САЛБЫРАҒАН қарыннан ТЕЗ АРАДА құтылудың ЕҢ ДҰРЫС әдістері

0
5 159

"Алжапқыш" - іштің төменгі бөлігіндегі тері астындағы майлы қатпардың салбырап түсуі.


САЛБЫРАҒАН қарыннан ТЕЗ АРАДА құтылудың ЕҢ ДҰРЫС әдістері

Жаңа жыл мерекесінен кейін арулардың артық салмақ қосып алуы ғажап емес. Тағамның түр-түрі жайнап тұратын дастарханнан дәм тата отырып, ішіміздегі майды, созылған теріні байқамай қаламыз. Оның үстіне бірнеше күнгі демалыстар тағы бар. Жұмыс күндерінің өзінде көбіміздің қозғалысымыз аз. Компьютер алдында, бір орында жұмыс істейтіндер үшін салмақ қосу мен іштегі терінің созылып кетуі жиі кездеседі.


Іште "алжапқыш" қалай пайда болды?

"Алжапқыш" деп отырғанымыз іштің төменгі бөлігіндегі тері астындағы майлы қатпардың салбырап түсуі. Нәзік жандылардың сымбатына сын келтіретін мұндай «ақаудың» пайда болуының бірнеше себеп бар. Мысалы:


Артық салмақ әрдайым осындай қатпардың әрі бірнешеуінің пайда болуына ықпал етеді.


Кесар тілігімен босанудың да іштің салбырауына әсері бар. Бірақ бұл "алжапқышты" оңай кетіре алмайсыз. Ол үшін біраз күш жұмсауыңызға тура келеді.


Бірден салмақ жоғалтқаннан кейін созылған теріден бір емес, бірнеше қатпар пайда болады.


Арқа бұлшықеттерінің әлсіздігі. Серуендеу, тұру және арқаны еңкейтіп, қисық отыру әдеті біртіндеп іштің шығуына әкеледі.


Іштің бұлшық еттерінің тонусын жоғалтуы. Көбінесе жүктілік пен босанғаннан кейінгі созылған бұлшықеттер нәтижесінде пайда болады. Бірақ әдетте бұл физикалық белсенділік пен күнделікті физикалық белсенділіктің болмауымен байланысты.


Эндокриндік жүйенің жұмысымен және әртүрлі аурулармен байланысты себептер. Мысалы, егер қалқанша безі нашар жұмыс істесе, онда бұл асқазанға майдың көп түсуіне ықпал етеді. «Алжапқыштың» қалыптасуына қант диабеті де әсер етеді.


Бірақ, сіздің теріңіз қаншалықты созылып кетсе де, сіз оны жоғалта аласыз. Арнайы жаттығуларды жасау арқылы шіңізді тегіс әрі әдемі етуге болады.


Қандай жаттығу көмектеседі?

Жаттығудан бұрын, ең алдымен дұрыс тамақтануды бастағаныңыз жөн. Егер біз дұрыс тамақтанбасақ, тіпті ең тиімді жаттығулар мен әдістер «алжапқыштың» жоя алмайды. Дұрыс тамақтану - басты көмекші.

Танымал натуропат-дәрігер Нигма Талиб 80 пайыз дұрыс тамақтану, ал 20 пайыз тағам пайдалы емес тамаққа арналуы керек деген пікірді ұстанады. Неге? Өйткені, адам баласы бірыңғай дұрыс тамақтанып жүріп, арасында фаст-фуд немесе басқа да зиянды тағамдарды тұтынып қойса, өзін кінәлап жүруі мүмкін. Сол себептен арасында бұрыс тамаққа да жол беріп тұруды айтады. Дегенмен, ол өте аз ғана мөлшерде болуы тиіс.


Ішке арналған массаж

«Алжапқышты» массажсыз кетіре алмаймыз. Неліктен? Өйткені, бұл қатпар тек майлы қалдықтар ғана емес, сонымен қатар терінің артық мөлшері. Ал терінің аумағы массаж көмегімен ғана азаяды. Ең дұрысы – LPG-массаж. Бұл тері аймағын тез азайтуға және серпімділігін арттыруға көмектеседі, емдеу аймағында метаболикалық процестерді жеделдетеді. Мұндай массажды жасау іштегі май қатпарларын азайтуға мүмкіндік береді. Үй жағдайында вакуумды банкалар арқылы да массаж жасауға болады. Дегенмен, банкаларды дұрыс қолдана алмасаңыз, денеде көгерулер, іздер қалуы мүмкін.

Алайда, массаждың кез-келген түріне қарсы көрсеткіштер болатынын ұмытпаңыз. Атап айтқанда, тамыр аурулары, жүктілік, асқазан-ішек аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және т.б. Сол себепті алдымен дәрігерден кеңесін алған артықтық етпейді.

Ең қарапайым әдіс – ішті сағат тілі бойынша уқалау. Егер банка қойғыңыз келсе, кіндік тұсына тиісуге болмайды. Іш бұлшықеттері босаңсыған күйде болу керек.



«Вакуум» жаттығуы


Бұл өте тиімді жаттығу. Оның бірнеше себебі бар. Ең алдымен, іштің көлденең бұлшықеті қатысатындығына байланысты. Сонымен қатар, «вакуум» іш қуысының массажы саналады. Ол іштегі майлардан тезірек арылуға көмектеседі.


Жаттығуды қалай жасайды?


Классикалық нұсқа тік тұрған күйде орындалады. Аяқтар иықтың енінде, қолдар жамбас тұсында, тізе сәл бүгілген. Терең тыныс алып, мүмкіндігінше ішіңді тартыңыз. Ішкі мүшелері де тартылады. Диафрагманың жоғарылау сезімі байқалады. Осы қалыпты мүмкіндігінше ұзақ уақыт ұстап тұрыңыз. Содан соң бір деммен ішіңізді жоғарыдан төменге қарай түсіре отырып, демалыңыз.10-15 рет қайталаңыз. Егер сіз жаттығуды бірінші рет жасасаңыз, онда 2-3 рет жеткілікті. Қысқа үзіліс жасаңыз. Тағы да 10-15 қайталау тәсілін қолданыңыз.

«Вакуум» Шварценеггер жаттығуы деп те аталады. Актер дәл осы әдісті жиі көрсеткен және оның денесінің жоғарғы бөлігі ірі болғанына қарамастан әрқашан жіңішке белімен ерекшеленген.


Ал негізінде бұл жаттығу бізге йогадан келген. Мұны «Маха Бандха» - «Үлкен құлып» деп атайды. «Вакуум» жаттығуын отырып, арқаңызда жатып, төрттағандап тұру арқылы да жасауға болады.


Көпір, балық жаттығуларының да іш бұлшықеттеріне пайдасы зор. Арқаға арналған жаттығулар да өз септігін тигізеді. Себебі, арқаны неғұрлым тік ұстасақ, іш те тегіс бола түседі.

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Жатырдың төмен түсуін жаттығумен емдеуге бола ма?


Жаттығудан кейін жасауға болмайтын 10 әдет