ШАШтың түсуін ТОҚТАТАТЫН жаттығу бар

0
3 428

​Егер шашыңыз көп түсетін болса, бірден дәрінің көмегіне жүгінудің қажеті жоқ.


ШАШтың түсуін ТОҚТАТАТЫН жаттығу бар

Қолаң шаш - сұлулықтың белгісі. Ол әйелдің ажарын ашып, көркін одан сайын көріктендіре түседі. Білектей етіп өрген бұрымын арқасына тастап, сылаң қаққан қызға қарасаң көз тояды. Дегенмен, қолаң шашты ару атану оңай шару емес. Көптеген қыз-келіншектер арасында шаштың сұлулығы мен сымбатын сақтап қалуда бір мәселе туындап жатады. Бұл - шаштың шамадан тыс түсуі. Ал мұндай жағдайда не жасау керек? Дереу дәрінің көмегіне жүгінудің қажеті жоқ. Жаттығумен де шаш түсу мәселесінің шешімін табуға болады.

Шаштың түсуін тоқтату үшін қан айналымын жоғарылататын йога жаттығуларын орындау керек. Өйткені, шаш жоғалтудың жиі себебі - бас терісіне қанның жеткіліксіз жетуі. Гинко билоба сияқты шөптер қан айналымын жақсартады. Сол үшін де шаштың түсуін емдеуде көбінесе осы шөп қолданылады. Йога да дәл сондай әсер береді.


1.«Төмен қараған ит тұмсығы» жаттығуы

«Төмен қараған ит тұмсығы» немесе Адхо мукха шванасана - бұл классикалық йога позасы. Бұл жаттығу мидағы қан айналымын жақсартады. Аталған жаттығуды дененің барлық бұлшықеттері қызғаннан кейін жасау керек.


Жаттығуды орындау үшін:

- Төрт тағандап тұрыңыз, арқаны тіктеңіз, аяқтар еденде тұру керек, қолдарыңыз иық деңгейінде тұрсын.

- Қолдарыңызды керіп, аяқтарыңызды өзіңізге алыңыз, беліңізді жоғары және артқа көтеріңіз.

- Тізелеріңізді түзетіп, өкшеңізді еденге тигізуге тырысыңыз. Сіздің денеңіз төңкерілген «V» белгісін көрсетіп тұруы керек.


2. «Үлкен саусақ» жаттығуы


"Падангустасана" - оңай орындалатын жаттығу. Оны йогамен енді айналысып бастағандар да еркін жасай алады.


Жаттығуды жасау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

- Тұрған қалпыңызда аяқтарыңызды иық деңгейінде ашасыз. Арқа мен аяқ түзу, тік болуы тиіс. Алға қарай тізені бүкпей еңкейіңіз. Маңдайыңыз тізеге тию керек.

- Қолыңызды созып, аяғыңыздың саусақтарына жеткізіңіз. Деміңізді ішке ұстамаңыз. Бұл жаттығу басымыздағы қан айналымын жақсартады.


3.«Отырған күйде аяққа қарай иілу» жаттығуы

Отырған күйде аяқты алға түзу етіп созыңыз. Пашчимоттасана қимылы - бұл үлкен саусақтың қозғалысы. Мұндай йога қимылы қан айналымын жақсартып, миды оттегімен қамтамасыз етеді. Осылайша шаштың қатаюына ықпал етеді.

Ол үшін:

- Кілемшеге отырыңыз және аяқтарыңызды түзу етіп созыңыз. Арқа әдеттегідей түзу болу керек. Қолдарыңызды алға созыңыз.

- Ақырындап аяқтарыңызға қарай алға еңкейіп, арқаңызды алға созып, қолыңызбен аяқ саусақтарына жетуге тырысыңыз. Маңдайыңызды аяғыңызға тигізіңіз. Баяу бастапқы күйге оралыңыз.


4. «Түйе» жаттығуы

«Түйе» немесе «Утрастана» жаттығуы күні бойы офисте отыратын немесе аяқта тік тұрып жұмыс істейтін адамдар үшін пайдалы. Сонымен қатар, мидағы қан айналымын жақсартады, шаштың түсуін азайтады.

- Бастапқы қалып, тізеге отыру, қолды төмен түсіріп, артқы жақты ұстау.

- Қолыңызбен өкшеңізге жетуге тырысып, баяу артқа қарай шалқайып, өкшеңізді ұстаңыз. Арқа артқа қарай майысып, басыңыз артқа қарай иіліу керек. Жамбас еденге перпендикуляр болсын. Баяу қолдарыңызды өкшелеріңізден алып, бастапқы қалыпқа оралыңыз.


5. «Савасана» жаттығуы

«Савасана» позасы шаштың түсуіне себеп болатын күйзелісті басады. Сондай-ақ, оны жүзеге асыру барысында қан айналымы қалыпқа келеді.

Жаттығуды орындау үшін:

- Жерге шалқаңыздан жатыңыз. Аяқты иық деңгейінде ашыңыз, денеңізді босаңсытып, қолдарыңызды созып, алақандарыңызды жоғары қаратып қойыңыз. Денеңізді толыққанды демалдыруға, бос ұстауға тырысыңыз.

- Ойыңыздағы барлық дүниені, сезімді бір сәтке сыртқа шығарып тастаңыз. Миыңыз бос жатуы тиіс.


6. «Абдоминальды тыныс алу» жаттығуы

Аталған жаттығу стресстен құтылудың бірден-бір жолы. Жаттығуды отырып және жатқан күйде жасау керек.

Қолыңызды ішіңізге қойыңыз.

Үшке дейін іштей санап, ішіңізді сыртқа шығарып дем жұтыңыз. Содан соң деміңізді шығарып, ішті қайта орнына келтіріңіз.


7. «Тікелей мұрынмен тыныс алу» жаттығуы

Аяғыңызды айқастырып, ыңғайлы отырыңыз. Иығыңыз бен жағыңызды босатыңыз. Сол қол сол жақ тізеге сүйенеді, алақан жоғары тұру керек.

Оң қолдың бас бармағын мұрынның оң жағына қойыңыз. Сұқ саусақ пен ортаңғы саусақтардың ұштарын қастардың арасына, ал аты жоқ саусақ пен кішкентай саусақты сол жақ мұрынға қоямыз.

Дем шығару кезінде оң жақ танауды сұқ саусақпен жабыңыз. Сол жақ танау арқылы дем шығарамыз.

Сол жақ танауы арқылы дем алыңыз, содан кейін аты жоқ саусақпен жабыңыз. Одан әрі мұрынды ашып, оның көмегімен дем шығарыңыз.

Оң жақ танау арқылы дем шығарыңыз, содан кейін оны сұқ саусақпен жабыңыз. Сол жақ танау арқылы дем шығарыңыз. Осымен тыныс алу циклі аяқталды.


Йога - шашты түсіретін маңызды себептің бірі саналатын стрессті басқарудың бір ғана бөлігі. Тек жаттығумен ғана шектеліп қалмай, ұйқыны және дұрыс тамақтануды өмір салтыңызға енгізіңіз. Және де, жалбыз бен гүлшетен сияқты табиғи дәрі-дәрмектер шаштың түсуіне қарсы тиімді болатынын да еске саламыз.

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Жаттығу кезінде су ішуге бола ма?


Тобығыңыз ІСІП КЕТСЕ, бір мезгіл ЖАЛАҢАЯҚ жүріңіз