Бір сөзбен айтқанда, стретчинг - созылу дегенді білдіреді.


Қалай айналысу керек?

Әйел заты үшін артық салмақтан арылу, әдемі дене сымбатын сақтаудан бұрын ана атану бақыты маңыздырақ. Стретчинг бойдағы комплекстерді жоюмен бірге жүйке жүйесінің жұмысын, бұлшықеттердің пішінін қалыпқа келтіреді. Әрі ағзадағы зат алмасу процесін жақсартады. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Сондай-ақ, терінің қартаю процесіне тосқауыл бола алады. Әйел ағзасының қызметі жақсарады, әсіресе жүктілікті жоспарлаған болсаңыз, стретчингтің көмегі орасан екенін біліп жүргеніңіз абзал.


Стретчингтің бала көтеруге ықпалы бар екенін медицина да жоққа шығармайды. Стретчингпен 6 ай шұғылданған әйелдің бала көтеру мүмкіндігі арта түседі. Сол арқылы жатырдағы қан айналымы жақсарады.


Созылу жаттығуларының ұзақтығы 45 минут, 1 сағат болу керек. Жиілігі аптасына 2-3 рет болғаны жөн.


Стретчинг қандай жаттығулардан тұрады?

Қыздырыну. Кез келген спортта жақсы нәтиже алу үшін әр жаттығудың алдында денені қыздырып алу қажет. Жарақат алып қалмас үшін де қыздырынып алған дұрыс. Стретчинг те соны талап етеді.


Етбетіңізден жатып аяқты желкеге дейін созу арқылы бел, омыртқа, жамбас, буын қызметі жақсарады. Өйткені, созылу жаттығулары кезінде жамбас бөлігі жиі қозғалады. Бұлшықетті осылайша созу жаттығуларын жасаған кезде жатырда адреналин бөлініп, аналық жұмыртқаның қызметі күшейе түседі.


Арқа жаттығуы

Арқаңызбен жатып екі қолыңызды еденге қоясыз. Тізені сәл бүгіп, жамбасты көтеру арқылы жасалатын жаттығу да керемет әсер береді. Ол буындардың икемділігін, қозғалыстың жеңіл болуын сақтайды.

Арқаңызбен жатып аяғыңызды басыңызға дейін әкеліңіз. Табаныңыз маңдайға дейін жететін болсын. Дәл сол қалыпты 15 секунд ұстауға тырысыңыз. 6-8 рет қайталау керек. Бел-омыртқа қызметін реттейді, арқаңыз түзу көрінеді.


Шпагат

Әлбетте, кез келген әйел шпагатқа отыра алмайды. Дегенмен, аяқтарымызды созып, талпынудың өзі белдің, жатырдың қызметін жақсартады. Бұл жүкті болған әйелдің жеңіл босануына да ықпал етеді. Сонымен қатар, шпагатқа отыру арқылы аяқтағы тамырдың кеңеюін (варикоз) кетіруге болады. Тамыр кеңеюі жүкті әйелдер арасында да жиі кездесіп жүрген дерт.


Стретчинг дұрыс дем алуды үйретеді. Әдетте әйел заты қатты толғақ қысқан кезде денені жиырып алуға икемді болып тұрады. Ал, ағзаның жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін дем жаттығулары босану кезінде жеңілдік беріп, медициналық қайшының араласпауына көмегін тигізеді.


Сіздерге бірнеше стретчинг жаттығуларын ұсынамыз


Тік тұрыңыз. Аяғыңызды кезек-кезек тізеге қарай бүгіңіз. Оң қолды көтеріп, барынша созыңыз. Қолыңызды төмен түсіріп, сол қолыңызбен қайталаңыз.Екі қолыңызбен 3-5 рет жасап қайталаңыз.

Отырып, аяғыңызды кең ашыңыз. Сол қолды сол аяғыңыздың үстіне қойыңыз. Оң қолмен басыңызды ұстап,15-20 секунд солға қарай иіліңіз. Осы жаттығуды екінші жағынан қайталаңыз. 8-10 рет қайталасаңыз жеткілікті.

Аяғыңызды кеңінен ашып, жерге отырасыз. Екі қолыңызды алға қарай созып, алдымен сол тізеңізге, кейін оң тізеңеізге қарай бүгесіз. 6-7 рет қайталау керек. Аяқты созу жаттығулары арқылы артық майлардан арылтады.


Стретчингпен бірнеше ай тұрақты айналысу жан-жағыңыздағы жақындарыңызға ағзаңызда әдемі бір өзгерістің бар екенін аңғартпай қоймайды. Бұл өз күш-жігеріңізді арнауға тұрарлықтай нәтиже емес пе?!

Дайындаған: Н.Налтай,

ERNUR.KZ